Кіші жастағы мектеп оқушыларын диалогтік, монологтік сөзге үйретудің интербелсенді әдістері мазмұНЫ



бет13/23
Дата29.09.2022
өлшемі0,53 Mb.
#40827
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23
Байланысты:
Кіші жаста ы мектеп о ушыларын диалогтік, монологтік с зге йрет

Әдістер

Технологиялар


  • талдау;

  • жинақтау;

  • салыстыру;

  • сөздік;

  • көрнекілік;

  • сұрақ-жауап;

  • интервью;

  • әңгіме;

  • түсіндіру;

  • зерттеу әдісі;

  • проблемалы баяндау әдісі;

  • ішінара іздену немесе эвристикалық әдіс т.б.

  • Ақпараттық коммуникативтік технология;

  • дамыта оқыту технологиясы;

  • проблемалық оқыту технологиясы;

  • диалогтік оқыту технологиясы;

  • монологтік оқыту технологиясы;

  • ойын технологиясы;

  • пікірталас технологиясы;

  • кейс-стади технологиясы т.б.



Қазіргі таңда білім саласы қызметкерлерінің алдында тұрған басты
мақсат – жаңа ақпараттық технологиялар арқылы білім мазмұнын жаңарту. Ақпараттық технология дегеніміз – адам қызметінің барлық түрінің ақпаратын өңдейтін жүйелі және бұқаралық әдіс-тәсілдері мен амалдарының жиынтығы [73]. Білім берудегі жаңа ақпараттық технология – оқу мен оқу-тәрбие материалдарын үйретуге арналған есептегіш техника құралдарының оқу процесіндегі ролі мен орны, оқытушылар мен оқушылардың еңбегін жетілдіруде оларды пайдаланудың түрі мен әдістері туралы ғылыми білімнің жүйесі.
Жаңа ақпараттық технология – мұғалімнің өз жұмыстарының әдістері мен ұйымдастыру түрлерін түбегейлі өзгертуге, оқушылардың жеке қабілеттілігін дамытуға, оқудағы пәнаралық байланысты күшейтуге, оқу процесін ұйымдастыруды үнемі жаңартып отыруға мүмкіндік береді. Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі оқытушылар мен оқушыларға өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс істеуге шексіз мүмкіншілік туғызады. Жаңа ақпараттық технологиялармен оқыту – оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді.
Ақпарттық – коммуникациялық технологиялардың келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер, әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.
Қазақстан Республикасы орта білім беру жүйесін ақпараттандыру туралы мемлекеттік бағдарламасында «... ҚР дүниежүзінің дамыған елдері сияқты орта білім беру жүйесінен ақпараттандырудың жолына түсуі тиіс, яғни бірыңғай ақпараттық білім беретін желіге негізделген оқыту жүйесін жасау керек» [74]. Осы тұжырым білім беру жүйесін ақпараттандырудың мақсаты болып табылады. Бұл бағдарламаның міндеттерінің бірі – барлық оқу орындарын жаппай компьютерлендіру.
Басауыш сынып оқушыларының ауызша сөйлеу дағдылары мынадай технологиялар арқылы қалыптастыру ұтымды екені тәжірибе жүзінде дәлелденді. Атап өтетін болсақ, олар:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет