Кіші жастағы мектеп оқушыларын диалогтік, монологтік сөзге үйретудің интербелсенді әдістері мазмұНЫ



бет17/23
Дата29.09.2022
өлшемі0,53 Mb.
#40827
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23
Байланысты:
Кіші жаста ы мектеп о ушыларын диалогтік, монологтік с зге йрет

Р/С

Сынып

«5»

«4»

«3»

«2»

1.

Бақылау сыныптары

19,90%

29,75%

37,20%

13,20%

2.

Эксперимент сыныптары

16,70%

17,70%

47,90%

17,70%

Бұл бақылау сыныптарының экспериментке дейінгі білім көрсеткіші.Ал эксперимент сыныптарының экспериментке дейінгі білім көрсеткіші.





1-сурет – Бақылау және эксперимент сыныптарының экспериментке дейінгі білім көрсеткіші.
Оқушылардың қазақ тілі және әдебиеттік оқу сабақтарында игерген білімдерінің дәрежесі және сөздерді қолдану, сөзден сөйлемдерді дұрыс құрауы мен диалогтік, монлогтік сөйлеу дағдыларының қалыптасу деңгейлерін анықтау нәтижелері мыналарды көрсетті:

    • Өз ойларын толық, дәлелді жеткізе алмайды;

    • топ алдында сөйлеу дағдылары жетілмеген;

    • өзара пікір алмасулары, өз пікірлерін дәлелдеу біліктері төмен;

    • рольге бөліп оқу дағдылары төмен;

    • өз сөздерін әдеби тұрғыда жеткізу дағдылары төмен;

    • оқушылардың өз көзқарастарын жеткізе алу біліктері төменгі деңгейде;

    • жағдаяттық сұрақтар бергенде қиналады;

    • оқушыларға тек теориялық білім берумен шектелгенде, практикалық білім дұрыс жетілмеген;

    • оқушылар өз беттерінше шешім қабылдай алмайды;

    • оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларына, әсіресе, диалогтік және монологтік сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға ешқандай жұмыстар жүргізілмеген.

Мұндай кемшіліктердің мұғалімдердің басында болуының себебі:

    • Мұғалімдер оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын тек қазақ тілі пәнінде ғана қалыптасады дегені;

    • диалогтік және монологтік сөйлеу дағдыларын қалыптастыру үшін бір-екі әдістерді ғана қолданғаны;

    • оқушылардың өз ойларын анық та, ашық айтуына дұрыс мән берілмегені;

    • оқушылардың монологтік сөйлеуінде мәнерлі айтуының немесе оқуының төменгі деңгейде екені;

    • оқушылардың диалогтік сөйлеуінде оқушы жауабының жүйелі еместігі байқалды.

Анықтау эксперименті мынадай қорытындыға келді. Жаттаудың екі түрі бар: механикалық және мағыналық жаттау.

  1. Оқушылардың ауызша сөйлеуін бақылағанда, механикалық жаттау байқалды.Сондықтан кіші жастағы мектеп оқушыларын мағыналық жаттауға үйрету қажет. Себебі, механикалық жаттау бала миында ұзаққа бармайды, уақытша ғана есте қалады. Ал мағыналық жаттау есте, ойда сақталады.

  2. Оқушылардың ауызша сөйлеу дағдылары толық жетілмеген.

  3. Бастауыш сыныптағы оқушылардың ауызша сөйлеуіне (диалогтік, монолгтік) дұрыс мән берілмеген.

  4. Оқушылардың сөйлеуінде жаргон сөздердің көп кездесетіндіктен, жүйелі сөйлей алмайды.

  5. Көбіне логикалық сұрақтардың дұрыс шешімін таба алмайды.

Педагогикалық эксперименттің екінші кезеңі оқыту кезеңі деп
аталады.Бұл кезеңде эксперимент сыныптарына оқушылардың диалогтік және монологтік сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға арналған тапсырмалар енгізілді. Анықтау эксперименті кезінде орын алған кемшіліктерді жою мақсатында тапсырмалар оқушыларды қызықтыруға, олардың диалогтік және монологтік сөйлеу дағдыларын жетілдіруге, ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталды. Қазақ тілі және ана тілі пәндеріндегі түрлі әңгіме-ертегілердің, мақал-мәтелдердің, жұмбақтардың және сан алуан өлеңдердің тәрбиелік ролі өте зор.
Бастауыш сыныптың сауат ашу кезеңінен бастап диалогтік және монологтік оқыту әдісі жүргізіледі. Осыған орай бастауыш мектеп оқушыларының диалогтік және монологтік сөйлеу дағдысын қалыптастыруға байланысты бастауыш мектеп оқушыларына төмендегідей тапсырмалар берілді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет