Кіршіксіз рамазан үшін abu productive


Кіршіксіз Рамазан үшін 30 кеңес



Pdf көрінісі
бет14/22
Дата15.04.2023
өлшемі1,77 Mb.
#82876
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22
Байланысты:
12.Кіршіксіз Рамазан үшін 30 кеңес

23
Кіршіксіз Рамазан үшін 30 кеңес


13 
КҮН 
Өзіңді енжар сезініп жүрмісің?
Рамазан айын сауапты өткізуге негізгі кедергі – сауапты 
амалдарды жасаудағы тұрақсыздық.
Егер саған Рамазан айының басында оп-оңай жасап 
жүрген сауапты амалдарды іске асыру, Құран оқу және 8 
ден 20 рәкағатқа дейінгі тарауих намазына тұру қиындап 
жатса, онда бұл істеріңді тоқтатпас бұрын, біздің 
кеңесімізге құлақ түріп көр: 
ТҰР ДА, АМАЛ ЕТ! 
Ең алдымен кішкентай игі амалдардан баста, бастысы, 
алғашқы қадамды жаса!
Құран аяттарын оқи баста! Екі рәкағаттан тұрып тарауих 
намазын оқы. Сауапты амалдар жасап, садақа таратумен 
айналысып жүрген адамдардың қатарына қосыл. Бос 
уақытыңды осылайша өткізіп, өзіңді ізгі амалдар жасап 
жүрген жандармен қорша. 
Бір бастасаң, жүрегің мен бар ойың осы үрдісте болады. 
Тек қана бірінші қадамды жасай білу керек. 
24
Кіршіксіз Рамазан үшін 30 кеңес


14 
КҮН
Сол сезімді аңсайсың ба?
Жақсылық жасаудағы «физикалық» кедергіні аттап 
өткеннен кейін, ментальды барьерден өтетін уақыт 
келді. 
Өзіңнен былайша сұрап қара 

Сауапты амал жасаудағы алғашқы қадам несімен 
жаман? 

Бұған дейін маған не кедергі болды? 

Игі амал жасап жүрген жоқпын-ау деген сезімнен 
қалай құтыламын? 
Біз бұл сұрақтарға жауап бермейміз.
Бұл сұрақтар Саған арналған.
Сен Рамазанның басында сезінген сезімді сағынатын 
боларсың, тек ең бастысы қазір ораза тұта алмаймын 
деген ойдан аулақ бол! 
25
Кіршіксіз Рамазан үшін 30 кеңес


15 
КҮН 
Жарты жолға келдің бе?
Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар: 
С: Физикалық шаршау мен еріншектікті қалай ажыратуға 
болды? 
Ж: Өзіміздің еріншектігімізді физикалық шаршаумен 
бүркемелеу оңай. Тарауихқа тұрған кезде аяқтарымыз 
қалтырап, Құран оқыған кезде көздеріміз жұмыла 
береді, алайда мешіттен шыққан тұста, Құранды жапқан 
кезде өзімізді сергек сезіне бастаймыз. Біз осы 
мәселеде, яғни біз шаршап емес, жәй әншейін 
еріншектеніп жатқанымызға өте мұқият болуымыз 
керек. 
Еріншектіктің себебін табуға тырыс: шынайылықтың 
жоқтығы, әлсіз иман, жақсы іспен рахаттануға жасаған 
күнәларың кедергі ме? Аллаһ Субхана уа Тағалаға 
«жалқаулықтан сақта!» деп дұға ет!
Сен Рамазанды жақсы өткізгің келеді. Егер сенің денең 
шынымен де ауырып тұрса және соңғы бірнеше күн 
ішінде дұрыс ұйықтамаған болсаң, онда сен физикалық 
тұрғыда шаршағансың және шұғыл түрде демалуың 
қажет. 
С: Жақсылық жасауды кейінге қалдыру, шегіндіру сияқты 
ойдан қалай арылуға болады? 
Ж: Тасвиф – «істі кейінге қалдыру» дегенді мағына 
беретін араб сөзі. Бұл шайтан малғұнның қарапайым 
әдісі. Ал шын мәнісінде бұл оның ең мықты сұмдық 
әрекеті. Жақсылық жасаудың «керемет уақыты» келгенде 
жасау керемет естілуі мүмкін, алайда сол «керемет 
уақыт» ешқашан келмейді!
Жақсылық жасаудың ең керемет уақыты – қазір! Есіңде 
болсын, Рамазанда жақсылық жасауға мүмкіндігің келіп, 
бірақ жасамағаның үшін ол күн қайтып келмейді және сен 
оны тек қана Ғарасат майданында ғана көре аласың. 
Ғарасат майданында өзіңнің Рамазандағы күндеріңді 
қалай көргің келеді. Жақсылыққа толы күндерді ме әлде 
жасалмай қалған жақсылықтарды ма? 
Егер сен қасиетті айдың ортасына келген болсаң, онда 
істің насырға шабуына жол берме! 
Оның орнына ендігі қалған аз күнге инвестиция құй!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет