ісіне
де зор ықпал етеді. Бұл құбылыстың сипатты белгілерінің бірі –
корпорация
өмірінің орташа ұзақтығы, S&P 500 рейтингінде
тіркелгендей
, салыстырмалы түрде қарағанда 60 жылдан 18 жылға
дейін
қысқаруы. Жаңа ойыншылар үшін нарықта үстемдікке жəне
табыстың
қомақты көрсеткіштеріне жетудің тағы бір жолы – қажетті
мерзімді
қысқарту болып отыр. Миллиард долларды құрайтын жылдық
табысқа
қол жеткізу үшін Facebook-қа алты жыл, ал Google-ге бес жыл
керек
болды. Барлық жерде цифлық мүмкіндіктермен іске қосылатын
жəне
қамтамасыз етілетін жаңа технологиялар бизнестің өзгеру
қарқыны
мен ауқымын арттыратынына ешқандай күмəн жоқ. Бұл –
менің
жаһандық басшылармен, бизнес топ-менеджерлерімен
жүргізетін
дүниежүзілік ақпараттық ағындар, дүмпулер қарқыны мен
инновациялық
дамудың үдеуін болжаудың немесе алдын алудың мүмкін
еместігі
туралы əңгімелерімнің негізгі тақырыбын айқындай түседі.
Олар
үнемі тосын жаңалықтарымен қайран қалдырудан танбайды. Осы
тұрғыда
бизнестің табысты көшбасшыларының келесі буыны үздіксіз
оқуы
, бейімделуі, сондай-ақ өздерінің жеке концептуалды жəне
түбегейлі
жетістік нəтижелеріне əрқашан сын көзбен қарау қабілетімен
ерекшеленіп
отыруы керек.
Осылайша
, төртінші индустриялық революцияның бизнеске əсер
етуінің
маңызды міндеті – өзін жекеменшік ұйымның құрылымында да,
бизнестің
көшбасшысы ретінде де сезінуі өмірлік қажеттілікке
айналады
.
Оқу
мен өзгеруге деген ұмтылыс ұйымдастырушылық-көшбасшылық
қабілетін
көрсете алды ма? Прототиптерді қалыптастыру мен
инвестициялық
шешімдерді жылдам қабылдау тəжірибесі бар ма?
Компания
мəдениеті инновацияларды қабылдай ала ма жəне ондай
жағдайда
сəтсіздіктерге қалай төтеп береді? Менің айналамдағы
барлық
факторлар жылдамдық қарҚынының өсуін, ал өзгерістердің
байыппен
болатындығын ғана куəландыруда. Сондықтан ұйымның
шапшаң
жəне ұрымтал жұмыс істеу қабілетіне мейлінше сергек
көзқарас
қажет.
Достарыңызбен бөлісу: