Эскапизм
(ағыл. escape – қашу, жалтару, құтылу) – адамның
ақиқаттан
қашып, елес пен қиял əлеміне берілуі.
Экспоненциалды
өсім – көлемнің ұлғаюына сəйкес, өсiм
қарқынының
да соған пара-пар үдеп отыруы. Экспоненциалды өсім
көлемі
қаншалықты ауқымды болса, оның өсуі десоншалықты
қарқынды
болады.
3D басып шығару (Аддитивті өндіріс, технология) - 3D принтер деп
аталатын
бұл құрылғы цифрлық 3D моделі арқылы кез келген нысанды
қатпарлап
басу əдісімен жасап шығарады. Келешекте ол құрылыс
нысандарынан
бастап, əртүрлі құрал-жабдықты, тіпті биология
саласында
да, адам дене мүшелерін (бауыр, бүйрек, сүйек т.б.) жасап
шығаруға
кең қолданылады. Біз «принтер» дегеннің орнына «басып
шығару
» тіркесін қолдандық.
АТАУЛАР
Кітапта
кездесетін кейбір атаулар
Alibaba Group (Alibaba.com) - интернет-бизнеспен айналысатын
компаниялар
тобы.
Alibaba Group Қытайда, Ханчжоу қаласында орналасқан. Бұл топтың
негізгі
қызметі В2В схемасы бойынша онлайн саудамен айналасады
жəне
өзіндік төлеу жүйесі (Аlipay) арқылы жұмыс атқарады. Компания
1999 жылы Ханчжоу қаласында 17 компаньонмен бірлесіп, Джек
Маның
жетекшілігімен құрылып, Alibaba.com интернет-сайтын
тіркеген
. Alibaba кіші жəне орта саудаға арналған алаң ретінде
жұмысын
бастап, онлайнсауда ретінде кең таралды. 2011 жылы 31
наурыз
күні сайтқа тіркелген адам саны 240 елден 65 миллионға
жеткен
. Сонымен қатар Alibaba Group еншілес бірнеше компаНияны
да
басқарады. Олар: Alibaba.com (Alibaba China, Alibaba
International) – ашық сауда компаниялары.
Amazon Mechanical Turk (MTurk) – қазіргі кезде компьютер орындай
алмайтын
міндеттерді атқару үшін адам интеллектісін пайдалануды
үйлестіруге
жекелеген тұлғалар мен кəсіпорындарға мүмкіндік
туғызатын
(Requestеrѕ сияқты) краудсорсингтік интернет нарығы.
Amazon.com, Inc. - АҚШ-тың Вашингтон штатындағы Сиэтлде
орналасқан
халықаралық электрондық интернет саудамен
айналысатын
іргелі компания. Бұл компания – əлемнің ең ірі онлайн
бөлшектеп
сату компаниясы. Компания өнімдеріне электроника
тауарлары
кіреді – Amazon Kindlе электронды кітап жəне Kindle Fire
компьютер
таблеті, соңғы уақытта клауд компютинг қызметтерін
көрсете
бастады. Amazon.com компаниясы 1994 жылы Джефф Безос
деген
америкалық кəсіпкердің бастамасымен құрылып, 1995 жылы
сайты
іске қосылған. Атауы əлемдегі ең суы мол Амазон өзенінің
құрметіне
қойылған. Алғашқыда тек кітап саудасымен айналысқан.
1998 жылдан бастап, музыкалық дискілер, видео өнімдер сатуды жолға
қойған
. Қазір MP3-жазбалар, компьютерлік бағдарламалардан бастап,
видео
ойындар, ойыншықтар, электроника, киім-кешек, жиһаз, азық-
түлік
тауарларына дейін сатады.
Airbnb – бүкіл əлем бойынша жеке тұрғын үйді іздеу жəне қысқа
мерзімді
жалға беру, орналастыру үшін жасалған онлайн-алаң.
WhatsApp - смартфондарға арналған мессэнджер. Мəтіндік
хабарлама
, сурет, Видео жəне аудио жазбалар жөнелтуге болады.
А
ndroid, BlackBerry OS, BlackBerry 10, iOS, Series 40, Symbian
(S60) жəне Windows Phone сияқты платформаларда жұмыс істейді.
Компанияның
негізін Ян Кум (Jan Koum) жəне Брайан Эктон (Brian
Acton) 2009 жылы Калифорния штатында қалаған. Компанияда 55
қызметкер
жұмыс істейді. 2013 жылғы маусым мəліметтеріне сəйкес,
WhatsApp арқылы күніне 27 миллиардқа жуық хабарландыру
жөнелтіледі
. 2016 жылы 3 ақпанда WhatsApp қолданушыларының
саны
миллиардқа жетті. Бұл туралы Марк Цукерберг Facebook
парақшасында
мəлімдеді. «Əлемде Жер жүзіндегі миллиардтаған
адамды
байланыстыратын қызметтер санаулы ғана. Бұл кезең - əлемді
біріктіру
жолындағы маңызды қадам», - деді миллиардер. General
Electric Company немесе қысқаша GE (NYSE: GE) АҚШ-тың ірі
мульти
-ұлттық көп салалы конгломераттық компаниясы. Компания
1878 жылы өнертапқыш Томас Эдисонның бастамасымен құрылған.
Негізгі
кеңсесі Нью-Йоркте орналасқан, ал штаб-пəтері 2016 жылдан
бері
Массачусетс штатындағы (АҚШ) Бостон қаласында. 2011 жылы
Fortune журналы GE корпорациясын АҚШ-тың 6-шы ірі компаниясы
деп
жариялады, ішкі өнімі бойынша 14 орында екендігін мəлімдеген.
Google Inc. (ul/ - Америка қоғамдық корпорациясына тиесілі
кеңейтілген
іздеу жүйесі.
Əлемге
танымалдығы бойынша бірінші орында (79.65%), айына 41 млрд
345 млн сұраныс қабылдайды (нарық бөлігі 62,4%), 25 миллиардтан
астам
веб-беттерді индекстейді (2009 жылдың 15 қазанынан бастап),
ақпараттарды
191 тілде іздеу мүмкіндігіне ие.
Google іздеу жүйесі PDF, RTF, PostScript, Microsoft Word,
Microsoft Excel, Microsoft PowerPoint жəне т. б. форматтағы
құжаттарды
тауып беру мүмкіндігіне ие. Google іздеу жүйесін
Стэнфорд
университетінің аспиранттары Ларри Пейдж жəне Сергей
Брин
оқу жобасы ретінде шығарған еді. Олар 1996 жылы BackRub іздеу
жүйесімен
жұмыс істеп, 1998 жылы аталмыш іздеу жүйесінің негізінде
Google-дың негізін салады. Алғаш рет Google жекеменшік корпорация
ретінде
1998 жылы 4 қыркүйекте құрылады, Ларри Пейдж, Сергей Брин
жəне
Эрик Шмидт Google-да 2014 жылға дейін бірлесіп жұмыс істеуге
келіседі
. Компанияның көздеген мақсаты – «əлемдік ақпаратты жинап,
халық
тұтынуына мол мүмкіндік беру. Coogle инженері Амит Патель
ойлап
тапқан компаНияның бейресми ұраны – «Don't bе evil» (Қатыгез
болма
!)». 2006 жылы компания қазіргі Штаб-пəтері орналасқан
Калифорния
штаты, Маунтин-Вьюға көшеді. Google. com домені 1997
жылы
15 қыркүйекте тіркелген. Google, сондай-ақ Gmail электронды
поштасы
қызметін жəне Orkut, Google Buzz жəне Google+ əлеуметтік
желілер
қызметін, Google Chrome веб-браузерін іске қосқан, Google
Motorola Droid ұялы телефондарына, Samsung Galaxy смартфондар
серияларына
, сондай-ақ Google Chrome OS, 5 Samsung сериясына
жəне
Acer AC700 Android ұялы операциялық жүйесін қондырумен
жұмыс
жасауда. Қазіргі кезде Google-дың бүкіл əлем бойынша
миллионнан
астам серверлері жəне миллиардтан астам іздеу
сұраныстары
қызмет көрсетуде. Alexa-ның тізімі бойынша,
google.com сайты интернеттегі ең көп қолданылатын веб-сайт ретінде
анықталған
. Сондай-ақ YouTube (Alexa: 3), Blogger (Alexa:. 6), жəне
Orkut сияқты Google-дың көптеген халықаралық жеке сайттары
(Үндістанда google.co.in сайты, Ұлы Британияда google.co.uk сайты)
ең
көп қолданылады. 2011 жылы Coogle-ге кірушілер саны 1
миллиардқа
жетеді. Google атауын – Сергей Брин берген. Бір қызығы,
Google сөзінің жазылуында қате жіберген. Бірге тіркелген жүз нел
дегенді
меңзейді, яғни 13деу жүйесі халықты мол ақпаратпен
қамтамасыз
етеді дегенді білдіреді. Алғашында Google Стэндфорд
университеті
сайтында google.stanford.edu доменімен жұмыс істейді.
2001 жылдан бері Google көптеген компанияларға ие болады. 2004
жылы
Google компаниясы Keyhole, Inc компаниясын иемденіп,
Жердің
3D көрінісін беретін Earth Viewer деп аталатын өнімін
шығарды
.
iPhone – Apple компаниясының төрт диапазонды мультимедиялық
смартфондары
. Смартфондар iPod плеерiнiң, коммуникатордың жəне
интернет
-планшеттің қызметін атқарады. Mac OS X операциялық
жүйесінің
аздап жеңілдетілген түрі Apple iOS операциялық жүйесінде
жұмыс
істейді. iPhone алғаш рет 2007 жылы 9 қаңтарда
MacWorldExpo конференциясында көпшілікке таныстырылды. 2007
жылы
29 маусымда саудаға түсіп, АҚШ-тағы смартфондар саудасын
жаулап
алды. 2008 жылы 10 маусымда WWDC 2008
конференциясында
бағдарламалық жəне аппараттық кемшіліктері
жойылған
телефонның саудаға түскеннен бергі үшінші моделі –
iPhone 3G таныстырылды. Бұл модель операциялық жүйенің жаңа
нұсқасы
iPhone OS 2.0 платформасында жұмыс істейді. Сол жылы
iPhone PC World басылымының нұсқасы бойынша қазіргі заманғы ең
пайдалы
технологиялар рейтингінде екінші орынға шықты. 2014 жылы
9 қыркүйекте ұлғайтылған жақсартылған экранымен iPhone 6 жəне
iPhone 6 Plus таныстырылды, A8/M8 жаңа процессорымен, фазалық
назар
аудару жүйесімен камерамен жабдықталды. Қазір iPhone 8
нұсқасы
қолданыста.
Instagram - фотосуреттер жəне видео бөлісуге арналған əлеуметтік
желілік
онлайн қызмет. Оның көмегімен қолданушылардың
фотосуреттер
жасауға, оларға сүзгі қолдануға, сонымен қатар оларды
өзінің
сервисі немесе басқа да əлеуметтік желілер арқылы таратуға
мүмкіндіктері
бар. Instagram фотосуреттерді Kodak Instamatic жəне
Polaroid камералары сияқты шаршы пішінінде жасайды. Мобильді
фотоқолдаңғылардың
көбісі қабырғаларының 3:2 қатынасын
қолданады
. Қолдаңғы iPhone, iPad жəне iPod Touch құрылғыларымен
iOS 4.3-пен, сонымен қатар OpenGL ES 2 қолдауымен Android 2.2
жəне
жоғарырақ телефондарымен үйлесімді. Ол App Store мeн Google
Play арқылы көпшілікке таралады. Instagram əлеуметтік желісін
дайындауды
Кевин Систром мен Майк Кригер Сан-Францискода
бастаған
. Желінің қосымшасы Apple компаниясының App Store атты
қосымшалар
дүкенінде 2010 жылдың 6 қазанында пайда болды. 2010
жылы
Instagram-ның бір миллион қолданушысы болса, бұл көрсеткіш
2011 жылдың маусымында бес миллион болды. Ал 2014 жылы наурыз
айының
соңында қолданушылар саны 200 миллионға жетті. 2011
жылдың
шілдесінде Instagram-да жүктелген фотосуреттер саны 100
миллион
, ал 2013 жылы қарашада желідегі фотосуреттер саны 16
миллиардқа
жеткен.
Достарыңызбен бөлісу: |