Китаб-ус-салат намаз кітабы даярлаған: Хасан Яваш Жетінші басылым

Pdf көрінісі
бет10/33
Дата03.03.2017
өлшемі2,61 Mb.
#6690
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   33

Оқиға: Қазандағы су
Сахабалардың бiрi Абдуллаһ бин Шехир (радиаллаһу анһ) бы-
лай  деген:  «Пайғамбарымыздың  қасында  намаз  оқып  тұрған  едiм. 
Оның  кеудесiнен  оттың  үстiнде  қайнап  жатқан  судың  даусындай 
дауыс естiдiм.» 
Оқиға: Аяққа қадалған жебе
Пайғамбарымыздың  сүйiктi  күйеу  баласы  хазреті  Əли 
(радыяллаһу анһ) намаз оқып жатқанда дүние астаң-кестең болса да 
хабары болмайтын.
Бiр  соғыста  хазреті  Əлидың  аяғына  садақтың  жебесi  қадалып 
қалады. Жебенiң сүйекке кiргенi соншалық шығару мүмкін болмай-
ды.  Дəрiгерлерге  де  көрсетедi.  Дəрiгерлер:  «Бұл  жебенi  алу  үшiн 
адамды  есiнен  тандыратын  дəрi  қолдану  қажет.  Сонда  ғана  алуға 
болады. Əйтпесе шыдау қиын болады» - дейдi. Сонда хазреті Əли: 
«Ондай дəрiнiң қажетi қанша. Одан да намаз уақытын күтейiк. На-
маз  оқыған  кезде  аларсыңдар»  -  дейдi.  Намаз  уақыты  кiргенде, 
хазреті Əли намаз оқуға тұрады. Сол кезде дəрiгер хазреті Əлидiң 
аяғын кесіп, жебенi алып тастайды. Жараның бетiн байлап болған 
соң,  хазреті  Əли  намазды  бiтiрiп:  «Алып  тастадыңдар  ма?»  -  деп 
сұрайды. Дəрiгер: «Иə, алып тастадым» - дейдi. Сонда хазреті Əли: 
«Ешқандай нəрсе сезбедiм» - деген екен.  
Мұнда  таң  қаларлық  не  бар!  Өйткенi  Юсуф  Пайғамбардың 
сұлулығын  көрген  Мысыр  əйелдерiнің  қайран  қалғандығы 
соншалық өздерін ұмытып кетiп, қолдарын кесiп алғанынан да ха-
барлары болмаған. Егер Аллаһу та’аланың құзырында тұру, махаб-
батына  бөленген  ғашықтарын  өз-өзiн  ұмытатындай  халге  түсірсе, 
оған  таң  қалудың  қажетi    жоқ.  Мүмiндер  де  жан  тапсырар  кезде 
Пайғамбарымызды көрiп өлiмнiң қиыншылығын сезбейді. 
Оқиға: Ес тандыратын дəрi.
Аллаһтың  сүйiктi  құлдарының  бiрi  Əмiрі  Қайстың  бармағына 
күбiртке  шығады.  Тəуіп  оны  кесу  керек  дейдi.  Əмiр:  «Шешімге 
мойынсұну  құлшылықтың  шарты»  -    дейді  де  бармағын  кестiредi. 
Арада  бiрнеше  күн  өткеннен  соң  ауру  асқынып,  аяғын  кесу  керек 
болады.  Сонда  тəуіп:  «Бұған  сездiрмейтiн  дəрi  бермесек  болмай-
ды, оған шыдау мүмкiн емес» - дейдi. Мұны естiген Əмiр: «Өйтiп 
əуреленудiң  қажетi  жоқ,  одан  да  Құран  Кəрiмдi  əдемі  дауыспен 
оқитын  адамға  Құран  оқытыңдар.  Жүзімнен  өзгеріс  көрген  кезде 
аяғымды  кесіңдер,  сонда  хабарым  да  болмайды»  -  дейдi.  Сөйтiп, 
Құранды жақсы оқитын адамға Құран оқытады. Сол кезде Əмiрдiң 
жүзi өзгерiп шыға келедi. Дəрiгер аяқтың жартысынан көбiн кесiп, 

- 46 -
НАМАЗ КІТАБЫ
- 47 -
НАМАЗ КІТАБЫ
жарасын  жақсылап  таңып  болғанда  Құранды  оқып  отырған  адам 
тоқтайды. Əмiр өз-өзiне келiп: «Кестіңдер ме?» - дейдi. Тəуіп: «Иə» 
- дегенде: «Кесiлген аяқты маған берiңдер» - дейдi. Ол аяқты қолына 
алып: «Йа, Раббым! Бұл аяқты берген Сенсiң. Мен Сенiң құлыңмын. 
Үкім сенің үкімің, қаза сенің қазаң. Егер Қияметте, «Ей, құлым, сен 
күнəға бір адым да баспадың ба?» десең, сенің əміріңе қайшы бір 
қадам да басқан жоқпын деп айта аламын» - дейдi. 
Оқиға: Намаз үшiн аянбау.
Бурса  қаласы  Османлылардың  қол  астына  кiрмей  тұрып,  бір 
рум (грек) жасырын мұсылмандықты қабылдайды. Оның ең жақын 
деген досы таңырқап; «Ата-бабаңның ежелден келе жатқан дəстүрлi 
дiнiн тастап, неге бұл дiндi қабылдадың?» деп сұрайды. Ол досына 
мəн-жайды  былай  деп  түсiндiрiп  бередi:  «Бiрде  мұсылмандардың 
арасынан  тұтқындалған  бiреу  менiң  қарамағыма  берiлдi.  Бiр  күнi 
əлгi  мұсылман  бiресе  иiлiп,  бiресе  тұрып,  бiр  əрекет  iстеп  жатты. 
Əрекеттеріне тосқауыл болып «Не iстеп жатырсың?»- деп сұрадым. 
Ол бетiн сипап: «Намаз оқып жатырмын, егер кедергі болмасаң əр 
намаз үшiн бір алтын беремін» - дедi. Мен келісімімді бердім. Бірақ 
күн  өткен  сайын  алатын  ақшамның  мөлшерін  көбейте  бердім.  Бір 
күні  əр  намаз  үшін  он  алтын  сұрадым.  Ол  оған  да  келісті.  Оның 
ғибадатқа  болған  жомарттығы  менi  қатты  таң  қалдырды.  Бiр  күнi 
оған: «Сенi тұтқыннан босатамын» дегенiмде қатты қуанып, маған 
былай  деп  дұға  еттi:  «Йа,  жаратушы  Раббым!  Мына  құлыңа  иман 
бере гөр!» Сол кезде жүрегiмде мұсылман болу арманының көбейгені 
соншалық, дереу кəлима-и шаһадатты айтып мұсылман болдым.
Төртiншi бөлiм
НАМАЗДЫҢ ТҮРЛЕРI
Мұсылмандарға əмiр етiлген намаз түрлерi үшке бөлiнедi. Олар: 
1. Фарз (парыз). 2. Уажиб (уəжіп). 3. Нафилə (нəпіл). 
Фарз  намаздары:
1. 
  Бес  уақыт  намаздың  парыздары;  Жұма 
намазының  екi  рəкат  парызы  мен  жаназа  намазы.  (жаназа  намазы 
фарзи кифая).
Уəжiп  намаздары:
2. 
  Үтiр  намазы,  Рамазан  айт  намазы, 
Құрбан айт намазы, аяқталмай қалған нəпiл намаздары. Қаза болған 
үтiр намазының кейiннен қазасын өтеу де уəжiп. 
Нəпiл намаздары:
3. 
 Бес уақыт намаздың сүннеттерi, тарау-
их намазы. Сауап алу ниетімен оқылатын тəһəжжуд намазы, тахятул 
масжид,  ишрақ,  дұха,  əууəбин,  истихара,  тəсбих  намаздары  нəпiл 
намаздарының қатарына жатады. Парыз жəне уəжiп намаздарынан 
қарызы жоқ адамның нəпiл ғибадаттарына да сауап берiледi.
Бес уақыт намаз
Намаз - Аллаһу та’аланың əмiрi. Аллаһу та’ала Құран Кəрiмде 
жүзден аса жерде «Намаз оқыңдар!»- деп əмiр еткен. Əрбiр ақыл-
есi дұрыс, балиғат жасына толған мұсылманның күнде бес уақыт на-
маз оқуы Құран Кəрiмде жəне хадис шəрифтерде əмiр етiлген. 
Рұм  сүресiнiң  17-18-шi  аяттарында:  «Кеш  жəне  таң 
уақыттарында  Аллаһты  тасбих  етіңдер.  Көктер  мен  жерде 
болғандардың орындаған құлшылықтары жəне екінді мен түс 
уақыттарында жасалған барлық хамдтер (мақтау) Аллаһу та’ала 
үшін» деп бұйырылды. Бақара сүресiнiң 239-аятында: «Намаздар-
ды, сондай-ақ орта (екінді) намазды орындаңдар!». (Яғни намаз-
дарды үзбей оқыңдар.) деп бұйырылды. Жоғарыдағы аятта айтылған 
тасбих  (пəктеу,  ұлықтау)  жəне  хамд  (мақтау)  сөздерiнiң  намаз 
мағынасына келетiндiгi тəпсiр кiтаптарында айтылған. Хұд сүресiнiң 
114-аятында:  «Күндiздiң  екi  жағында  (түс,  екінді  уақыттарында) 
жəне түнге жақын үш уақытта (ақшам, таң, құптан уақыттарында) 
болған намаздарды толық орында. Шынында бұл жақсы амал-

- 48 -
НАМАЗ КІТАБЫ
- 49 -
НАМАЗ КІТАБЫ
дар,  (бес  уақыт  намаздың  сауабы  кіші)  күнəларды  жояды.  Бұл, 
ғибратпен түсiнетіндер үшiн бiр насихат» - деп бұйырылған. 
Пайғамбарымыз Мұхаммед алейһиссалам да: «Аллаһу та’ала 
құлдарына  күнде  бес  уақыт  намаз  оқуларын  əмiр  еттi.  Дұрыс 
дəрет  алып,  намазды  уақытында  оқыған,  рүку  мен  сəжделерiн 
толық  орындаған  пенделердің  күнəларын  Аллаһу  та’ала 
кешiредi»- деп айтқан. 
Бес уақыт намаз 40 рəкаттан тұрады. Бұлардың 17-сі парыз, 3-і 
уəжiп, 20 рəкаты сүннет. Олар мына төмендегiдей: 
Таң намазы:
1. 
 4 рəкат. Алдымен екi рəкат сүннетi, кейiн екi 
рəкат парызы оқылады. Бұл екi рəкат сүннет ең қуатты сүннет болып 
саналады. Тiптi мұны уəжiп дегендер де бар. 
Бесiн намазы:
2. 
 10 рəкат (4 рəкат алғы сүннет, 4 рəкат парыз, 
2 рəкат  соңғы сүннет).
Екiндi намазы:
3. 
 8 рəкат (4 рəкат сүннет, 4 рəкат парыз.)
Ақшам намазы:
4. 
 5 рəкат (3 рəкат парыз, 2 рəкат сүннет.)
Құптан намазы:
5. 
 13 рəкат (4 рəкат алғы сүннет, 4 рəкат па-
рыз, 2 рəкат соңғы сүннет, 3 рəкат үтiр намазы).
Екінді  мен  құптан  намаздарының  алғы  сүннеттерi  ғайри 
мүəккəд  сүннетке  жатады.  Бұлардың  екiншi  рəкатында  отырғанда, 
“əттəхияттан”  кейiн  “Аллаһумма  салли”  жəне  “Аллаһумма  барик” 
дұғалары ақырына дейiн оқылады. Үшiншi рəкатқа тұрғанда, алды-
мен бисмиллаһ айтылмай тұрып, “Субханака”  дұғасы оқылады. Ал, 
бесiн  намазының  алғашқы  сүннетi  Мүəккəд  сүннет.  Яғни  қуатпен 
əмір етілген. Сондай-ақ бұл сүннеттiң сауабы да көп. Бiрiншi оты-
рыста парыз намазындағыдай тек қана “Əттəхияту” оқылып, кейiн 
үшiншi  рəкатқа  тұрады.  Тұрғанда  алдымен  Бисмиллаһ  айтылып, 
кейiн “фатиха” сүресi оқылады. 
Бесiн жəне Құптан намазының парызынан кейiн 4 рəкат жəне 
ақшам намазы парызынан кейiн 6 рəкат намаз оқу мустаһаб болады. 
Яғни бұл намаздардың да сауабы өте көп. Барлығын бiр сəлеммен 
немесе  екi  рəкатта  бiр  сəлем  берiп  оқуға  да  болады.  Екеуiнде  де 
алғашқы екi рəкаты соңғы сүннет орнына саналады. Осы мустаһаб 
намаздарды соңғы сүннеттерден кейiн бөлек оқуға да болады. Жұп 
рəкаттарда екiншi сəждеден кейiн отырады. 
Əрбiр  рəкатта  намаздың  парыздары,  уəжiптерi,  сүннеттерi, 
муфсидтерi жəне мəкрухтары болады. Бұларды келесi тақырыптарда 
ХАНАФИ мазһабы бойынша түсiндiремiз. 
Намаздың парыздары
Парыз  –  Аллаһу  та’аланың  бұйырған  əмiрi.  Қандайда  бiр 
ғибадаттың  парыздары  орындалмайынша  бұл  ғибадат  дұрыс  са-
налмайды.  Намаз  оқығанда  он  екi  шартты  орындау  парыз.  Бұл 
парыздардың жетеуi намаздың сыртында, бесеуi iшiнде. Сыртындағы 
парыздар  шарт,  iшiндегiлер  рүкiн  деп  аталады.  Кейбiр  ғұламалар 
ифтитах  тəкбiрiн  намаздың  iшiндегi  парыздарға  қосқан.  Олардың 
айтуынша намаздың шарттары да, рүкіндерi де алтау болады. 
А) Намаз сыртындағы парыздар
(шарттар)
1.  Хадестен  таһарат:  Дəретi  жоқ  адамның  дəрет  алуы  мен 
жүнiп болған адамның ғұсыл алуына айтылады. 
2. Нəжістен таһарат: Намаз оқитын адамның денесiн, киiмiн 
жəне намаз оқитын жерiн ауыр жəне жеңiл нəжістен, яғни дiнiмізде 
кір болып саналатын нəрселерден тазарту. Мəселен: қан, зəр, спирт 
сияқты нəрселер нəжіс болып есептеледi.
3. Сатр-и аурат: Əурет жерiн жабу. Əурет жерін жабу Аллаһу 
та’аланың əмiрi. Ер адамдардың əурет жерi кiндiгi мен тiзе астына 
дейін. Ал əйел кiсiлер үшiн бет жəне қолдың білектен төмен (алақан) 
бөлiгiнен басқа жерлерiнiң барлығы əурет болып есептеледi. 
4.  Истиқбал-и  Қыбла:  Намаз  үшін  Қыблаға  қарап  тұру. 
Мұсылмандардың қыбласы қасиеттi Мекке қаласындағы Қағбаның 
тұрған жерi. Яғни сол ғимарат тұрған орын 
Қыбла деп аталады. 
5.  Уақыт:  Намазды  уақытында  оқу.  Яғни  намаздың  уақыты 
кіргенін бiлу жəне оқитын намазының уақытын ойынан өткізу.
6. Ниет: Намазға бастарда көңiлмен ниет ету. Тек ауызбен айту 
ниетке  жатпайды.  Намазға  ниет  ету  сол  намаздың  атын,  уақытын, 
қыбланы, намаз жамағатпен оқылатын болса, имамға ұюды көңiлден 
өткізу  болып  саналады.  Ниет  тахрима  тəкбiрінің  алдында  етіледі. 
Тəкбiр айтып қойылғаннан кейiн ниет ететiн болса, ниетi де намазы 
да дұрыс болмайды.
7. Тахрима тəкбiрі: Намазды бастағанда «Аллаһу əкбар» деп 
айтады.  Бұл  тəкбiр  ифтитах  тəкбiрi  деп  те  айтылады.  «Аллаһу 
əкбардың» орнына  басқа сөз айтылатын болса, тəкбiр айтылған бо-
лып саналмайды.

- 50 -
НАМАЗ КІТАБЫ
- 51 -
НАМАЗ КІТАБЫ
Б) Намаздың iшiндегi парыздар
(рүкiндер)
Намазға  тұрғанда  орындалатын  бес  парыз  бар.  Бұлардың 
əрқайсысын рүкiн деп атайды. Олар төмендегiдей:
1.  Қиям:  Намазды  бастағанда  тiк  тұру.    Тік  тұра  алмайтын 
науқас отырып оқиды. Отырып оқи алмайтын адам жатып ишарамен 
оқиды. 
2. Қыраат: Оқу деген мағынаға келедi. Намазда тұрғанда Құран 
Кəрiмнен сүре немесе аят оқу.  
3. Руку: Қырааттан кейiн қолдарын тiзеге қойып иiлу. Рукуде 
ең аз үш рет «Субхана раббиял азым» деп айтылады. Рукуден тұрып 
жатқанда «Самиаллаһу лиман хамидаһ» деп, тiк тұрғанда «Раббана 
лəкəл хамд» деп айтылады.
4. Сəжде: Аяқ ұштарын, тiзе, қол, мұрын жəне маңдайды жерге 
тигiзіп  жасалынатын  амалға  айтылады.  Сəждеге  барғанда  кемінде 
үш рет «Субхана раббиял ала» деп айтылады.
5.  Қадаи  ахир:  Намаз  соңында  Аттахият  дұғасын  оқитындай 
уақыт отыру. Бұны соңғы отырыс деп те атайды.
Намаздың қаншама үлкен iс жəне ғибадаттардың ең маңыздысы 
болғандығын  шарттарының  көлемінен  де  байқауымызға  бола-
ды.  Сондай-ақ  бұған  уəжiп,  сүннет,  мустаһаб,  мəкрух,  муфсидтер 
қосылатын болса, Раббының құзырында құлдың қалай тұру керектігі 
белгiлi болады. Құл - əлсiз, күшсiз, бейшара жаратылыс. Əрбiр алған 
демiнде  өзiн  жаратқан  Аллаһу  та’алаға  мұқтаж.  Ал  намаз  болса, 
құлдың осы əлсiздiгiн сездiретiн ғибадат. Бұл жайттар кiтабымызда 
ретімен баяндалатын болады. 
НАМАЗДЫҢ ШАРТТАРЫ
ХАДЕСТЕН ТАҺАРАТ
1. 
Бұл тарауда; дəрет, ғұсыл жəне тəйəммумды түсiндiремiз.
ДƏРЕТ АЛУ:
Дəрет алу намаздың парыздарының бiрi. Құран Кəрiмдi ұстау, 
Қағбаны тəуап ету, тiлəуат сəждесiн жасау, жаназа намазын оқу үшiн 
де  дəрет  алу  қажет.  Сонымен  қатар  үнемi  дəретпен  жүру,  жатарда 
дəрет алып жату, тамақтанғанда дəреттi болу үлкен сауап болады. 
Дəретпен  жан  тапсырған  адамға  шəһидтiң  сауабы  жазылады. 
Пайғамбарымыз  алейһиссалам:  «Дəретпен  дүниеден  өткен  адам 
өлiм азабын тартпайды. Себебi дəрет имандылықтың нышанын 
бiлдiредi. Сондай-ақ намаздың кiлтi, дененi күнəдан тазартушы 
болып есептеледi.» 
«Мұсылман адам дəрет алғанда күнəлары құлағынан, көзiнен, 
қолынан  жəне  аяғынан  төгiледi.  Отырған  уақытта  күнəлары 
кешiрiлген күйде отырады». 
«Амалдардың  ең  қайырлысы  намаз.  Үнемi  дəретпен  жүру 
тек муминның сипаты. Мумин күндiз дəретпен жүргенi сияқты 
түнде де дəретпен жатуы керек. Осылай iстейтiн болса, Аллаһу 
та’аланың қамқорында болады. Дəретпен тамақ жеген адамның 
жеген  тамағы  зiкiр  етумен  болады.  Жəне  де  иесi  үшiн  кешiрiм 
тiлейдi.» 
Дəреттiң  парызы,  сүннетi,  əдебi,  тыйымдары  жəне  бұзатын 
жайттары да бар. Дəреті жоқтығын біліп тұрып əдейі намазға кіріскен 
кəпір  болады.  Намаз  оқып  тұрғанда  дəретi  бұзылса,  дереу  сəлем 
берiп намаздан шыққан соң дəрет алып, қайта жалғастыру қажет. 
Дəреттiң парыздары
Дəреттiң парыздары Ханафи мазһабы бойынша төртеу: 
Беттi бiр рет жуу.
1. 
Қолдарын шынтақпен қосып бiр рет жуу. 
2. 
Бастың төрттен бiрiне мəсих тарту. 
3. 
Аяқты тобықпен қосып бiр рет жуу. 
4. 

- 50 -
НАМАЗ КІТАБЫ
- 51 -
НАМАЗ КІТАБЫ

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   33

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет