Клаус Шваб Төртінші индустриялық революция


Аймақтар мен қалалар инновациялық орталық ретінде



Pdf көрінісі
бет35/109
Дата28.09.2022
өлшемі4,97 Mb.
#40701
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   109
Байланысты:
Төртінші индустриялық революция (Клаус Шваб)

Аймақтар
мен қалалар инновациялық орталық ретінде
Автоматтандырудың
кейбір елдер мен аймақтардың, əсіресе еңбекті
көп
қажет ететін тауарлар өндірісі мен қызмет көрсетудегі
салыстырмалы
түрдегі артықшылығына зиян тигізетіндігі, əсіресе
рыноктары
жедел өсіп келе жатқан дамушы елдерге ықпалы
алаңдатады
. Бұндай сценарий бүгінгі таңда гүлденіп келе жатқан
кейбір
елдер мен аймақтардың экономикасын əлсіретуі мүмкін.
Егер
қалаларын (инновациялық экожүйелер) тұрақты түрде
қажеттіліктермен
қамтамасыз етіп тұрмаса, ешқандай елдің де,
аймақтың
да гүлдене қоймайтыны белгілі. Бүкіл тарихтың өнбойында
қалалар
экономикалық өсудің, гүлдену мен əлеуметтік прогрестің
қозғалтқышы
қызметін атқарады.Олар келешекте де елдер мен
аймақтардың
бəсекеге қабілеттілігі үшін айтулы маңызға ие бола
бермек
. Бүгінгі таңда жер шары халқының жартысынан астамы орта
деңгейдегі
қалалардан бастап, мегаполистерде тұрады. Қалалықтардың
саны
əлемде барған сайын өсе түсуде. Елдер мен аймақтардың бəсекеге
қабілеттілігіне
ықпал жасайтын, инновациялар мен
инфрақұрылымдардың
құрылуы, мемлекеттік басқару секілді
факторлардың
бəрі – қалаларда шоғырланған.
Икемділік
сипаттағы реттеуші жүйе қолдауының арқасында,
қалалардың
технологияларды игеруі барысындағы шапшаңдығы –
маман
кадрларды тарту ісінде олардың басқалармен бəсекеге
қабілеттілігін
айқындайтын болады. Аса жылдам, кең ауқымды
байланыстардың
болуы, көлік жүйесіне цифрлық технологиялардың
енгізілуі
, энергияны тұтынуы, қалдықтарды қайта өңдеу аясында жəне
т
.б. жағдайларда жеке қаланы өмірге мейлінше бейімдеу – оны
басқаларға
қарағанда тартымды етіп көрсете алады.
Сондықтан
да дүниежүзіндегі қалалар мен елдер – төртінші
индустриялық
революция елеулі түрде табан тірейтін ақпараттық жəне
коммуникациялық
технологиялардың қолжетімділігі мен
пайдаланылуын
қамтамасыз етуге бар күштерін шоғырландыруда.
Өкінішке
қарай, Дүниежүзілік экономикалық форумның «Ақпараттық


технологиялар
жөніндегі 2015 жылғы жаһандық есебінде»
көрсетілгеніндей
, ақпараттық-коммуникативтік технологияның
инфрақұрылымы
, көпшілік жұрт елестететіндей, қарқынды дамып
отырған
жоқ, əлі баяу таралуда. «Жер шары халқының жартысында
ұялы
телефон жоқ, 450 милллион адам ұялы байланыстың дабылдары
жетпейтін
жерде өмір сүруде. Елдердің 90% тұрғындарының табыс
деңгейі
төмен, əлем халықтарының 60%-ы осы күнге дейін интернетті
пайдаланбайды
. Ең соңында, қолданыстағы ұялы телефондардың
басым
бөлігі ескіріп кеткен».45
Сөйтіп
, үкіметтер – əріптестіктің, тиімділіктің жəне кəсіпкерліктің
жаңа
модельдерінің негізінде экономикалық мүмкіндіктерді құруға
жəне
жалпы гүлденуге қажетті қалалар мен елдердің базалық
инфрақұрылымдарын
қамтамасыз ету үшін кез келген даму деңгейінде
болуы
мүмкін цифрлық кедергілерді еңсеруге шоғырлануы тиіс.
Форумның
«Мəліметтер негізінде даму» бағыттары бойынша жұмысы
– бұл мүмкіндіктерді пайдалану тек цифрлық инфрақұрлымдарға қол
жеткізудің
ғана маңызды емес екендігін ашып көрсетеді. Қажетті
мəліметтердің
құрылуы, жинақталуы, берілуі жəне пайдаланылуы
барысындағы
шектеуді ескере отырып, көптеген елдерде, соның ішінде
«Жаһандық оңтүстік» елдерінде «мəліметтер тапшылығы» (data
deficit) мəселелерін шешуге күшжігерді бағыттау да соншалықты
маңызды
болып отыр.
Мұндай
тапшылыққа ұрындыратын төрт кемшілікті (gaps) еңсеру:
ayқымды мəліметтер мен оларға қолжетімділік, оларды басқару мен
пайдаға
жарату мəселелері – елдерге, аймақтарға жəне қалаларға даму
өрісін
жақсартуға ықпалы тиетін көптеген қосымша мүмкіндіктер
береді
. Мысалы, жұқпалы аурулардың таралмауын қадағалау,
стихиялық
зардаптар жағдайында оңтайлы əрекеттер жасау, халықтың
кедей
топтары үшін мемлекеттік жəне қаражаттық қызметтерге
қолжетімділікті
арттыру жəне халықтың əлжуаз тобының көші-қон
модельдерін
байыптау.
Елдер
, аймақтар жəне қалалар - тек нормативті базаны өзгертумен
шектеліп
қалмайды, олардың мүмкіндіктері одан да зор. Жаңа
цифрлық
жаңғыртулар старт алаңдарына айналу үшін белсенді түрде


қаржыландырылуы
мүмкін. Соның есебінен инновациялық стартап
жасайтын
кəсіпкерлерді өздеріне тартып, ынталандырады, сондай-ақ,
оларға
қаржы салатын инвесторларды табады, төртінші индустриялық
революцияны
қамтамасыз ететін жаңа кəсіпорындардың өзара
үйлесімді
қызметіне көмектеседі. Жас динамикалық фирмалар мен
абырой
-беделі қалыптасқан кəсіпорындар бір-бірімен біріге отырып,
азаматтармен
жəне университеттермен ашық əңгіме жүргізеді.
Қалалар
шағын жəне жаһандық экономика үшін шынайы
құндылықтарға
жаңа идеяларды іске асыру үдерістерін тарататын
эксперименттік
алаңдар мен қуатты орталықтарға айналады.
Инновация
аясында əрекет ететін Британия қайырымдылық
ұйымдарының
мəліметтері бойынша, дүниежүзіндегі басқалармен
салыстырғанда
, инновацияға ынталандыру жасайтын көзқарас
тұрғысынан
реттеудің тиімді ортасын қалыптастыратын негізгі
қалалар
- Нью-Иорк, Лондон, Хельсинки, Барселона жəне Амстердам
болып
табылады. «Неста» зерттеулеріне қарағанда, формалды түрде
енгізілген
ережелер əрекет ететін облыстардан тыс өзгерістерді жүзеге
асыру
үшін, бұл аталған қалалар шығармашылық тəсілдерді сəтімен
қолдануда
. Олар «ашық болу» (being open) принципі бойынша əрекет
етеді
. Ал олардың үкіметтері көбінесе кəсіпкерлер (бюрократтар
сияқты
емес) тəрізді жұмыс істейді. Үш өлшем де өз дəрежесінде үздік
жетістіктердің
үлгісі, бұларды біз жаһандық деңгейде байқап отырмыз.
Сондай
-ақ бұл үлгіні жаңа нарықтар мен дамушы елдердің қалаларына
бірдей
қолдануға болады. Колумбияның Медельин қаласы мобильді
инновациялық
тəсілдерді жəне дамудың экологиялық жолын ұстанғаны
үшін
2013 жылы «Жыл қаласы» марапатына ие болып, Нью-Иорк пен
ТельАвив
тəрізді мəреге жеткен жүлдегер қалаларды басып озды.
2015 жылдың қазанында «Жаһандық күн тəртібінде қалалардың
болашағы
» атты Дүниежүзілік экономикалық форум тұтас
проблемалар
қатарын инновациялық шешуді қарастыратын əлемнің
барлық
қалалары бейнеленетін баяндаманы жариялады (Д


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет