Кіші жастағы мектеп оқушыларын диалогтік, монологтік сөзге үйретудің интербелсенді әдістері мазмұНЫ


Тапсырма. Достық тақырыбында әңгімелесіңдер. Тапсырманың мақсаты



бет18/23
Дата29.09.2022
өлшемі0,53 Mb.
#40827
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Кіші жаста ы мектеп о ушыларын диалогтік, монологтік с зге йрет

Тапсырма. Достық тақырыбында әңгімелесіңдер.
Тапсырманың мақсаты: Оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын жетілдіру, достықтың мәнін ұғындыру.
Тапсырманың тиімділігі: Оқушылар сұрақтарға жауап беріп және рольге бөліп оқи отырып, кішігірім мәтін құрастыруға дағдыланады.
Тапсырманың маңызы: Оқушылар достық, дос, құрбы-жолдас туралы білімі жетіледі, танымы артады.
Осы сияқты «Менің досым» тақырыбына ауызша әңгіме құрастырудың сұрақ-жауап түрін көрсетейік. Қойылатын сұрақтар:

    • «Дос» ұғымын қалай түсінесің?

    • Досыңның басына қиындық түскенде көмек бердің бе?

    • Достарың көп пе?

Сонан соң мұғалім достықтың адам өміріндегі маңыздылығын оқушыларға түсіндіреді.
Осыдан соң оқушылардың арасында «дос» туралы ұғымға талас пікірлер туады. Әркім өздерінің достары туралы ой-пікірлерін айтады. Сонымен қатар балалар достық, достықтың мәнін, маңыздылығын түсінеді.
Соңында оқушыларға «Менің досым» деген тақырыпқа шағын эссе жазу тапсырылады.
Менің досым
Менің достарым өте көп. Солардың ішінде ең жақын жан досым – Мұрат. Мұрат екеуміз бір мектепте, бір сыныпта оқимыз. Бірге мектепке барып, бірге қайтамыз. Басымызға қиындық түскенде бір-бірімізге көмектесеміз. Мен досымды ренжітпеймін.
Бастауыш мектеп оқушылары сөйлеген сөздерінде сөздерді орынды қолдануға, сөздердің мағыналық реңктеріне орай дұрыс пайдалануға, сөйлемдерді, мәтіндерді дұрыс құруға дағдыланады. Сабақ үстінде оқушылар дайын үлгіге қарай мәтін құрастырады.Осы үлгіге қарап, өздері де мәтін құрастырады, мәтіннің мазмұнын жалғастырады. Мәтіннің мазмұнын оқушылар өз тілімен айтып береді.
Тапсырма.
«Өскенде кім болғым келеді?» атты тақырыпқа мәтін құрыңдар.
Тапсырманың мақсаты: Оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын диалог және монолог арқылы қалыптастыру, сынып алдында өз ойын жеткізуге дағдыландыру.
Тапсырманың тиімділігі: Оқушылар өз көзқарасын білдіруге және мәтін құрастыруға дағдыланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет