бұлыңғыр ) көп ақпарат алуға мүмкіндік береді. Көлемді мəліметтерді талдау жəне логикалық қорытындылау əдістері арқылы пайдаланушылардың жеке мəліметін өңдеу пайдаланушылар мен тұтынушылар үшін де қолайлы жаңа қызмет түрлеріне жол ашады. Бұл пайдаланушылардың едəуір дер : бестендірілген арнайы қызмет сұраныстары арқылы жүзеге асады . Бірақ осыған қатысты күрделі мəселе туындауы мүмкін.
Бұл тікелей өзгелердің қол сұғуына рұқсат етілмейтін пайдаланушы өмірінің құпиялары мен жеке тұлғаның құқығына қатысты мəселе болмақ. Киберқылмыстың өсуі жəне Құпия мəліметтердің ұрлануы салдарынан қадағалау мен бостандық арасындағы тепе-теңдік бақылауды күшейту арқылы тез бұзылады . Бұл туралы Американың барлау қызметкері, барлау қызметінің сарапшысы, АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздігін сақтау бойынша операцияларының құжаттарын ашқан Эдвард Сноуденнің тікірінде айтылады.
Қолжетімділік жəне инклюзивтік (inclusion)
Ғаламдық экономика дамыған сайын цифрлық технологияларға қарай күрт ойысуда, экономиканың гүлденуінің басты себебі –
сенімді интернет инфрақұрылымы болып отыр. Мемлекет бұл технологияның жетістігін артықшылық ретінде түсінуі тиіс.
Өзінің ішкі мəселелерін қалыпты ету үшін жаңа технологияларға қол жеткізіп қана қоймай, оларды кеңейтіп, қолдап, əбден сіңіріп,
ақпараттық қоғамға аяқ басуы қажет. Цифрлық технологиядан