Киященко Н. И.: Эстетика философская наука


Классикалық эстетиканың негіздері (И.Кант



Pdf көрінісі
бет10/18
Дата29.11.2022
өлшемі2,76 Mb.
#53421
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18
Классикалық эстетиканың негіздері (И.Кант,
Г.Гегель, Ф.Шеллинг)
• Осы дәуірде эстетикалық эмоцияны алғаш рет қарастырған Кант болды. Ол
“Талқылау қабілетіне сын” (“Критика способности суждения”,1790)
трактатының бірінші бөлімінде “талғам”, “пікір”, “баға”, “эмоция” сияқты
ұғымдарды ашады. Кант эстетикаға назар аудара отырып, алдыңғы
зерттеушілерден
өзгешелігі
эстетикалық
қабылдаудың
субъективті
белсенділігін алдыңғы кезекке шығарды. Бұл XIX-XX ғасырлардағы
мәдени-тарихи даму ағымына толық сәйкес келді. Канттың концепциясы
Жаңа заман эстетикасы тарихында бетбұрыс кезең болды. XX ғасырда
көптеген теоретиктер эстетиканың субъективтік жағын барынша қолдады.
Бұрын сұлулық, асқақтық, аполлондық, дионистік деген терминдер басым
болса, енді эстетикалық қатынас, көру, эстетикалық тәжірибе, көзқарас,
функция дегендер қолданыла бастады.


XIX - XX ғ.ғ. классикалық емес эстетика
• ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басында өнерде жаңа үрдістер мен бағыттар
пайда болады. Заманауи сыншылардың ойынша, жаңа академизм қалыптасқан
дәстүр мен таптаурындарға қарсы классикалық өнердің қайта жаңғыруын өзінің
мақсаты деп біледі. Дегенмен бұл бағытты жақтаушылар ескірген дәстүрлерге қайта
оралуды көксемейді, оларды жаңа техниканың жетістіктерімен органикалы
біріктіруді жөн санайды. Жаңа пайда болған бағыттардың да, алдыңғы кезеңдердегі
бағыттар немесе стильдерге ұқсас толық қанды теориялық негіздемелері бар. XIX -
XX ғ.ғ. классикалық емес эстетикасы Ф. Ницше, Дж.Дьюи, Ж.-П. Сартр. М.
Хайдеггер еңбектерінде дүниені билейтін ақыл емес ал, импрессионистік сезімдік
бастамаға негізделеді. Қазіргі бейклассикалық өнерде басты мәчеле автордың ойын
түсіну емес, ал оны ерекше сезімдік қабылдаумен байланысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет