Клаус Шваб Төртінші индустриялық революция



Pdf көрінісі
бет22/109
Дата28.09.2022
өлшемі4,97 Mb.
#40701
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   109
Дүмпу
көздері


Дизрупцияның
сан мыңдаған қайнар көздері бизнеске алуан түрлі
жағдайда
əсер етеді. Қазіргі талап тұрғысынан көптеген салалар жаңа
технологияларды
ендіру кезеңдерін бастан кешуде. Сол арқылы олар
қазіргі
сұранысты қанағаттандырудың мүлде жаңа тəсілдерін жəне
құндылықтарды
қалыптастырудың қолданыстағы тізбегін бұзудың
алғышарттарын
қарастыруда. Оның мысалдары жетіп артылады.
Энергетикалық
саладағы қуат пен желілерді жинақтаудың жаңа
технологиялары
осыған əсер етуші күштерді орталықсыздандыруға
қарай
ойыстырады. 3D басып шығарудың кең таралуы – қосалқы
бөлшектер
өндірісі мен техникалық қызмет көрсетуді жеңілдетіп,
арзандатады
. Уақыт талабына сəйкес ақпараттар мен жедел мəліметтер
- тұтынушылар мен активтердің өнімділігі туралы бірегей білім қорын
қамтамасыз
етеді. Бұл, өз кезегінде басқа технологиялық
тенденциялардың
кең таралуына түрткі болады.
Зерттеулер
, даму, маркетинг, сату мен дистрибуция (таратуды) жүргізу
үшін
ғаламдық цифрлық платформаларға қол жеткізу мүмкіндігі бар
жедел
, прогрессивті бəсекелестер де – дүмпу (disruption) көздері
болып
табылады. Олар бұрынғымен салыстырғанда сапасын,
жылдамдығын
жəне өнімді немесе қызметті жеткізу бағасын жетілдіру
есебінен
тəжірибелі, беделді тұлғалардан жылдамдығы жағынан асып
түсуі
мүмкін. Сондықтан бизнестің көшбасшылары өз дəрежесіне жете-
қабыл
əріптесін ең басты, ең қауіпті бəсекелесі санайды. Алайда
стартаптар
ғана бəсекелестік дүмпуінің көзі деп ойлау – қателік.
Цифрлық
технологиялардың таралуы – нарықтағы ірі ойыншыларға
тұтынушылық
базаны, инфрақұрылымды немесе технологияны тиімді
пайдалану
жолымен, салалардың шекараларын аттап өту мүмкіндігін
береді
. Мысал ретінде, денсаулық сақтау жəне автокөлік салаларына
телекоммуникациялық
компаниялардың енгізілуін келтіруге болады.
Əрине
, бұл кезде бəсекелестік те артуы мүмкін.
ТӨРТІНШІ
ИНДУСТРИЯЛЫҚ РЕВОЛЮЦИЯ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ
ҰШҚЫР
ДАМУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ƏРТҮРЛІ
МАЗМҰНДАҒЫ
ЖАҢА ДАҒДЫЛАР МЕН ҰМТЫЛЫСТАРДЫ ИГЕРУІ
МЕН
ҮЗДІКСІЗ БЕЙІМДЕЛУ ҚАБІЛЕТТЕРІНЕ БАСА КӨҢІЛ БӨЛЕТІН
БОЛАДЫ


Сұранысқа
негізделген ұмтылыстар да бизнестің дүмпуін қамтамасыз
етеді
: үдемелі ашықтық, тұтынушыларды тарту жəне тұтынушы мінез-
құлқының
жаңа модельдері (мобильдік желілер мен деректерге қол
жеткізу
негізінде құрылатын) компанияларда қолданылатын жəне жаңа
өнімдер
мен қызметтерді əзірлеу, маркетинг жəне жеткізу əдістерін
бейімдеуге
мəжбүрлейді.
Тұтастай
алғанда, менің ойымша, төртінші индустриялық
революцияның
бизнеске əсер етуі – үшінші индустриялық революцияға
тəн
цифрлық технологиялардың қарапайым таралуынан түрлі
технологияларды
жаңа əдіспен үйлестіруге негізделген
инновациялардың
барынша күрделі формасына қарай еріксіз ойысады.
Бұл
– барлық компанияларды түрлі формаларды қабылдай отырып,
бизнесті
жүргізу əдістерін қайта қарауға мəжбүрлейді. Бір компаниялар
үшін
баға қалыптастырудың жаңа саласын басып алу – аралас
сегменттерде
жаңа бизнесті əзірлеуде болса, ал басқалар үшін бұл –
өздері
жұмыс жасайтын салалардағы бағаны қалыптастырудың аралас
орталықтарын
табуды білдіреді. Бірақ қорытынды өзгеріссіз қалады.
Көшбасшылар
мен бизнес басшылары бұл дүмпу олардың бизнесінің
сұраныс
пен ұсыныс тараптарын бірдей қозғайтынын түсінуі керек. Өз
кезегінде
, бұл оларды өз операциялық бөлімшелерінің жорамалдарына
сыни
тұрғыда қарауға үйретіп, жұмыстың жаңа əдістерін табуға
иландыруы
керек. Басқа сөзбен айтқанда, олар үнемі инновациялық
ізденісте
болуы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет