Клаус Шваб Төртінші индустриялық революция



Pdf көрінісі
бет75/109
Дата28.09.2022
өлшемі4,97 Mb.
#40701
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   109
Байланысты:
Төртінші индустриялық революция (Клаус Шваб)

Теріс
ықпалы
— қадағалау, жеке ақпарат;
– энергиямен жабдықтау жүйелеріндегі апаттық жағдайлардағы коллапс қатері (электр
энергиясының
толық өшуі);
- кибершабуылдарға деген əлсіздіктің жоғары деңгейі.
Беймəлім
немесе əрі оңəрі теріс ықпалдар
– қаладағы мəдениет пен көңіл күйге əсер ету;
- қалалардағы өмір сүру сипатының өзгеруі.
Іс
-əрекеттегі түбегейлі өзгерістер


The Future Internet жариялаған баяндамаға сəйкес: «Испанияның солтүстігінде
орналасқан
Сантандер қаласында ғимараттарға, инфрақұрылым нысандарына,
транспортқа
, желілерге жəне коммуналдық қызметтерге қосылған 20 мың сенсор бар.
Бұл
қала – эксперименттер жүргізу жəне өзара əрекет ету мен басқару хаттамалары
секілді
əрекеттерді, құрылғылардың жұмыс технологиясын тексеру, сондай-ақ
іздестіру
, тұлғаны сəйкестендіруді басқару жəне қауіпсіздікті қамтамасыз ету секілді
қызметтер
үшін өз физикалық кеңістігін ұсынады.
Дереккөз
: «Ақылды қалалар жəне интернет желісінің болашағы: ашық инновациялар
мақсатында
ынтымақтастық шекарасын құру жолында», Н. Schaffers, N. Komninos, M.
Pallot, B. Trousse, M. Nilsson and A. Oliveira, The Future Internet, J. Domingue et al.
(eds), LNCS6656, 2011, pp. 431-446, 
http://link.springer.com/chapter/10.1007%2F978-
3-642–20898-0_31
.
11. Шешім қабылдауға қажетті ауқымды мəліметтер (BIG DATA)
Бетбұрысты
сəт: халық санағын ауқымды мəліметтер көзі арқылы жүргізген алғашқы
үкімет
.
2025 жылға қарай: сауалнамаға жауап берушілердің 83%-ы осы бетбұрысты сəтке қол
жеткізуге
үмітті.
Бұрынғыға
қарағанда, бүгінде қоғамдастық туралы мəлімет молайды. Одан бөлек, осы
мəліметтерді
түсіну қабілеті мен оларды басқару тұрақты түрде жақсарып келеді.
Үкімет
мəліметтерді жинаудың бұрынғы тəсілдері жарамсыздығын, өздерінің ағымдағы
бағдарламаларын
автоматтандыру үшін «ауқымды мəліметтер» технологиясын
қолдануға
көшу керектігін, сондай-ақ азаматтар мен тұтынушыларға қызмет көрсету
үшін
жаңа жəне инновациялық амалдарды енгізу мүмкін екенін мойындай бастауы
ықтимал
.
Ауқымды
мəліметтер артықшылығын пайдалану салалар мен қосымша қызметтерде
үздік
жəне тез шешімдер қабылдауға мүмкіндік туғызады.
Шешімдерді
автоматты түрде қабылдау азаматтардың өмірін жеңілдете алады жəне
кəсіпорындар
мен үкіметке нақты уақыт аясында қызмет көрсетуге, сонымен қатар
салық
декларациясын тапсыруды автоматтандырудан бастап, төлемдерді жүзеге
асыруға
дейінгі аралықта əртүрлі жағдай туғызады.
Ауқымды
мəліметтерді пайдалану кезінде тəуекелдер де, мүмкіндіктер де маңызды.
Шешімдерді
қабылдау үшін қолданылатын мəліметтер мен алгоритмдерге деген
сенімді
қалыптастырудың да маңызы зор.
Азаматтардың
жеке ақпаратын сақтауға қатысты алаңдаушылығы жəне бизнес
құрылымдар
мен заң мекемелерінде қатал есеп беруді енгізу – адам менталитетінің
өзгеруін
жəне мəліметтерге жеке бейнелердің еніп кетпеуін, күтпеген жағдайлардың
болмауын
қатаң басшылыққа алуды қажет етеді. Ауқымды мəліметтерді тиімді
пайдалану
барысында бүгінде қолмен атқарылып жатқан кейбір жұмыстардың қажетсіз


болып
қалуы жəне қазіргі кезде нарықта жоқ жұмыс орындарының бір мезгілде пайда
болуы
мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет