Китаб-ус-салат намаз кітабы даярлаған: Хасан Яваш Жетінші басылым

Pdf көрінісі
бет8/33
Дата03.03.2017
өлшемі2,61 Mb.
#6690
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33

Мүкəллəфтің міндеттері
Ислам дінінің əмірі мен тыйымдыры «Аһками шария» немесе 
«Аһками Исламия» (Ислам үкімдері) делінеді. Сондай-ақ «Əфали 
мүкəллəфин»  (мүкəллəфтің  міндеттері)  деп  те  атауға  болады. 
Мүкəллəфтің міндеттері сегіз: Фарыз, уəжіп, сүннет, мустаһаб, му-
бах, харам, мəкрух жəне мүфсид. 
1- Фарз: Аллаһу та’ала орындалуын Құран аяттарында айқын 
жəне  нақты  түрде  əмір  еткен  нəрселерге  парыз  делінеді.  Парызды 
орындамау харам. Бұларға сенбеген жəне мəн бермеген кісі кəпір бо-
лады. Парыз екіге бөлінеді:

- 36 -
НАМАЗ КІТАБЫ
- 37 -
НАМАЗ КІТАБЫ
Фарзи айн: Əрбір мүкəллəфтің жеке өзінің орындауы тиіс па-
рыздар. Иман келтіру, дəрет алу, ғұсыл алу, бес уақыт намаз оқу, Ра-
мазан айында ораза ұстау, жағдайы келгенде зекет беру жəне қажға 
бару фарзи айнға жатады. 
Фарзи  кифая:  Бірнеше  мұсылман  немесе  біреуінің    ғана 
орындауымен  қалғандарын  жауапкершіліктен  құтқаратын  парыз-
дар.  Сəлем  берілгенде  жауап  беру,  жаназа  намазын  оқу,  жаназаны 
жуу, Құран Кəрімнің бəрін бастан аяқ жаттап қари болу, жиһад ету, 
өнер, сауда-саттық жасау сонымен қатар дін жəне пəн ілімдерімен 
шұғылдану, бəрі-бəрі фарзи кифаяға жатады. 
2-  Уəжіп:  Орындалуы  парыз  сияқты  нақты  əмірлер.  Мұндай 
əмірлердің Құрандағы дəлелдері парыздардағыдай ашық емес. Зан-
ни дəлелдерге, яғни астарлы түрде бұйырылған дəлелдерге сүйенеді. 
Үтір намазы мен Айт намазын оқу, жағдайы жеткенде құрбан шалу, 
садақа беру уəжіп əмірлерге жатады. Уəжіптің үкімі парыз сияқты. 
Уəжіпті тəрк ету тахриман мəкрух. Уəжіп екендігіне сенбеген адам 
кəпір болмайды. Бірақ жəһаннам отына лайық болады. 
3-  Сүннет:  Аллаһу  та’ала  ашық  түрде  білдірмей,  тек 
Пайғамбарымыз  орындалуын  ұнатқан  немесе  үнемі  өзі  орындаған 
істер  «Сүннет»  делінеді.  Сүннетті  ұнатпау  күпірлікке  жатады. 
Ұнатып та істемеген адам азапқа душар болмайды. Бірақ себепсіз, 
үзірсіз орындамағандар кінəлəнуға, сауаптан мақрұм қалуға лайық 
болады. Мəселен, азан оқу, қамат айту, жамағатпен намаз оқу, дəрет 
алғанда  мисуак  қолдану,  үйленгенде  халыққа  тамақ  беру,  баласын 
сүннетке отырғызу секілді. 
Сүннеттер екі түрлі болады: 
Сүннет-и  мүəккəдə:  Пайғамбарымыздың  үнемі  үзбей 
орындаған,  өте  аз  тəрк  еткен  сүннеттері.  Таң  намазының  сүннеті, 
бесін намазының алғашқы жəне соңғы сүннеттері, шам намазының 
сүннеті, құптан намазының соңғы екі рəкат сүннеті осыған жатады. 
Мұндай сүннеттер ешқашан үзірсіз тəрк етілмейді. Ұнатпаған адам 
кəпір болады. 
Сүннет-и  ғайри  мүəккəдə:  Пайғамбарымыздың  ғибадат 
мақсатымен орындаған амалдары. Екінді мен құптан намаздарының 
алдынғы төрт рəкаттық сүннеттері бұған мысал болады. Бұлар көп 
рет тəрк етілсе де ештеңе етпейді. Ал егер ешқандай себепсіз орын-
далмай қойса, кінəлəуға жəне шапағаттан қол үзіп қалуға себеп бо-
лады. 
4- Мустаһаб: Бұған мəндубəдеп делінеді. Бұның үкімі сүннеті 
ғайри мүəккəдə үкіміндей. Пайғамбарымыздың өмірінде бір немесе 
екі рет ұнатып істеген істері. 
Мəселен    жаңа    туған    баланың  
7-шi  күнiнде  ат қойып,  ұл  жəне  қыз  балаға ақиқа мал сою,  жақсы  
киiм  кию, əдемi  иiс-сулар  себу  мустаһаб  iстер  болады.  Бұларды 
iстеген  адам  көп    сауап    алады,  ал    iстемегенге    азап    болмайды,  
шапағаттан да мақрұм қалмайды.
5- Мубах: Əмiр де етiлмеген жəне тыйым да салынбаған iстердi 
атаймыз.  Яғни  күнə  немесе  ғибадат  екендігі  білдірілмеген  iстер. 
Жақсы ниетпен iстелуінде сауапқа, жаман ниетпен iстелуінде азапқа 
себеп болады. Бұған ұйықтау, халал тамақ жеу, халал жолмен əр түрлi 
киiм  кию  сияқты  істер  мубахқа  жатады.  Бұлар  Ислам  дiнiнiң  бір 
əмiрiн орындауға септігін тигізу ниетiмен орындалса сауап беріледі. 
Мысалы, дені сау болып ғибадат етуге қуат болу мақсатымен ішіп-
жеу мубах.
6-  Харам:  Аллаһу  та’аланың  Құран  Кəрiмде    “iстемеңдер” 
деп ашық бұйырған iстерге айтылады. Харамдардың істелуіне жəне 
қолданылуына  нақты  түрде  тыйым  салынған.  Харамға  халал  деу, 
халалға харам деу күпір болады. Харам болған нəрселердi тəрк ету, 
олардан сақтану  парыз жəне үлкен сауап.
Харамдар екі түрлі болады:
Харам ли-айниһи:  Адам  өлтiру,  зина  жасау, құмар  ойнау, 
арақ жəне əртүрлi алкогольдi iшiмдiктердi iшу, өтiрiк айту, ұрлық жа-
сау, шошқа етiн жеу, қан, арам өлген жəне Исламға сай сойылмаған 
мал  етін  жеу,  əйелдер  мен  қыздардың  əурет  жерiн    ашып  көшеге 
шығуы  үлкен  харам  iстер  болып  саналады.  Бiр  адам  бұл  iстерден 
бірін iстеген кезде “бисмиллəһ” десе, халал деп сенсе немесе Аллаһу 
та’аланың харам еткеніне мəн бермесе, кəпiр болады. Бұл iстердің ха-
рам екендiгiне сенiп, Аллаһтан қорқып істесе кəпiр болмайды, бiрақ 
тозақ отына лайық болады. Ал егер сол iстi əрі қарай жалғастырып, 
iстеп жүрiп өліп кетсе имансыз кетуге себеп болады. 
Харам  ли-ғайриһи:  Негiзi  халал  болып  басқалардың  ақысы 
араласқаны  үшiн  харам  болған  нəрселер.  Мысалы,  бiр  кiсiнiң 
бағынан иесiнің рұқсатынсыз жемiстерiн жеу, үйiндегi заттары мен 
ақшасын  ұрлау,  аманатқа  қиянат  жасау,  пара  алу,  өсiм  жəне  құмар 
ойнау  арқылы  ақша  немесе  байлық  табу  сияқты.  Бұларды  істеген 
адам  “бисмиллаһ”  деп  бастаса  немесе  ол  алғаным  халал  десе 
кəпiр  болмайды.  Өйткенi  сол  нəрсе  бір  кiсiнiң  халал  мүлкі,  яғни 
қайтарып алуы мүмкін. Бес жарым дана арпа ауырлығындағы 
күмiс 
мөлшерiндей ақы үшiн, қиямет күнiнде жамағатпен оқылып қабыл 
болған 700 рəкат намаздың сауабын Аллаһу та’ала алып, хақ иесіне 

- 38 -
НАМАЗ КІТАБЫ
- 39 -
НАМАЗ КІТАБЫ
бередi.
 Харамнан қашудың сауабы ғибадат етуден де көп. Сондықтан 
харамдарды танып, үйреніп, олардан бойын аулақ ұстау керек.
7-  Мəкрух:  Аллаһу  та’ала  жəне  Мұхаммед  алейһиссалам 
ұнатпаған жəне ғибадаттардың сауабын азайтатын iстер. 
Мəкрух екі түрлі болады: 
Тахримəн  мəкрух:  Уəжiптiң  тəркі  болып,  харамға  жақын 
мəкрухтер. Бұларды істеу азапқа душар қылады. Мəселен күн жаңа 
туып келе жатқанда, дəл тас төбеге жеткенде жəне күн батып бара 
жатқанда намаз оқу сияқты. Бұларды əдейi жасаған күнəһар болады. 
Тозақ  отына  түседi.  Намаздардың  уəжiптерiн  орындамағандардың, 
тахримəн  мəкрух  істегендердің  сол  намазды  қайта  оқулары  уəжiп 
болады. Егер қателесіп, ұмытып істесе намаз соңында сəһу сəждесiн 
жасауы тиiс.
Тəнзиһəн мəкрух: Мубах, яғни халалға жақын амалдар неме-
се істелмеуі абзал болған iстер. Ғайри муəккəдə сүннеттерді немесе 
мустаһабтарды тəрк ету сияқты.
8-  Муфсид:  Дiнiмiзде  əмiр  етiлген  бір  істі  жəне  халді  немесе 
бастап  қойылған  бір  ғибадатты  бұзатын  iстер.  Иманды,  намазды, 
некені,  қажылықты,  зекетті  жəне  сауданы  бұзатын  істер  сияқты. 
Мəселен: Аллаһ пен Құран Кəрiмдi сынау, балағаттау күпiр болып 
иманды бұзады. Намазда күлу дəреттi жəне намазды бұзады. Ораза 
ұстап жүрiп бiле тұрып iшiп-жеу оразаны бұзады. Яғни осы жəйттер 
жоғарыдағы ғибадаттардың муфсиді болып саналады.
Парыздарды,  уəжiптердi жəне  сүннеттердi орындап  харамнан, 
мəкрухтан  сақтанғанға  сауап  берiледi.  Харамдар  мен  мəкрухтерді 
iстеп,  парыздар  мен  уəжiптердi  істемегендерге  күнə  болады.  Бiр 
харамнан  сақтанудың  сауабы  бір  парызды  орындаудың  сауабынан 
əлдеқайда артық. Бiр парыздың сауабы бiр мəкрухтен сақтанудың са-
уабынан көп болады. Ал мəкрухтен сақтанудың сауабы сүннеттiң са-
уабынан көбiрек. Мубахтар iшiнде Аллаһу та’ала ұнатқан амалдарға 
“Хайрат  жəне  хасенат”  (қайырымдылық  жəне  игілік)  делiнедi. 
Бұларды орындағандарға да сауап берiледi. Бірақ бұл сауап сүннет 
сауабынан аз.
       
Ислам дұшпандары
Ислам  дұшпандары  Ислам  дінін  жер  бетінен  құрту  үшін 
қолдарынан келгенше Əһли сүннет кітаптарына қастандық жасауда. 
Өйткені, Исламды дəл өзі бойынша уағыздайтын жəне ұстанатындар 
Əһли сүннеттер.  Құран Кəрімнің Маида сүресінде: «Исламның ең 
үлкен дұшпандары яһуди мен мүшріктер» деп айтылған. Мүшрік 
- пұтқа, мүсінге табынатын кəпірлер. Христиандардың көпшілігінің 
мүшрік екендігі анық. Йемендік Абдуллаһ бин Сəбə атты бір яһуди 
Əһли Сүннетті бұрмалап, жер бетінен құрту үшін Шии сектасын 
құрған. Шииттер өздерін «Алауи» деп те атайды. Исламның басты 
дұшпандары  болып  есептелетін  ағылшындар  қолдарындағы  бар 
күшті пайдаланып, Үндістан мен Африкадан тонап алған алтындары-
мен, қанды соғыстарымен, Уаһһабизмнің  бұрмаланған кітаптарымен 
Əһли  сүннетке  қастандық  жасауда.  Сондықтан  да  əлемде  мəңгілік 
бақытқа қауышуды мақсат еткендерге Шииттер мен Уаһһабиттердің 
жалған  кітаптарына  алданбай,  Əһли-сүннет  кітаптарын  оқуларын 
кеңес береміз.
Исламның шарттары
Ислам  дінін  қабылдаған  мұсылмандарға  ең  алдымен  мына 
төмендегі бес шартты орындау басты міндет болып саналады:
1-  Исламның  шарттарының  біріншісі  «Кəлима-и  шаһадат» 
айту. Кəлима-и шаһадат айту дегеніміз, «Əшһəду əллə илаһə иллаллаһ 
уə  əшһəду  əннə  Мұхаммəдəн  абдуһу  уə  расулуһу».  Яғни  ақыл  есі 
дұрыс,  балиғат  жасына  толған,  сөйлей  алатын  əрбір  адамның: 
«Аспан  мен  жерде  Аллаһтан  басқа  ғибадат  етуге  лайықты 
ешкім жоқ. Ғибадат етуге лайықты тек Ол ғана.» «Ол мəңгі бар. 
Ол барша əлемнің билеушісі. Оның ешқандай кемшілігі жоқ. Оның 
есімі Аллаһ» деп осы айтқанына бар ықыласымен сенуі. Сондай-ақ, 
Оның құрметті елшісі əдемі, нұрлы, сүйкімді жүзді, көркем мінезді, 
қара  қасты,  қар  көзді,  мүбəрəк  маңдайы  ашық,  көлеңкесі  жерге 
түспейтін, жұмсақ сөзді,  араб жарты аралында туылғаны үшін араб 
ұлтының өкілі болып саналған Хашими ұрпағынан «Абдуллаһтың 
ұлы  Мұхаммед  алейһиссалам,  Аллаһтың  құлы  əрі  елшісі,  яғни 
Пайғамбары». Уаһбтың қызы Аминаның ұлы. 
2- Исламның екінші шарты - күніне бес мзгіл, уақыты кіргенде, 
шарттарына  сай  намаз  оқу.  Əрбір  мұсылманның,  күнде  уақыты 
кіргенде  бес  уақыт  намаз  оқуы  жəне  əрбірін  уақытылы  оқығанын 
білуі парыз. Намаздың фарз, уəжіп, сүннеттеріне мəн бере отырып, 
бар ықылас ниетін Аллаһу та’алаға беріп, уақытын өткізбей оқу ке-
рек. Құран Кəрімде намазды «салат» деп айтқан. «Салат» сөздікте 
адамның дұға етуі, періштелердің истиғфар (кешірім) оқуы, Аллаһу 
та’аланың мейірім етуі деген мағыналарға келеді. Исламда «салат» 
дегеніміз ғылымхал кітаптарында білдіргеніндей белгілі əрекеттерді 

- 40 -
НАМАЗ КІТАБЫ
- 41 -
НАМАЗ КІТАБЫ
орындау  жəне  белгілі  нəрселерді  оқуды  білдіреді.  Намаз  ифтитах 
тəкбірімен  басталады.  Яғни,  ер  кісілердің  қолдарын  құлақтарына 
дейін  көтеріп,  кіндік  тұсына  түсіріп  жатқан  кезде  «Аллаһу  акбар» 
деуімен басталады. Соңғы отырыста, басын алдымен оң жаққа бұрып, 
сосын сол жаққа бұрып сəлем беру арқылы намазды бітіреді. 
3- Исламның бес шартының үшіншісі, Мал-мүлкінің зекетін беру. 
«Зекеттің» сөздіктегі мағынасы тазалық, мадақ жəне жақсы, əдемілік 
дегенге  келеді.  Исламда  зекет  дегеніміз  қажеттілігінен  артып,  ни-
сап  делінген  белгілі  мөлшердегі  дүние  мүлкі  бар  адамның,  дүние 
мүлкінің белгілі бір бөлігін Құран кəрімде айтылған мұсылмандарға 
міндетсінбей беру дегенді білдіреді. Зекет жеті түрлі адамға беріледі. 
Төрт  мазһабта  да  төрт  түрлі  зекет  малы  бар:  Алтын  мен  күмістің 
зекеті, саудадағы сатылатын заттың зекеті, қорадағы малдың зекеті 
жəне егістіктің зекеті. Зекеттің төртінші түріне Ушр делінеді. Егістік 
жинала салысымен ушр беріледі. Ал жоғарыдағы аталған үш зекет 
малы нисап мөлшеріне жетіп, содан бір жыл өткен соң беріледі.
4- Исламның бес шартының төртіншісі - Рамазан айында ораза 
ұстау. Ораза ұстауға саум деп айтылады. «Саум» сөздікте бір нəрсені 
өзгелерден қорғау, сақтау дегенді білдіреді. Ал дінімізде Аллаһ əмір 
еткені  үшін  рамазан  айы  бойынша  күндіздері  үш  нəрседен  тыйы-
лу деген мағынаны береді. Бұл үш нəрсе: Ішу, жеу жəне жыныстық 
қатынас. Рамазан айы, аспанда жаңа ай (һилал) көрінгенде бастала-
ды. Күнтізбедегі есеп бойынша басталмайды.
5-  Исламның  бес  шартының  бесіншісі,  шамасы  жеткенде 
өмірінде бір рет қажыға бару. Жолы қауіпсіз жəне дені сау болып, 
Меккеге барып келгенше үйінде қалған бала-шағасына жететіндей 
мал-мүліктен  артылған  ақшамен  барып  келе  алатын  адамның, 
өмірінде бір рет Қағбаны зиярат етуі жəне Арафат тауында тұруы 
парыз болады.
Жоғарыда аталған Исламның бес шартының ең үстемі Кəлима-и 
шаһадат  айту  жəне  оның  мағынасын  түсіну.  Одан  кейінгісі  намаз 
оқу,  ораза  ұстау,  қажыға  бару,  ең  соңғысы  зекет  беру.  Кəлима-и 
шаһадаттың үстем болғаны ғалымдардың ауызбірлігімен білдірілген. 
Қалған  төртеуінің  дəрежесінің  реті  жоғарыда  айтқанымыздай. 
Кəлима-и  шаһадат  айту  мұсылмандықтың  ең  басты  белгісі.  Бес 
уақыт намаз пайғамбарлықтың 12-ші жылында, яғни хижрадан бір 
жыл жəне бірнеше ай бұрын Миғраж түнінде парыз болды. Рамазан 
оразасы, хижраның екінші жылы Шабан айында парыз болды. Зе-
кет беру ораза парыз болған жылы Рамазан айында парыз болды. Ал 
қажылық болса, хижраның тоғызыншы жылында парыз болды. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет