«Физика есептері мен шешу жолдары»
(Мектеп компоненті)
К л а с ы : 11
Орындаған: К.Т.Туребекова физика пәні мұғалімі
Ә/Б отырысында қаралды:_____________ Н.Токин
(Ә/Б жетекшісі)
№_____ хаттама ________ күні_________айы 20_____ж
Тексерілді:________________________ Л.К.Аманова
(Оқу ісінің меңгерушісі)
Түсінік хат
«Физика есептері мен шешу жолдары» факультатив курсы 11 класқа арналған. Бағдарлама 34 сағат, аптасына 1 сағаттан. Бұл бағдарлама мектептегі физика пәнінен қосымша сабақ ретінде ұсынылып отыр. Физика ғылымы қоршаған әлемнің сансыз құбылыстарында орын алатын табиғаттың жалпы заңдылықтарын қарастырады.физиканың зерттеу ауқымы кең, сондықтан ол қоршаған әлем жайлыбілімнің маңызды көзі болып табылады. Қазіргі заман талабы оқушыларға терең білім мен ғылыми блжам жасай алатын талапты болуды міндеттейді. Бұл бағдарлама мазмұны жағынан мектептегі негізгі курстық бағдарламаға сай, негізгі заңдар мен ұғымдарға есептер шығару жолдарын үйрету мен ол заңдардың мағнасын түсінуге мүмкіндік береді. Есептер шығару физиканы оқытудың тиімді әдістерінің бірі:
Есептер шығару арқылы:
-физикалық заңдылықтар мен ұғымдарды түсінуге;
-проблемалық есептерді шешуге;
-ғылыми және техникалық білім алуға;
-жеке тұлғаның бойында мақсатқа жетуді, табандылықты, ұқыптылықты қалыптастырады.
М а қ с а т ы:
-Физика есептерін шығара отырып, пәнге деген қызығушылығы артады;
-негізгі ұғымдар мен заңдарды меңгеруге ұмтылады;
-физикалық есептердің шығару жолдары мен әдістерін үйренеді:
М і н д е т і:
-негізгі ұғымдар мен заңдарды қолдана отырып есептер шығара білу;
-бағдарламадағы тақырыпты бекіту және тереңдету;
-оқушылардың есте сақтау, ойлау, физикалық тіл мәдениетін дамыту:
Мазмұндық бөлім:
Достарыңызбен бөлісу: |