Кіші жастағы мектеп оқушыларын диалогтік, монологтік сөзге үйретудің интербелсенді әдістері мазмұНЫ


КІШІ ЖАСТАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДИАЛОГТІК, МОНОЛОГТІК СӨЙЛЕУ ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ



бет12/23
Дата29.09.2022
өлшемі0,53 Mb.
#40827
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23
Байланысты:
Кіші жаста ы мектеп о ушыларын диалогтік, монологтік с зге йрет

2. КІШІ ЖАСТАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДИАЛОГТІК, МОНОЛОГТІК СӨЙЛЕУ ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Бастауыш мектеп оқушыларының монологтік, диалогтік сөзге үйретудің интербелсенді әдістері


Қазақ халқы ежелден-aқ «Өнер алды – қызыл тіл» деп, тіл өнерінің бейнелілігі мен мазмұндылығына мән берген. Сондықтан сөз мағынасын ғана емес, оның құдіретін, сұлулығын көре, тани білуге үйрету – ұстаздың негізгі парызы. Келісті етіп сөйлей білуге, пікір алысуға дағдыландыруда сөз маржанын көре білуге машықтандыру – басты мәселе.
Ұстаз оқушының тіл шеберлігін түсінуіне, оның ішкі иірімдерін игеруіне мүмкіншілік жасауы тиіс. Көріп отырғандай, балаға сөз құдіретін танытып, оның тілін дамытуға әсер етуде үлкендердің ролі орасан зор екенін осыдан байқаймыз. Қазақ тілінің әдістемесінде, соның ішінде бастауыш мектепте казақ тілін оқыту әдістемесінде елеулі еңбектері бар, бастауыш мектеп окушыларының тілін дамыту әдістемесінің іргетасын қалаған ғалым — С.Рахметова. Оның еңбектерінде бастауыш мектеп окушыларының тілін дамыту мәселесінің ғылыми негіздері анықталынып, әдістемелік жақтары айқындалған. С.Рахметова "Бастауыш класс окушыларының тілін дамытудың ғылыми-әдістемелік негіздері /"ауызша және жазбаша тіл дамыту әдістемесі/" атты докторлық диссертациясында бастауыш мектеп окушыларының тілін дамыту үшін олардың алдымен сөздік қоры мол болуы қажет екендігін дұрыс тұжырымдаған [68].
Ғалым оқушылардың сөздік қорының мол не аз болуы олардың біліміне, тілінің дамуына, ой-пікірін жеткізуіне әсер ететіндігін ашып айтқан.
Ғалым тіл дамытудың маңызын, мазмұнын анықтай отырып, балалардың тілін дамыту жұмыстары олардың сөздік қорын молайтусыз жүрмейтіндігін атап көрсетеді: "Себебі... сөздік жұмысы сөйлем құрау үшін де, байланыстырып сөйлеу үшін де негіз болады: ал әңгіме айтуға дайындық жасау сөз бен сөйлемсіз іске асуы мүмкін емес "[68].
«Қарым-қатынас» ұғымының көп анықтамаларында «коммуниктивтік іс-әрекет» ұғымымен синоним тәріздес болып келеді. Сонымен қарым-қатынас деп – екі немесе одан да көп адамның қатынастарын жасап, реттеуі мен ортақ нәтиже алуды мақсат етіп, келісім мен бірлестікке бағытталған өзара әрекеттерін айтамыз.
Ең алғаш қазақ тілін үйрету барысында оқушыға айналадағы өзі қоршаған ортаны, заттарды, құбылыстарды таныстыру көзделеді. Бұлардың бәрі де оқушыға белгілі бір тақырып айналасында екінші біреудің сөзін есту арқылы , онымен өзі әңгімелесіп, сөйлеу арқылы , мәтінді оқу арқылы меңгертіледі. Яғни оқушы қазақ тілінде сөйлесу арқылы қарым- қатынас жасайды. Мысалы: «Мен қазақша сөйлеймін», «Асқар – менің досым», «Мен осы үйде тұрамын» деген тақырыпта бір-бірімен танысады, әңгімелеседі.
Мұғалім – мектептегі басты тұлға.Ол өз ісімен өзгеге үлгі болып жетекші болады. Білімі терең , әдістемелік шеберлігі мол, мақсаты айқын, үнемі ізденіс үстінде жүреді. Мұғалім жұмысындағы, әсіресе, сабақ беруіндегі бір ерекшелігі – ұғымдарды белгілі бір сызбалармен түсіндіріп, соны қолдана отырып, іскерлік жұмыстар жүргізіледі. Мысалы: Бір ғана ұғымды шағын көрнекілікпен жинақтап, баланың түсінуіне ынғайлы етіп ұсынады.
Әдіс (methodos деген грек сөзінен туады – «зерттеу» немесе «таным жолы»), тәсілдер жиынтығы [69].
Әдіс педагогикалық әдебиеттерде тәсіл деп түсіндіріледі. Демек, оқыту әдістері бұл мұғалім мен оқушылардың оқу-тәрбие жұмысының міндеттерін ойдағыдай шешуге бағытталған өзара байланысты іс-әрекетінің тәсілдері.
«Технология» сөзін грек тілінен аударғанда, «шеберлік» деген мағынаны білдіреді.
«Инновация» ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әр түрлі анықтамалар берген. Мысалы, Э.Роджерс инновацияны былайша түсіндіреді: «Инновация – нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея». Майлс: «Инновация – арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз», – дейді [70].
Ендеше «инновация» ұғымы – педагогикалық сөздік қорына ежелден енген термин. Ол кейбір ғалымдардың еңбектерінде «жаңа», «жаңалық енгізу» деп көрсетілсе, кейбіреулер оны «өзгеріс» деген терминмен анықтайды.
Инновация латын тілінен аударғанда жаңа, жаңалық, жаңарту дегенді білдіреді екен. Яғни, С.Ожегов сөздігіне сүйенсек, инновация бірінші рет шыққан, жасалған, жуық арада пайда болған, бұрынғының орнын басатын, алғаш ашылған, бұрыннан таныс емес енгізілген жаңалық болып шығады [71].
Қазақстан мемлекетінде «инновация» ұғымын пайдалану соңғы бес жылдың еншісінде. Ең алғаш «инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол «Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз – білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгерту, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі», – деп жазады [72].
Ал инновация негізін құраушы ұғымдардың: «инновация», «нововедение», «новшество», «новое», т.б. қазақша аудармаларын жасаған Ы.Алтынсарин атындағы білім мәселелерін ғылыми-зерттеу институтының әдіскері Қ.Құдайбергенова болып табылады [72].Ол өз еңбектерінде «инновацияны» нақты қойылған мақсатқа сай салынған жаңа нәтиже деп есептеп, төмендегідей аудармалар жасаған: «инновация – жаңарту, «нововедение – енген жаңалық», «новое» – жаңа, «новшество» – жаңалық, «инновациялық процесс» – жаңарту үрдісі.
Тілдесу – біркелкі іс-әрекет қажеттігінен туындаған адамдар арасындағы байланыстардың даму көзі.. Біртұтас тілдесу процесінде үш бағытты байқаймыз: коммуникативті (ақпарат алмасу), интерактивті (өзара ықпалды әрекетке келу) және перцептивті (адамның бірін-бірі қабылдап, түсінісуі). Бастауыш мектеп оқушыларының монологтік, диалогтік сөзге үйретудің әдіс-тәсілдерін және технологияларын төмендегідей етіп жіктеуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет