Клаус Шваб Төртінші индустриялық революция



Pdf көрінісі
бет98/109
Дата28.09.2022
өлшемі4,97 Mb.
#40701
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   109
Жасанды
интеллект (ЖИ, ағыл., Artificial intelligence) –
интеллектуалды
компьютерлік бағдарламалар мен машиналар жасау
жөніндегі
ғылым мен технология.
Импланттық
технологиялар (лат., In — ішіне + plantare – орнату,
отырғызу
) – қазіргі медицинада адам ағзасына кіріктіріп орнататын
бұйым
түрі, əсіресе тістің орнын алмастырады. Келешекте бұл
технология
өз шеңберін кеңейтіп, түрлі мақсаттарға қолданылатын
болады
. Оның ең ықтимал түрі – адам денесіне алуан түрлі
компьютерлік
қондырғыларды кіріктіріп орналастыру болмақ.
Инжиниринг
(ағыл., engineering - техникалық) - өндіріс үдерісі мен
өнімдерді
іске жаратудың қалыпты жүрісін қамтамасыз етуге
байланысты
техникалық кеңес беретін қызмет түрі.
Инновация
(лат., Novatio) — жаңару, жаңғыру немесе өзгеру, «іп»
қосымшасы
латын тілінен «белгілі бір бағытқа» дегенді білдіреді. Егер
«Innovatio»-ны сөзбе-сөз аударсақ, «өзгеруге бағдар» деуге болады.
Бұл
термин ғылыми-зерттеулерде ХІХ ғасырда пайда болған. XX
ғасырдың
басында америкалық ғалым И.Шумпетер өз еңбектерінде
«инновациялық комбинацияларды талдау нəтижесінде аталған
терминді
алғаш рет экономикаға енгізіп, жаңа мағына үстеді. Қазақ
тілінде
осы түпнұсқада қолданылып келеді.
Интернет
бұйымдар (ағыл., Internet of Things, IoT) - өзді-өзімен
жəне
сыртқы ортамен
қарым
-қатынасқа түсетін кіріктірілген технологиялармен жарақталған
физикалық
заттардың («бұйымдардың») есептеуіш желісінің
тұжырымдамасы
. Мұндай желіні жаңа құбылыс ретінде ұйымдастыру
экономикалық
жəне қоғамдық үдерістерді қайта құруға қабілетті іс-
əрекеттердің
біраз буынына адамның қатысу қажеттігін болғызбауды
көздейді
. Тұжырымдама 1999 жылы физикалық заттардың өзара жəне
сыртқы
ортамен əрекеттесуі үшін радиожиілік бірегейлендіру
құралдарын
кең қолдану болашағын пайымдау ретінде ойластырылған.
«Интернет бұйымдар» тұжырымдамасын алуан түрлі технологиялық
мазмұнмен
байыту жəне оны жүзеге асыру үшін тəжірибелік
шешімдерді
енгізу 2010 жылдан бастап, ақпараттық технологиядағы


тұрақты
үрдіс. Өткізгішсіз желілердің, бұлт технологиясының,
машинааралық
əрекеттестіктердің кең жəне шапшаң таралуы соның
көрінісі
. 2017 бастап «интернет бұйымдар» тек «үй ішінде» ғана емес,
өндерісте
де кең қолданыла бастайды.
Коллаборативті
(ағыл., Collaborative) инновациялар —
коллаборативті
, əлдеқандай саладағы бірнеше тұлғаның немесе
ұйымдардың
ортақ мүддеге қол жеткізу үшін білімдері мен
тəжірибелерін
алмасып, өзара ымыраға келіп бірлескен іс-қимыл
жасауы
Мегатрендтер (ағылш., trend - үрдіс - əлденені өзгертудің
басты
үрдісі. Экономикадағы тренд – көрсеткіштердің басым
қозғалысының
бағыттары. Əдетте баға мен индекстер мəнінің даму
бағыттарына
техникалық талдаулар жасауда қолданылады. Ол көп
жағдайда
халықаралық экономикада «Мега» (Халықаралық бірлік
жүйесінде
қолданылатын он мың есе бірлікті белгілейтін
қосымшалардың
бірі) сөзімен қосарланып қолданылады. Қазіргі
ғаламдық
мегатрендтер дегеніміз - əлемдік жүйе эволюциясының
ағымдағы
кезеңінің сапалық мазмұнын анықтайтын ғаламдық дамудың
аса
ауқымды, ұзақ мерзімді үдерісі. Халықаралық қалыптасқан термин
ретінде
«Мегатренд» деп ағылшын тіліндегі нұсқасын қалдырдық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет