Кіші жастағы мектеп оқушыларын диалогтік, монологтік сөзге үйретудің интербелсенді әдістері мазмұНЫ


-мысал: Тоқсабаның сөзден тосылуы



бет16/23
Дата29.09.2022
өлшемі0,53 Mb.
#40827
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23
1-мысал:
Тоқсабаның сөзден тосылуы
Атақты Тоқсаба шешен жолаушылап келе жатып, бір ауылдың сыртында қозы баққан сегіз жасар балаға жолығып:

  • Балам, бұл қозы кімдікі? – деп сұрапты.

  • Ата, бұл қозы қойдікі.

  • Әкең аты жоқ па еді, шырағым, – десе:

  • Әкемнің қара аты да, торы аты да, сары аты да, құла аты да бар, – депті.

Шешен ішінен «мынау қиқар бала екен»деп ойланып қалады. Таутекенің мүйізінен жасаған сылдырмақты шақшасын ердің басына қағып-қағып насыбай атады. Сонда бала тұрып:

  • Ата, шақшаңыз ненің мүйізі, –депті.

Балаға іштей қиястанған Тоқсаба:

  • Бұл біздің елдің қоянының мүйізі, – депті.

Шешеннің өтірігін естіген бала лып етіп:

  • «Елі азғанның жері тозған» деген рас екен-ау. Біздің ел қоянның

мүйізінен шаңырақ иеді. Сіздің елдікі шақшаға ғана жарапты ғой,– депті.
Тоқсаба тойтарма сөзге қарсы түк айта алмапты.
(«Ел аузынан») [83,256].

2-мысал:
Менің досым Өзбекстанда тұрады. Біз хат арқылы таныстық. Мен оған өз елім туралы мақтанышпен жазамын. Ділбар Алматыға биыл жазда келмекші. Досымды асыға күтіп жүрмін. [84,51].


2.3 Бастауыш мектеп оқушыларының диалогтік, монологтік сөйлеу
дағдысын қалыптастыру әдістемесі тәжірибе жүзінде

Бастауыш мектеп оқушыларының диалогтік, монологтік сөйлеу дағдысын қалыптастыру әдістемесінің тиімділігін эксперимент арқылы дәлелдеу жұмыстары Қызылорда қаласындағы Әли Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицейінде өтті.


Тәжірибелік кезеңде жүргізілді:

  1. 4-сынып оқушыларының диалогтік, монологтік сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға арналған тапсырмаларды анықтау тәжірибесі;

  2. 4-сынып оқушыларының «Қазақ тілі» және «Ана тілі» сабақтарында диалогтік, монологтік сөйлеу дағдысын қалыптастыруға арналған оқыту тәжірибесі;

  3. Оқушылардың оқыту эксприментінен кейінгі диалогтік, монологтік сөйлеу дағдыларын қандай дәрежеде қалыптасқанын тәжірибе жүзінде дәлелдеп, қорытынды тәжірибе жүргізу.

Тәжірибенің мақсаты – бастауыш мектеп оқушыларының диалогтік, монологтік сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға ұсынылған әдістеменің тиімділігін анықтау. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін алдымен анықтау эксперименті жүргізілді. Эксперимент кезінде мынадай жұмыстар атқарылды:

  1. 4-сыныпта «Қазақ тілі» және «Әдебиеттік оқу» сабақтарын оқыту тәжірибесімен танысу;

  2. «Қазақ тілі» және «Әдебиеттік оқу» сабақтарының сағат санын анықтау;

  3. Эксперимент және бақылау топтарындағы оқушылардың санын белгілеу;

  4. Осы пәндердің тақырыптары мен күнтізбелік жоспарымен танысу;

  5. «Қазақ тілі» және «Әдебиеттік оқу» сабағында оқушылардың диалогтік және монологтік сөйлеу дағдыларын қалыптастыру тапсырмаларының маңызы мен қолданылу орнын айқындау.

Анықтау эксперименті кезінде мектептердің ң-сынып мұғалімдерімен әңгіме-пікір өткізіліп, оларға оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру және дамыту үшін қандай жұмыстар жүргізгендігі туралы анкеталар берілді.
Анкетада мысалы, мынадай сұрақтар болды.

  1. Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың диалогтік және монологтік сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін арнайы жұмыстар қаншалықты дәрежеде жүргізіледі?

  2. Монологтік және диалогтік сөйлеу дағдысын қалыптастыруда қандай әдіс-тәсілдерді қолданасыз?

  3. Сіздің ойыңызша,барлық мектептерде оқушылардың диалогтік және монологтік сөйлеу дағдысын дамыту үшін талаптар қойылған ба?

Анықтау эксперименті барысында 4 «А» сыныбы эксперименттік сыныптары болып, 4 «Б» сыныбы бақылау сыныптары болып белгіленді. Эксперимент сыныптарында оқушылар саны 24, бақылау сыныптарында 32 оқушы болды. Эксперимент сыныптарында қазақ тілі және Әдебиеттік оқу сабақтарының тақырыптары оқу жоспарында көрсетілген мөлшерде болып, оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыратын арнайы тапсырмалар мен мәтіндер қосылды. Бұл тапсырмалар мен мәтіндермен бастауыш сынып мұғалімдері танысып, өз пікірлерін білдірді. Осы пікірлер ескеріліп, әдістемеге қосымшалар мен түзетулер енгізілді.
Эксперимент және бақылау сыныптарындағы оқушылардың білім деңгейлерін анықтау үшін арнайы тапсырмалар берілді. Тапсырмаларды беру барысында оқушылардың жас ерекшеліктері ескерілді. Эксперимент кезінде оқушылардың диалогтік және монологтік сөйлеуін қалыптастыру мақсатында әдебиеттік оқу пәнінен «Кім болғың келеді?» атты тақырыпқа эссе және қазақ тілі пәнінен «Егінші мен қасқыр» ертегісінен рольге бөліп оқыту тапсырылды.
«Егінші мен қасқыр» атты литван ертегісінен үзінді:
Дәл сол кезде бір үлкен қасқыр егіншінің қасына келіп:

    • Адам не жеп отырсың? – деп сұрады.

    • Нан.

    • Маған да наныңнан берші!

Егінші қасқырға:

    • Алдымен жер жыртасың, одан соң тырмалайсың, –деді.

    • Содан соң нан бола ма?

    • Жоқ, жерді жыртып, тырмалап боласың да, тұқымды әзірлейсің, себесің...

    • Содан соң нан бола ма?

    • Жоқ, жоқ! Күзге қарай бидай егесің. Ол көктемде көгеріп жер

бетіне шығады, ал жаз ортасына піседі деген ертегіде бір жағынан оқушыларды рольге бөліп оқу дағдысын қалыптастырса, екінші жағынан диалогтік сөйлеу дағдысын қалыптастырады.
1-кесте



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет