«кітап. УақЫТ. ҚОҒАМ»



Pdf көрінісі
бет14/23
Дата06.04.2017
өлшемі2,14 Mb.
#11083
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ҚОҒАМДАҒЫ КІТАПХАНА  
 
БИБЛИОТЕКА В СОЦИУМЕ 

 
 
175 
АУЫЛ - СЕЛОДАҒЫ КІТАПХАНАЛАРДЫҢ САНДЫҚ - 
САПАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН МАТЕРИАЛДЫҚ - 
ТЕХНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ 
 
З.Ш. Айткенов 
ПМПИ, Павлодар қаласы 
 
Қазақстандағы кітапхана ісінің қалыптасуы мен даму тарихына 
тоқталар  болсақ,  революцияға  дейін  елімізде  барлығы  139  кітапхана 
болыпты  да,  оның  44-і  қалалық,  95-і  ауылдық  кітапханалар  екен. 
Олардың қорындағы кітап саны 47700 дана болған. 
1921  жылы  19  сәуірде  республика  кітапхана  жұмысын  бір 
орталыққа 
бағындыру 
туралы 
Қырғыз 
АКСР-нің 
Халық 
Комиссариаты декрет қабылдады. Бұл декрет бойынша Халық ағарту 
комиссариаты  жүйесіндегі  кітапханалар  жалпы  халықтық  болып, 
бірыңғай  бір  орталыққа  біріктіріліп,  саяси  ағарту  басқармасының 
қарамағына берілді. [1,176] 
30-шы  жылдардың  аяғында  аудандық  жерлердегі  көпшілік 
кітапханалардың саны көбейді. Осы жылдары республикада кітапхана 
ісін  жандандыру  мақсатында  арнайы  кітапхана  қызметкерлерінің 
білім  деңгейлерін  көтеру  үшін  қысқа  мерзімді  курстар  мен  арнайы 
маман  кадрлар  даярлайтын  жаңа  оқу  орындарын  ашу  ici  қолға 
алынды. 
Қазақ  KCP  Министрлер  Кеңесі  1947  жылы  қыркүйек  айында 
кітапхана  жұмыстарын  жақсарту  шаралары  туралы  қаулы  қабылдап, 
мәдени-ағарту 
мекемелері 
комитетіне 
уақытша 
жабылған 
кітапханаларды  қайта  ашу,  оларға  тәжірибелі  кітапханашыларды 
жіберу,  кітапхана  техникасымен  қамтамасыз  ету,  кітап  қорын  қайта 
есепке  алу,  бөлінген  ақшаны  кітап  қорын  толықтыруға  дұрыс 
пайдалануды  міндеттеді.  Соның  нәтижесінде  республикадағы 
көпшілік  кітапханаларға  көмек  көрсету  жақсартылды.  Көпшілік 
кітапханалар  желісі  1940  жылға  қарағанда  1950  жылы  11  пайызға 
көбейді.  Кітап  қоры  186919  мыңнан  5395,1  мыңға,  яғни  31  пайызға 
артты. 
1960 жылы Қазақ KCP мемлекеттік кітапханасының әдістемелік 
кабинеті  ғылыми  -  әдістемелік  бөлімге  айналды,  көптеген  облыстық 
кітапханаларда әдістемелік бөлімдер құрылды. 1967 жылы Қазақ KCP 
Мәдениет  Министрлігі  кітапханаларының  жарғысы  мен  жаңа 
құрылымын бекітті. Республикада ғылыми кітапханалардан басқа 960 
арнаулы және ғылыми - техникалық кітапханалар жұмыс істеді. 

 
 
176 
1976  жылы  барлық  облыста  да  ғылыми  -  техникалық 
кітапханалар желісін құру толық аяқталды. 
Елдің  елдігі  оның  мәдени  дәрежесімен  өлшенеді  десек,  кеңес 
қоғамы  тұсында  халықтың  рухы  өсіп-өркендеуінің  негізі  болып 
табылатын  мәдени  -  ағарту  мекемелерінің  үлкен  жүйесі  қалыптасып, 
осындай  жүйенің  бірі  -  кітапхана  ici  бойынша  80-ші  жылдардың 
ортасына  дейін  өсу  мен  даму  байқалды.  Мәселен,  1989  жылы 
республикада  9751  кітапхана,  оның  ішінде  ауыл  -  селоларда  7786 
кітапхана халыққа қызмет көрсетумен айналысты.[2,104,] 
Адамзат  баласы  ақыл  парасатын,  күллі  тарихын,  барша 
мәдениетін, бүгінгі өркениеттің барлық жемісін теқ қана кітап аркылы 
ұрпақтан  ұрпаққа  қалдырып  отырған.  Бүгінгі  күні  кітапханашылар 
алдындағы  абыройлы  міндет  -  адам  бойындағы  адамгершілік 
қасиеттерді қалыптастырып, парасатты өмір салтын орнықтыру болып 
табылады.  Оқырман  қауымға  тәрбиенің  сан  түрлі  мәдени шараларын 
өткізіп,  қазіргі  кезде  халқымыздың  қайта  оралған  тілі  мен  әдет  - 
ғұрыптарына  байланысты  жастарға  эстетикалық  тәрбие  беріп, 
халқымыздың  ұлттық  мәдениеті  мен  әсемдік  құбылысын  бейімдеу 
бағытында  республика  кітапханаларының  еңбектері  елеулі.  Мысалы, 
Қызылорда  облысында  80-ші  жылдардың  соңында  314  мемлекеттік 
кітапхана  жұмыс  істеп  тұрды.  Кітап  қоры  41181  мың  данаға,  ал 
окырмандар  саны  2832  мың  адамға  өсіп,  халқының  61  пайызын 
құрады. [3,104б] 
Солтүстік  Қазақстан  облысы  бойынша  1985жылы  -  506,  1989 
жылы  -  497,  ал  Қостанай  облысында  осы  жылдары  966  және  939 
кітапхана жұмыс істеп, халыққа қызмет көрсетті. 
Алайда  уақыт  өте  келе  мәдениетті  басқарған  қызметкерлердің 
біліксіздігінен,  арнайы  орындар  тарапынан  бақылаудың  нашар 
болуынан,  олардың  материалдық-техникалық  базалары  бірте-бірте 
төмендеп,  халыққа  қызмет  керсету  мүмкіншіліктерінен  айырыла 
бастады. 
Тәуелсіз  Қазақстанның  қалыптасуы  мен  дамуының  алғашқы 
кезеңінде  қала  мәдениетіне  де,  ауыл  -  село  мәдениетіне  де 
айтарлықтай  көңіл  бөлінбеді,  бюджеттік  қаржыландыру  тоқталды. 
Жергілікті  жерлерде  мәдени-ағарту  мекемелерін  ұтымдандыру 
жұмыстары  жүргізіліп,  нәтижесінде  көптеген  кітапханалар  мен 
клубтар,  автоклубтар,  сонымен  қатар  мәдениет  үйлері  жабылып 
қалғаны  баршамызға  мәлім.  Атап  айтсақ,  Қазақстанда  1992-1993 
жылдар аралығында 466 кітапхана мен 122 клуб мекемелері жабылса, 
1995 жылы мемлекеттік кітапханалар жүйесі 491-ге кеміген. [4,41б] 

 
 
177 
Осындай  мәдени-ағарту  мекемелерінің  жүйесін  қысқарту 
салдарынан  ауыл  -  село  мәдениетіне  зор  нұқсан  келтірілді.  Бұл 
жағдайды 
түзетуде 
Қазақстан 
Республикасының 
Президенті  
H.Ә.  Назарбаевтың  жарлығымен  2000-шы  жылдың  «Мәдениетті 
қолдау  жылы»  деп,  сонымен  қатар  Елбасының  Қазақстан  халқына 
Жолдауына орай 2003-2005 жылдар «Ауылды дамыту жылдары» деп 
жариялануының маңызы өте зор болды. 
2003  жылы  мәдениет  мекемелерінің  желісі  455  бірлікті  құраса, 
оның  ішінде  ауылдық  жерде  375,  ал  олардың  қатарындағы 
кітапханалар саны 162 болды. [5,7б] 
2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» бағдарламасының 
және  ауылды  дамытуға  бағытталған  өзге  де  мемлекеттік 
бағдарламалардың  аясында  маңызды  іс-шаралардың  жүргізілуі 
нәтижесінде республика көлемінде бүгінгі күні жергілікті жерлердегі 
мәдениет  ошақтарын  қалпына  келтіру  жұмыстары  жоспарлы  түрде 
жүргізіліп,  олардың  материалдық  -  техникалық  базасы  нығайып, 
барша  мәдени  -  ағарту  мекемелерінің  жергілікті  мәдени  дәстүр 
ерекшілектерін сақтай отырып жұмыс жасауы жетілдірілуде. 
Ендігі  Қазақстанның  кітапханаларының  материалдық  — 
техникалық жағдайына тоқталар болсақ, КОКП Орталық Комитетінің 
«Елдегі кітапхана ісінің жағдайы және оны дамыту шаралары туралы» 
қаулысы  қабылданғаннан  кейін  республикада  кітапханалардың 
материалдық  -  техникалық  базасын  жақсартуда  бірқатар  істер 
атқарылды.  Мысалы,  Ақтөбе  облысында  92  кітапхана  жаңа 
ғимараттарға  көшірілді.  Сонымен  қатар  Темір  ауданының  Ленин 
атындағы,  Киров  және  Шевченко  атындағы  колхоздарында  да 
кітапханаларға жақсы үйлер берілді. 
60  -  70  жылдары  мәдени  -  ағарту  мекемелерінің  материалдық- 
техникалық  базасы  жақсара  түсті.  Гурьев  облысында  әртүрлі  елді  - 
мекендерде  41  кітапхана  ашылды.  Олардағы  кітап  қоры  3424,6  мың 
дана  болды.  1980  жылы  облыста  3971  мың  дана  кітап  қоры  бар  379 
кітапхана болса, 1985 жылы 388 кітапханаға жетті.[6,6б] 
Ұлттық  кітапхана  -  рухани  қажеттілік.  Осы  кезеңде 
республикалық  кітапханалардағы  жалпы  кітап  қорының  4,5  пайызы 
ғана қазақ тіліндегі кітаптар екен. Қызылордада - 40, Шымкентте - 33, 
Қарағандыда  -  5,5  пайызы  ғана  қазақ  тіліндегі  кітаптар.  Тіпті  тек 
қазақтар  тұратын  ауыл  кітапханасында  бірде-бір  қазақша  кітап 
кездеспейтін  жағдайлар  болған.  Тоталитарлық  жүйе  ыдырап,  әр  ұлт 
республикасы  толғағы  жеткен  мәселелерді  көтере  бастаудың 
арқасында  Қазақстаннан  жырақ  кеткен  кітаптар  тағдыры  анықтала 
бастады.  Тынымсыз  іздеу  салудың  жемісі  –  Қырғызстаннан  «Қазақ», 

 
 
178 
«Тілші»,  «Ақжол»,  «Ауыл»,  «Бостандық  туы»,  газеттерінің 
Қазақстанда  жоқ  сандары  табылып,  алтын  қорға  келіп  қосылды. 
Біразы  Ашхабат,  Уфа,  Минск,  Киев  және  басқа  да  қалалардағы 
кітапханалардан табылды. 
90-шы  жылдардың  екінші  жартысынан  бастап  республикада 
мемлекет  тарапынан  мәдениетке,  ұлттық  тарихқа  қолдау  көрсету 
күшейе түсті. 
1997  жылдың  сәуір  айында  Алматы  қаласында  өткен  мәдениет 
қызметкерлерінің  республикалық  кеңесінде  қалалар  мен  ауыл-
селолардағы мәдениет мекемелері дағдарыс жағдайында тұрғандығы, 
оларға  қоғам  тарапынан  үлкен  қамқорлық  қажет  екендігі  атап 
көрсетілді. 
2000  -  шы  жылы  Елбасы  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев 
«Мәдениетті қолдау» жылы деп жариялады. Бұл оқиғаны қазақ халқы 
үшін,  жалпы  республиканың  болашақ  тағдыры  үшін  тарихи  кезең, 
мәдениетіміздің 
әлеуметтік 
салмағы 
мен 
бағыт-бағдарын 
пайымдайтын,  қазіргі  тіршілігімізге  лайық  ұлттық  рухымыздың 
беріктігі мен биіктігін зерделейтін мәселеге қоғам болып та, тәуелсіз 
мемлекет болып та үңілетін мезгіл туды деп қарау керек. 
Мәдениетті  қолдаудың  жариялануы  нәтижесінде  мәдениет 
саласын өркендету бағытында көптеген игілікті істердің атқарылуына, 
әсіресе  ауылдық  жерлердегі  мәдениет  ошақтарының  дұрыс,  қалыпты 
жұмыс істеуіне жағдай жасалды. 
Қазақстан  Республикасы  мәдени  -  ақпарат  және  қоғамдық 
келісім  министрі  М.  Құл-Мұхаммедтің  арнайы  тапсырумен  2002 
жылдың  басынан  бері  қарай  республикалық  баспалар  арқылы 
шығатын  әлеуметтік  маңызы  бар  көркем  әдебиеттің  ауыл 
кітапханаларына  тегін  таратылуы  «Ауыл  жылы»  қарсаңындағы  aca 
игілікті ic болып табылды. Ауыл кітапханаларына жіберілген кітаптар 
бүгінгі  жаңа  заман  талабына  сай  шығарылған,  сапасы  да  көңіл 
толарлықтай  және  қоғамның  барлық  саласын  қамтитын  кітаптар 
болды.  Әсіресе,  Абайдың,  M.  Жұмабаевтың,  А.  Байтүрсыновтың,  
С.  Мұкановтың,  С.  Сейфуллиннің,  Б.  Майлиннің  көп  томдық 
шығармалар жинағы. 
Осылайша 
ауылды 
дамытуға 
бағытталған 
мемлекеттік 
бағдарламалардың  аясында  игілікті  істердің  атқарылуы  нәтижесінде 
республика  көлемінде  жергілікті  жерлердегі  мәдениет  ошақтарын 
қалпына  келтіру  жұмыстары  жоспарлы  түрде  жүргізіліп,  олардың 
метериалдық  -  техникалық  базасы  нығайып,  барша  мәдени-ағарту 
мекемелерінің  жергілікті  мәдени  дәстүр  ерекшеліктерін  сақтай 
отырып жұмыс жасауы жетілдірілуде. 

 
 
179 
Әдебиет 
1.  Байдильдина  C.X.  Қазақстанда  мәдениет  пен  өнер  мамандарын 
даярлаудың тарихи тәжірибесі (1930-1970), т.ғк., авторефераты. - Алматы.- 1999. 
2. Народное хозяйство Казахстана за 70 лет. Ст.сб. Алама-Ата.- 1990. 
3.  Әлмаханова  А.Б.  Оңтүстік  Қазақстанның  мәдени  өмірі  (XX  ғ.  80-90 
ж.ж.), т.ғ.к., дисс. Авторефераты. - Алматы.- 1994. 
4. Қойшыбаева M. Алматы кітапханалары талапқа сай ма? // Қазақ тарихы.-  
1999.- №1. 
5. Құдияр M.   Ауыл кітапханалары - жаңа кітаптармен толықтырылуда. // 
Қазақ әдебиеті.-  2004.- № 18. 
6.  Білім  бұлағындағы  бұлыңғырлықтар  //  Егемен  Қазақстан.  -  1991.-  26 
желтоқсан. 
 
 
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ 
КІТАПХАНАСЫ 
 
А. Абишева, К.С. Искаков  
С. Торайғыров атындағы ПМУ, Павлодар қаласы 
 
Қазақстан 
Республикасының 
Ұлттық 
кітапханасы 
республиканың кітапхана ісінің ең ірі ғылыми-зерттеу және ғылыми-
әдістемелік,  ақпараттық  -  библиографиялық  орталығы  болып 
табылады. 
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы 1910 жылдың 
желтоқсанында  ұыйымдастырылды.  Осы  уақыттан  бастап  кітапхана 
мемлекеттік  ұлттық  кітап  қорын  сақтау  орталығы,  ұлттық  және 
өлкелік библиография орталығы ретінде жаңа сапалы қызмет атқарып 
келеді. 
1991  жылы  еліміздің  бас  кітапханасы  республикамыздың 
Ұлттық  кітапханасы  статусын  алды  сонымен  бірге  ерекше  мәнге  ие 
болды. 
ҚР Ұлттық кітапханысы 1992 жылдан ИФЛА-ның мүшесі болып 
қабылданды.  ҚР  Ұлттық  кітапханасы  -  Қазақстан  баспалары 
шығармаларының міндетті экземплярының және 1993 жылдан бастап 
ЮНЕСКО басылымдарының сақталатын орны. 
ҚР  Ұлттық  кітапхананың  қызметіндегі  басты  бағытының  бірі 
библиографиялық қызмет болып табылады. 
Ұлттық  кітапхана  әр  түрлі  типті  библиографиялық  құралдарды 
басып  шығарудағы  сонымен  бірге  өлкетану  библиографиясы 
саласындағы әдістемелік орталығы: 

 
 
180 
1. Республика масштабында құрастырылатын библиографиялық 
құралдар  жүйесін  одан  әрі  жетілдіру  жайында  ұсыныстарды 
дайындайды;  
2.  Библиографиялық  құралдар  басылымдарының  болашақтағы 
жинақ жоспарын дайындайды, оның орындалуына бақылау  жасайды; 
3. 
Әдебиеттер  көрсеткіштерін  қазақ  тілінде  құрастыру 
әдістемесін жасайды; 
4.  Мемлекеттік  кітапханалар  басып  шығаратын  көрсеткіштерді 
рецензиялайды, 
библиографиялық 
құралдардың 
жылдық 
аналитикалық 
шолуларын 
дайындайды, 
кітапханалардың 
библиографиялық қызметін зерттейді және талдап қорытады; 
5.  Басқа  кітапханалармен  бірігіп  библиографиятану  бойынша 
ғылыми зерттеу жұмысын жүргізеді; 
6.  Библиографиялық  көрсеткіштерді  қолданудың  нәтижелігін 
зерттеуді ұйымдастырады. 
Қазіргі  жағдайда  ҚР  Ұлттық  кітапханасында  «Қазақстанның 
корпоративтік  каталогтау  орталығы»  жұмыс  істейді.  Орталықтың  ең 
басты  міндеті  -  еліміздегі  ірі  кітапханалардың  күшімен  Қазақстан 
Республикасы  туралы  жинақтық  электрондық  мәліметтер  банкісін 
құру және әліппе режимінде жұмысты ұйымдастыру. 
ҚР  Ұлттық  кітапханасы  библиографиялық  құралдарды, 
кітапхана  ісі  туралы  инструктивті  құжаттарды  және  құқықтық 
жинақтарды,  рефератифтік  журналдарды  дайындап  шығарады.  ҚР 
Ұлттық  кітапханасы  Қазақстан  авторларының  өнер,  тіл  білімі, 
әдебиет,  мәдениет,  қоғамдық  ғылымдар  жайында  рефератифтік 
журнал  шығарады.  Журнал  республикалық  жүйедегі  рефератифтік 
ақпаратқа  кіреді.  Ол  екі  серияда  шығарылады:  6  –  «Қоғамдық 
ғылымдар», 7 «Мәдениет», «Тіл білімі», «Әдебиет», «Өнер». 
Кітапхана СО-КОМ-да «Қазақстанның музыкалық мұрасы» атты 
мультимедиялық  анықтаманы  дайындап  шығарды  -  ол  Қазақстан 
музыкасы  жайындағы  әлемдегі  жалғыз  ғана  ағылшын  тіліндегі 
анықтамалық  басылым.  Сонымен  бірге  СО  -  КОМ  «ҚР  Ұлттық 
кітапханасына 90 жыл», СВ - КОМ «Қазақстанның мәдени ой- пікірі», 
СР  -  КОМ  «1913  -1932  жж.  газеттеріндегі  Қазақстан  хроникасы» 
дайындалды.  
Анықтамалық  -  библиографиялық  бөлім-ҚР  Ұлттық  кітапхана-
сының  бұрыннан  жұмыс  істеп  келе  жатқан  бөлімі,  ол  1933  жылы 
құрылды. Бөлімнің қазіргі қызметінің бағыттары мыналар: 
1.  Электрондық  ресурстар  мен  дәстүрлі  библиографиялық 
сұраныстарды қамтамасыз ету. 

 
 
181 
2.  Оқырмандарға  библиографиялық  құралдарды  қолдану 
мәселелерінде кеңес беру. 
3. Анықтамалық - библиографиялық құралдарды дайындау және 
ұсыну. 
Ақпараттық 
библиографиялық 
қорды 
қалыптастыру. 
Библиографиялық қорда XIX ғасырдағы сирек кездесетін басылымдар 
бар,  олар:  «Азияның  библиографиясы»,  В.  И.  Межовтың  «Түркістан 
жинағы». 
Ерекше  құнды  көрсеткіштер  қатарына  «Қазақстанның  пайдалы 
қазбалары»  (1752-1929  жж.),  «Қазақстандағы  мал  шаруашылығы» 
(1917  жылға  дейін)    т.б.  жатады.  Қор  үнемі  жаңа  басылымдармен 
толықтырылып отырылады.  
Анықтамалық-библиографиялық  бөлімде  «Қазақстан  туралы» 
жүйелі 
мақалалар 
картотекасымен, 
ҚРҰК-ның 
электрондық 
мәліметтер  банкімен  және  базасымен,  «Юрист»  электрондық 
анықтамалық  -  құқық  жүйесімен  жұмыс  атқарылады.  Дәстүрліктен 
электрондық  тасымалдаушыға  көшу  мерзімінде  карточкалық 
формасындағы каталог пен электрондық каталог қатар жүргізіледі. 
ҚР ҰҚ - дағы анықтамалық - библиографиялық аппарат барлық 
білім  саласы  бойынша  жарияланымдар  мен  басылымдарды  қамтып, 
библиографиялық 
ресурстардың 
маңызды 
бөлігі 
болып 
библиографиялық 
ақпараттағы 
әр 
түрлі 
қажеттіліктерді 
қанағаттандырады. 
ҚР  Ұлттық  кітапханасы  ақпаратты  пайдаланушыларға  көп 
салалы және республикаға қатысты комплекстік мәселелері бойынша 
ақпаратпен қамтамасыз етеді. 
Жаңа 
ақпараттық 
технологияны 
қолдана 
отырып 
оқырмандардың  жалпы  білім  жөніндегі  сауалдарды  орындау 
мәселелері жайында библиографиялық жұмыс жүргізеді.  Кітапханада 
оқырмандарға  ақпаратты  жеткізуде  компьютерлік  технология 
молынан  қолданылады.  Қазақстан  Республикасының  Ұлттық 
кітапханасы  компьютерлік  техника  негізіндегі  бағдарлама  тәсілі  мен 
жаңа  ақпараттық  технологияны  кітапхананың  іс  тәжірибесіне  енгізу 
орталығы болып табылады. 
Республикалық,  облыстық  әмбебап  ғылыми  кітапханаларына 
АБИС бағдарламасын енгізу Ұлттық кітахананың тікелей басшылығы 
мен 
көмегі 
арқасында 
жүзеге 
асырылды. 
Қазақстан 
Республикасындағы барлық облыстық әмбебап ғылыми және басқа да 
кітапханаларды  бір  жүйеге  біріктіретін  РАБИС  бағдарламасы  да 
енгізіліп жатыр. 

 
 
182 
2004 
жылы 
ҚР 
Ұлттық 
кітапханасында 
Ақпараттық 
ресурстардың орталығы құрылды. Ол  үш сектордан тұрады : 

 
Ағымдағы библиография секторы 

 
Электрондық ресурстар секторы 

 
Өндеу  бөлімінде  электрондық  каталогтарды  құру  және  жаңа 
түскен басылымдарды сапалы өңдеу жұмыстары жүргізіледі. 
Ағымдағы библиография сектордың міндеті - Қазақстан туралы 
библиографиялық 
көрсеткіштерді 
дайындап 
басып 
шығару, 
библиографиялық  мәліметтер  базасын  толықтырып  жүргізу  және 
ағымдық  библиографиялау  жұмыстарын  атқару.  Сектордың  негізгі 
қызметі 
«Қазақстан: 
бүгіні 
мен 
өткені» 
деп 
құрылған 
библиографиялық  мәліметтер  базасын  (қазақ  және  орыс  тілдерінде) 
толықтыруға бағытталған. 
1966-1998  жылдар  аралығында  дәстүрлі  технология  негізінде 
«Қазақстан  туралы  жаңа  әдебиеттер»  библиографиялық  көрсеткіштің 
басылып  шығуы  ағымдық  библиографиялаудағы  басымдық  бағыты 
болып есептеледі. Қазір осы көрсеткіш автоматтандырылған режимде 
«Қазақстан:  бүгіні  мен  өткені»  деген  библиографиялық  мәліметтер 
базасында  басылып  шығады.  Библиографиялық  құрал  Қазақстан 
туралы  жаңа  жарияланымдар  жайында  оқырмандарға  кең  ақпарат 
береді.  Көрсеткіште  материалдардың  топтастырылуы  тақырыптық 
рубрикатор  арқылы  жүзеге  асырылады.  Басылымның  шығу  мерзімі 
жылына  2  рет.  Бұл  библиографиялық  көрсеткіш  орыс  және  қазақ 
тілдерінде шығады. 
Баспа  библиографиялық  құралдардың  шығуымен  қатар  сектор 
библиографиялық  өнімдерді  СИ  –  КОМ  -  да  шығаруға  кірісті. 
«Қоғамдық  ғылымдар»  деген  мәліметтер  банкі  (МБ)  негізінде 
«Мемлекет  және  құқық»,  «Экономика»,  «Философиялық  ғылымдар», 
«Әлеуметтану», «Психология» деген СБ - КОМ -дар дайындалды. 
Электрондық  ресурстар  секторы  мәліметтер  база  негізінде 
библиографиялық анықтамаларды орындау жұмыстарын жүргізеді. 
Қазіргі  кезеңде  сектор  РАБИС  жүйесінде  жұмыс  істейді. 
Жұмыстың  көбісі  қордағы  кітаптарды,  құжаттарды  электрондық 
түріне келтіруге байланысты. Сектордың қызмет істеу функциясының 
бірі  электрондық  түрде  қызмет  көрсетіп,  құжаттарды  жеткізу  болып 
табылады. 
Кітапханалық-библиографиялық 
процесстерде 
жаңа 
технологияларды  белсенді  түрде  меңгеруде  ҚРҰК-ғы  жаңа  даму 
болашағы  ашылады.  ҚРҰК-ның  компьютерлік  техникасының 
негізінде жаңа ақпараттық технологияны меңгеру 1989 жылдан жүзеге 
асырылады.  1992  жылдан  ҚРҰК-да  тақырыптық  мәліметтер  базасы 

 
 
183 
мен  электрондық  каталогтарды  құру  жұмысы  басталды.  РАБИС 
жүйесі  кітапхана  ГОСТ-ын  сақтау  арқылы  құрылады,  мәліметтер 
базасының  өзіндік  ішкі  құрылымы  бар,  ШМАЯС  форматы 
пайдаланылған. 
ҚРҰК-ның  оқырмандарын  интернетті,  электрондық  каталогты, 
электронды тасымалдаушы ақпаратты пайдаланады, олар: студенттер, 
орта  арнайы  білімі  бар  азаматтар,  жоғары  білімі  бар  мамандар, 
аспиранттар,  ғылым  кандидаттары,  ғылым  докторлары,  ғылыми 
қызметкерлер және т.б. 
Бибилографиялық  ақпараттың  неғұрлым  көп  таралған  түрі-
библиографиялық  құрал.  ҚР  Ұлттық  кітапханасының  қызметінің 
маңызды  бағыттарының  бірі  -  библиографиялық  құралдарды 
құрастыру. 
Ұлттык 
кітапхана 
оқырмандарға 
қызмет 
көрсетуді 
ұйымдастыруда  жаңа  шыққан  және  басуға  дайыңдап  қойылған 
кітаптар мен мақалалар жайындағы шапшаң ақпаратты беріп отыруға 
тырысады. 
Бұл  үшін  кітапхана  жаңа  түскен  көрсеткіштерді,  жаңа  кітаптар 
жайында  ауызша  шолуларды,  хабарлама  күндерін,  тағы  да  басқа 
түрлерін,  сол  сияқты  ҚРҰК  шығаратын  әдістемелік  және 
библиографиялық 
құралдарды 
қолданады. 
ҚРҰК-ның 
библиографиялық  қызметінде  әр  түрлі  тақырыптағы  оқырмандарға 
хабарлама  беретін  әдебиеттер  көрсеткіші  маңызды  орын  алады. 
«Мәдениет.  Өнер.  Әдебиет»  тақырыбындағы  библиографиялық 
әдебиеттер 
көрсеткіші 
ҚРҰК-ның 
компьютерлік 
мәліметтер 
базаларының негізінде басылып шығарылады. Көрсеткіш жылына екі 
рет шығарылады. 
Оқырмандарға 
библиографиялық 
қызмет 
көрсетуді 
ұйымдастыруда рефератифтік басылымдардың көмегі өте зор. ҚРҰК-
дағы  рефератифтік  журналдар  –  білім  саласына  сәйкес  құжаттар 
рефератын  құрайтын  ақпараттық  журнал  формадағы  мерзімді 
басылымдар.  Рефераттарды  құрастыру  материалдарына  кітаптар, 
жинақтар,  мерзімді  және  жалғасты  басылымдар,  конференция 
материалдары  және  басқа  да  қазақ  және  орыс  тілдеріндегі 
басылымдар кіреді. 
Кейінгі  жылдары  библиографиялық  құралдары  құрастыруда 
ақпараттық  технологиялар  кең  қолданылады.  Библиографиялаудың 
көп кезендері компьютерлердің көмегімен жүзеге асырылады.  
 
Әдебиет 
1.
 
Қазақ ССР мемлекеттік Кітап палатасы. - Алматы, 1987.  
 

 
 
184 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет