Киященко Н. И.: Эстетика философская наука


XVII-XVIII ғ.ғ. Жаңа заман эстетикасы және



Pdf көрінісі
бет9/18
Дата29.11.2022
өлшемі2,76 Mb.
#53421
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18
XVII-XVIII ғ.ғ. Жаңа заман эстетикасы және
көркемдік практикасы (Д.Локк, Р.Декарт,
Вольтер, Д.Дидро, Ж. Руссо)
• ХУІІІ ғасыр басьнда Вольтер, Ж.Жак Руссо, Монтескье т.б. әдебиет пен
өнерге, білім, тәрбиеге қатысты еңбектер жазды. Олар классицизм
эстетикасының шектеулілігі мен кертартпалығын сынады, озық өнер, озық
прогресшіл идеялалардың жаршысы болды. Өнер қарапайым жандардың да
тіршілігін қамтуы, көпке түсінікті, ортақ болуын кейіпкерді нақты ісімен
көрсету т.б. мәселелерін көтерді. Бұл тұста француз қоғамында театр,
баспасөз өркендеді, журналдар шықты. Өнер теориясы туындады. Реализм
термині қолданылмаса да өнердің шынайылығы, к.бейненің нақтылығы
мәселелері талап етілді.
• Ағарту дәуірінің эстетеикасын буржуазиялық революция қарсаңындағы
француз энцеклопедистерінің басы - аса ірі философ-материалист Дени
Дидроның (1713-1784) еңбектерінен көріп білеміз. Оның теориялық
толғамдары демократиялық сипатта болды. Дидро Буалоға керісінше, сарай
аристократиясының сұлулық талғамы мен талабын аяусыз сынға алды. Ол
шын суреткерге тұп-тура «сен әрбір қимыл-қарекеттегі ұлылық пен
сұлулықты мәңгіге дәріптеуің керек, талайсыз-бақсыз қор болған ізгіліктің
абыройын сақтауың қажет, рақат пен құрметке бөленген кеселді кескілеуің
керек, мейірімсіз жуандардың зәресін ұшыруың шарт», деп, ап-ашық күрес
талабын қойды; суреткер еңбегіндегі шыншылдықты уағыздады; эстетикаға
реализм ұғымын енгізді; реализмнің қиялға, ойдан шығару мен көркем
жинақтауға ара-қатысын белгіледі. Ал оның Сараң мен Тартюф бүкіл жер
бетіндегі шықберместер мен екіжүзділердің жиынтық тұлғалары екенін
дәлелдеуі тіпті білгірлік пікір еді.


Классикалық эстетиканың негіздері (И.Кант,
Г.Гегель, Ф.Шеллинг)
• Сұлулық теориясы Германияда XYIII-XIX ғасырларда кең тарады.
• Бұған байланысты екі көзқарас болды: Гегель көне және орта ғасыр
эстетикасына сүйене отырып, “сұлулық» пен шынайылық” бір деп
қарастырды.
• Ал, Кант Гегельге дейінгі бірнеше ондаған жылдарға дейін басқаша
пікірде болды. Оның пікірінше “әдемілік затқа оның формасы
арқылы беріледі. Яғни, эстетиканың мазмұны мен формасы
айқындалды.
• Асқақтық ұғымы Э.Берк пен Канттың ойынша күштілік болып
табылады. Шиллер болса, Кантты толықтыра отырып, оны адамзат
дүниесімен, оның көзсіз ерліктерімен байланыстырды.
• Ал, XX ғасырда асқақтық ұғымы форма түрінде беріліп, неғұрлым
қарапайым тұрмыстық, сезімдік реңк алды. Шиллердің ұғымында
асқақтық жекелік сипат алса, дионистік көзқарас соған ұқсай
отырып, халықтың қайғысымен, әрекетімен көрінеді. XX ғасырда
дионистік
көзқарас
(адамның
стихияларға
бағыныштылығы)
Ницшенің еңбегінің арқасында маңызды эстетикалық категорияға
айналды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет