Клаус Шваб Төртінші индустриялық революция



Pdf көрінісі
бет2/109
Дата28.09.2022
өлшемі4,97 Mb.
#40701
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   109
Даму
қарқыны. Бұл индустриялық революцияның алдыңғыларынан
өзгешелігі
– оның бір қалыпты емес, құбылмалы қарқынмен
дамитындығында
. Бұл – біз өмір сүріп жатқан көп салалы, бір-бірімен
тамырласа
байланысқан біртұтас əлемнің туындысы, сондай-ақ жаңа


технологияның
алдыңғы қатарлы жəне тиімді жаңалықтарды өз
бойына
жинақтай сіңіретін қасиетінің көрінісі.
Ауқымдылығы
мен тереңдігі. Ол цифрлық революцияға негізделеді
жəне
алуан түрлі технологияларды астастыра отырып, экономикадағы,
бизнестегі
, əрбір жеке тұлғаның тіршілігіндегі парадигмалардың
бұрын
-соңды болмаған өзгерісіне алып келеді. Ол «нені» жəне «қалай»
жасайтынымызды
ғана өзгертіп қоймай, біздің өзіміздің
болмысымызды
, «кім» екенімізді де өзгертеді.
Жүйелі
өзгерту. Ол бүкіл елдегі, компаниялар мен салалардағы, тұтас
қоғамдағы
барша жүйенің қайта құрылуын іштей де, сырттай да,
тұтастай
толық қамтиды.
Бұл
кітапты жазу барысында мен төртінші индустриялық революция
жөнінде
басшылыққа жарайтын, сол құбылыстың табиғатын ашатын,
оның
салдарын, адамдарға ықпалын жəне ортақ пайдаға асыру
мүмкіндіктерін
көрсететін өзімше нұсқаулық жасағым келді. Бұл кітап
біздің
ортақ болашағымыздың қамын ойлайтындарға жəне
революциялық
технологияның мүмкіндіктерін, өмірді жақсылыққа
қарай
өзгертудің тетігіне айналдыруды мұрат тұтқандарға арналған.
Мен
өз алдыма мынадай басты-басты үш міндет қойдым:
– оқырмандардың назарын технологиялық революцияның кең қарымы
мен
ұшқырлығына жəне оның сан-салалы салдарына аудару;
– технологиялық революцияны пайымдауға байланысты басты
сауалдар
мен олардың мүмкін болатын жауаптарын қамтитын
тұжырымдамалық
көзқарасты негіздеу;
— мемлекет пен жеке сектордың арасындағы технологиялық
революция
мəселесі төңірегіндегі ықпалдастық пен əріптестікті
ынталандырудың
тұғырнамасын жасау.
Бұл
кітапта, ең алдымен, технология мен қоғамның қатар өмір сүру
тəсіліне
баса мəн беріледі. Технология біздің бақылауымызға ырық
бермейтін
сырттан таңылған күш емес. Біз «қабылдау мен келісу»
немесе
«бас тарту мен жоғалтудың» арасынан біреуін ғана таңдау
еркімен
шектеліп қалмаймыз. Қайта, тиімді технологиялық


өзгерістердің
көмегімен өзіміздің шын мəнінде кім екеніміз жөнінде
жəне
əлемді қалай қабылдайтынымыз туралы бұрынғыдан да терең,
кең
толғану мүмкіндігіне ие боламыз. Біз технологиялық
революцияның
ұлан-ғайыр артықшылықтарын қалай пайдаға асыру
туралы
қаншалықты көп толғанатын болсақ, өз-өзімізге жəне сол
технологияларды
жасап, жүзеге асыратын əлеуметтік модельдер
базасына
қаншалықты мұқият қарайтын болсақ, дүниені барынша
жақсартатын
осы жаңа революцияны орнықтыруға деген
мүмкіндіктеріміз
соншалықты арта түседі.
Төртінші
индустриялық революцияны адамгершілік əдептен
алшақтатпай
, ауыздықсыз дүлей күшке айналдырмай, шығармашылық
қайнары
бар, адамға бейімделген құбылыс ретінде қалыптастыру бір
адамның
, бір саланың, белгілі аймақ пен жекелеген мəдениеттің
қолынан
келетін шаруа емес. Бұл революцияның іргелі жəне жаһандық
сипаты
– оның барлық елдердің, əлемдік экономикалық жүйенің,
барша
салалар мен адамзаттың енШІлес бөлшегі екендігін танытады.
Сондықтан
да ғылыми, əлеуметтік, саяси, ұлттық, өндірістік деген
сияқты
шекараларға бөлінбейтін, біз баса көңіл бөліп отырған көп
қырлы
байланыстар мұқият назар аударуды жəне зор күш-жігер
жұмсауды
талап етеді. Мұндай өзара тығыз байланыс пен əрекеттестік
оңтайлы
, біртұтас жəне зор үміт арттыратын тұжырымдама жасау үшін
қажет
. Соның арқасында əлемнің барлық түкпіріндегі жекелеген
адамдар
мен қауымдастықтар қоғамдағы болып жатқан қайта құрулар
мен
артықшылықтарды пайдалануға түгел қатыса алады.
Бұл
кітапта келтірілген ақпараттардың басым бөлігінің жəне менің
жеке
талдамаларымның түп негізінде – Бүкілəлемдік экономикалық
форумның
соңғы жиындарында қарастырылған, талқыланған жəне
пікірталасқа
арқау болған жобалар мен бастамалар жатыр. Осылайша,
бұл
кітап Бүкілəлемдік экономикалық форумның болашақ қызметін
жоспарлаудың
өзінше құрылымын ұсынады. Сонымен қоса, мен бұл
кітапта
бизнестің, мемлекеттік биліктің, қоғамның жетекші
өкілдерімен
көкейкесті əңгімелерді, технологиялық дамудың
өнертапқыштарымен
жəне жастармен өткен кездесулердегі ойларды да
еркін
пайдаландым. Бұл тұрғыдан қарағанда, кітап идеясы ортақ


қорытылған
тұжырымдардан бастау алады, яғни форум
қауымдастығының
ұжымдық ақыл-ойының өнімі болып саналады.
Кітап
үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде - төртінші индустриялық
революция
жөнінде жалпы мағлұматтар жинақталған. Екінші бөлімде
– негізгі түрлендіруші технологияларға сипаттама беріледі. Үшінші
бөлімде
- революцияның салдары жəне ол көлденең тартатын саяси
ұрандардың
мазмұны егжей-тегжейлі баяндалады. Қорытындыда мен
бұл
ауқымды қайта құрулардың əлеуетін қоғамға тиімді енгізу,
қалыптастыру
мен пайдалану жөніндегі кейбір тəжірибеден өткен
идеялар
мен шешімдерімді ұсынамын.
1. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет