Кіші жастағы мектеп оқушыларын диалогтік, монологтік сөзге үйретудің интербелсенді әдістері мазмұНЫ



бет22/23
Дата29.09.2022
өлшемі0,53 Mb.
#40827
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Кіші жаста ы мектеп о ушыларын диалогтік, монологтік с зге йрет

ҚОРЫТЫНДЫ
Бүгінгі күнде қазақ тілін оқыту әдістемесінде жаңа инновациялық технологиялар көптеп енгізіліп жатыр. Бұл инновациялық технологиялар арқылы оқушылардың жеке тұлғалық қабілеттерін жан-жақты дамытуға болады.
Сөйлеу – қолданыстағы тіл. Сөйлеу – тілдің тіршілік ету, өмір сүру формасы және қыры мен сыры көп, күрделі құбылыс.
Сөйлеу – оқушылардың оқуға және ғылыми тілді үйренуге ниетінің, олардың ішкі сезімінің оянуын, қызығушылығын, қабілеттілігін дамытудың құралы бола отырып, жеке тұлға болып қалыптасуының ең негізгі шарты болып саналады. Т.Аяпова: «Адам баласының сөйлеуі – баланың алғашқы сөйлеуі және тілдік ортада түсінуі, белгілі бір жағдаятқа байланысты, мақсатты, қажетті болып табылатындығын айқындайды»,– деген.Сонымен қатар сөйлеу ұғымына Л.Щерба, Б.Н.Головин,А.Н.Ксенофонтованың т.б. ғалымдар анықтама берген.
Сөйлеудің түрлері ауызша және жазбаша сөйлеу, соның ішінде ауызша сөйлеудің түрлері диалогтік және монологтік сөйлеу зерттелді. Бастауыш сынып оқушыларының ауызша сөйлеуін диалог және монолог арқылы қалыптастыру үшін түрлі мысалдар, тапсырмалар берілді. Қазіргі кезде, әсіресе, кіші жастағы оқушылардың ауызша сөйлеуі жақсы дамыса, ол жазбаша сөйлеуге тез төселеді, соңында ауызша сөйлеудің дәл дұрыс, жүйелі дамуына әсер етеді.
Бастауыш сынып оқушыларының диалогтік және монологтік сөйлеу дағдыларына көп көңіл бөлу керек. Диалогті және монологті зерттеген ғалымдар: Л.П.Якубинский, Л.В.Щерба, Г.О.Винокур,М.М. Бахтин, Гельгардт, Семененко т.б. болды.
Диалог және монолог сөздердің психологиялық ерекшелігі – сөйлеуші мен тыңдаушының психологиялық тұрғыдан көзқарасының теңдігінде және анықтылығында.Диалогтік сөйлеуде, сөйлеуші мен тыңдаушы бір-бірінің көзқарасын ашуға және бір-бірінің көзқарасын қабылдауға дайындығын көрсетсе, ал монологтік сөйлеуде сөйлеуші өз сөзінің анықтылығын, әсерлілігін көрсетеді.
Сонымен қатар диалогтік және монологтік сөйлеудің өзіндік лексикалық, синтаксистік және стилистикалық ерекшеліктері бар.
Ал, диалогтік және монологтік сөзге үйретуде бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу мәдениетін қалыптастырып дамыту үшін тіл тазалығын, сөз әсерлігін, сөз байлығын және сөз дәлдігін ескеріп, сақтау қажет.
Тіл мәдениеті дегеніміз – сөздерді дұрыс қолданудың емле мен белгілері ережелерін сақтап, сауатты жазу, оның ғасырлар бойы сұрыпталып келген, сөз зергерлері оюлап берген көркемдігі мен әсем өрнегін орнымен қолдану сияқты амал - әрекеттерді қамтиды. Бастауыш сынып оқушыларын диалогтік және монологтік сөйлеуге үйретуде сөйлеу мәдениетін қалыптастыру үшін оқушылардың дұрыс қарым-қатынас жасауын, әңгімелесуін, баяндауын, сөздік қорын, сонымен қатар анық, сыпайы, таза, дәл, әсерлі, мәдениетті сөйлеуін бақылау қажет. Сонымен:
1. Әдебиеттік оқу және қазақ тілі сабақтарында қолданған ауызша сөйлеу дағдыларын диалог және монолог арқылы қалыптастыру тапсырмалары оқушылардың сөйлеу қабілеттерін арттырып, тілін дамытты.
2. Ауызша сөйлеу дағдыларын диалог және монолог арқылы қалыптастыру сабақтары оқушылардың қазақ тілі және әдебиеттік оқу пәндеріне деген қызығушылықтарын оятып, белсенділіктерін арттырды.
3. Ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру тапсырмалары негізінде оқушылардың еркін қарым-қатынасқа түсу қабілеттері артты.
4. Жаңа инновациялық технологияларды негізге алған сабақтар оқушыларды жеке тұлға ретінде жан-жақты қалыптасуына себепші болды.
5. Ауызша сөйлеу дағдыларын диалог және монолог арқылы қалыптастыру сабақтары оқушылардың диалогтік және монологтік сөйлеу қабілеттерін дамытты.
6. Түрлі шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушылар жаңа материалдарды жақсы меңгерді.
7. Ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру тапсырмалары оқушылардың логикалық ойлауын дамытты.
8. Тапсырмалар негізінде оқушылар өз ойын ашық айтуды және өз пікірін дәлелдеуді меңгерді.
9. Ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру тапсырмалары оқушылардың білім, іскерлік және дағдыларын қалыптастырды.
10. Эксперимент нәтижелері ғылыми болжамды бекітті және ұсынылған әдістеменің тиімділігін дәлелдеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет