Қазіргі
ақпараттық қоғамда ақпарат ассиметриясы (asymmetries)
биліктің
асқынған ассиметриясына алып келуі мүмкін.
Себебі,
технологияны
басқару білімін меңгерген адам бұны да істей
алады
.
Бүгін суперқолданушы құқын иеленген субъект зор күшке
ие
.
Айта кететін нəрсе,
заманауи технологияның
артықшылықтары
мен құпия аспектілерін меңгерудің қиын:
дауына
байланысты адамдар техникалық білімі барлар жəне
технология
дан хабарсыздар болып бөлініп,
теңсіздік асқына
түсуде
.
Дереккөз
: «Қалыпты жағдайды өзгертетін əрекеттер дəуірінде
маневрлік
басқару принциптеріне шақыру», Бағдарламалық
қамтамасыз
ету жəне қоғам мəселесі жөніндегі Жаһандық
сараптамалық
кеңес. Дүниежүзілік экономикалық форум, 2015
жылдың
қарашасы.
3.3.2.
Елдер,
аймақтар жəне қалалар
Цифрлық
технологиялар үшін шекара болмайтындықтан, біз
технологияның
географиялық ерекшеліктерге ықпалы жөнінде жəне
географияның
технологияларға əсері туралы ойласақ, сансыз сауалдар
туындайды
. Төртінші индустриялық революция жағдайында елдерге,
аймақтар
мен қалаларға тиесілі рөлдерді қалай анықтауға болады?
Бұрынғы
индустриялық революциялар кезіндегідей, Батыс Еуропа мен
АҚШ
тағы да қайта жаңғыру үдерістерінің көшбасында тұра ала ма?
Кейбір
мемлекеттер жедел даму арқылы басқаларды басып оза ала ма?
Қоғамды
жақсартуға бағытталған ынтымақтастықтар тиімді бола
бастай
ма, əлде біз фрагментацияның өсуін тек ел ішінде ғана емес,
сондай
-ақ əртүрлі елдер арасындағы қарым-қатынастардан да байқай
аламыз
ба? Тауарлар мен қызмет көрсету кез келген жерде болып
жатқан
сəттерде жəне сұраныстың басым бөлігі болып табылатын
ақысы
аз еңбекті автоматты өндіріс ығыстырып жатқан кезде, қуатты
мекемелер
мен өмір сүрудің жоғары сапасы кепілдендірілген елдерге
қоныс
аударуға əркімнің шамасы жете бере ме?
Достарыңызбен бөлісу: