Клаус Шваб Төртінші индустриялық революция



Pdf көрінісі
бет9/109
Дата28.09.2022
өлшемі4,97 Mb.
#40701
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   109
Өнертапқыштықтың
ширыққан қарқыны
Инновация
– өте күрделі əлеуметтік құбылыс. Оны қатардағы ұғым
ретінде
қабылдауға болмайды. Сондықтан да бұл бөлімде əлемді
өзгертуге
қабілетті технологиялық жетістіктердің ауқымы қаншалықты
кең
қамтылса да, біз осындай зерттеулер мен жетістіктердің оң
нəтижелерге
бағытталуын қалай қамтамасыз етеміз деген мəселеге баса
назар
аударуымыз қажет.
Əдетте
, ғылыми мекеме əрқашан өскелең идеяларды əзірлеудің
маңдайалды
жетекшісі ретінде қарастырылады. Дегенмен соңғы
мағлұматтар
көрсетіп отырғандай, бүгінде университеттердің өз бедел-
биігіне
нұқсан келтіріп алмау үшін қаржыландыру ахуалына қарай
батыл
инновациялық бағдарламаларды қолға алуда кезең-кезеңімен
атқарылатын
байырғы зерттеулерге басымдық беретіні байқалады. 12
Зерттеу
барысындағы консервативті бағыттың бетін бері қайтару үшін
ғылыми
қауымдастықтар ғылыми əзірлемелерді дəстүрлі
қаржыландыруды
емес, керісінше коммерциялық қаржыландыруды
ұсынып
отыр. Дегенмен бұл жерде де өзіндік күрделі мəселелер жетіп
артылады
. Мəселен, 2015 жылы Uber Technologies Inc компаниясы


Карнеги
Меллон университетінің лабораторияларындағы кадрлардың
басым
бөлігін құрайтын қырық робототехника маман мен ғалымды
жұмысқа
шақырады. Осылайша университеттің зерттеу əлеуетіне,
АҚШ
-тың Қорғаныс министрлігімен жəне басқа да ұйымдармен
келісімшарттық
жұмыстарына қауіп төндіреді. 13
Ғылым
мен іскерлік əлеміндегі алдыңғы қатарлы іргелі зерттеулерді
жəне
инновациялық технологияларды пайдалануды ынталандыру үшін
үкімет
салмақты зерттеу бағдарламаларын белсенді қаржыландыруы
қажет
.Зерттеушілік арнадағы мемлекет пен жеке сектор арасындағы
əріптестік
баршаға ортақ білім мен адам капиталын жасауға бағытталуы
тиіс
.
2.2. БЕТБҰРЫСТЫ СƏТТЕР
Жалпылама
талқыланып жатқан бұл мегатрендтер бір қарағанда
абстрактілі
дүние сияқты көрінуі мүмкін. Ал шын мəнінде олар –
тəжірибелік
қосымшалар мен əзірлемелердің мызғымас негізі.
2015 жылғы қыркүйекте жарияланған Бүкілəлемдік экономикалық
форумның
есебі болашақ цифрлық гипербайланыс (hyper-connected)
əлемін
қалыптастыратын жиырма бір бетбұрысты сəтті (нақты
технологиялық
алға басушылық қоғамның негізгі бөлігі болып
саналатын
нүкте) анықтады.
Осы
сəттердің барлығы жақын он жылдың ішінде жүзеге асады деп
күтілуде
. Дəл осылар төртінші индустриялық революция алып келетін
терең
өзгерістерді айқара ашып көрсетеді. Бұл бетбұрысты сəттер
Бүкілəлемдік
экономикалық форумның Бағдарламалық қамтамасыз ету
мен
қоғам болашағы жөніндегі мəселе бойынша Халықаралық
сарапшылар
кеңесі зерттеулерінің нəтижесінде анықталған. Оған
ақпараттық
жəне коммуникациялық технологиялар саласының сегіз
жүздей
жетекшісі мен сарапшысы қатысқан.
1-кестеде «бұл бетбұрысты сəттер 2025 жылға дейін-ақ жүзеге асады»
деп
санайтын сауалнамаға қатысушылардың пайыздық көрсеткіші
келтірілген
. Əрбір бетбұрысты сəт пен оның оң жəне теріс нəтижелері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет