мəжбүрлейді
. Бұрындары еңбек біліктілігі ұғымының дəстүрлі
анықтамасы
жоғары деңгейдегі білімнің немесе арнайы білімнің жəне
мамандыққа
немесе сараптамашылыққа қатысты бірқатар қабілеттерді
иеленуімен
негізделетін. Енді технологияның ұшқыр дамуына
байланысты
төртінші индустриялық революция – қызметкерлердің
əртүрлі
мазмұндағы жаңа дағдылар мен ұмтылыстарды игеру мен
үздіксіз
бейімделу қабілеттеріне баса көңіл бөледі.
«Жұмыс орнының болашағы» форумының есебінде де кадр бөлімі
басшыларының
жартысына жетпейтін бөлігі өз ұйымдарының мұндай
қозғалысқа
дайындығы бойынша кадрлық стратегиясына, бері айтқанда,
сенімділіктерін
байқатқан. Жалпыға ортақ, тастүйін сенімді көңіл
күйді
орнықтыруға кедергі келтіретін жағдайлардың санатына –
компаниялардың
буырқанысты өзгерістердің шынайы сипатын жете
түсінбеуін
, компанияның кадрлық саясаты мен инновациялық
стратегиясының
арасында үйлесімнің жоқтығын, ресурстардың
шектеулігі
мен табыскерлікке қысым жасау факторының орын алуын
жатқызуға
болады. Оның салдары компаниялардың осы тектес
мəселелерді
шешуге байланысты жасаған іс-қимылдарының алда
тұрған
өзгерістердің ауқымына сəйкес келмей, оны айналсоқтап қана
өтуіне
əкеледі. Ұйымдарға өздерінің кадрлық сұраныстарын
қанағаттандыру
мен зардапты əлеуметтік наразылықтардың алдын алу
үшін
мүлде жаңа көзқарас қалыптастыру керек болады.
Достарыңызбен бөлісу: