Сұранысқа
негізделген ұмтылыстар да бизнестің дүмпуін қамтамасыз
етеді
: үдемелі ашықтық, тұтынушыларды тарту жəне тұтынушы мінез-
құлқының
жаңа модельдері (мобильдік желілер мен деректерге қол
жеткізу
негізінде құрылатын) компанияларда қолданылатын жəне жаңа
өнімдер
мен қызметтерді əзірлеу, маркетинг жəне жеткізу əдістерін
бейімдеуге
мəжбүрлейді.
Тұтастай
алғанда, менің ойымша, төртінші индустриялық
революцияның
бизнеске əсер етуі – үшінші индустриялық революцияға
тəн
цифрлық технологиялардың қарапайым таралуынан түрлі
технологияларды
жаңа əдіспен үйлестіруге негізделген
инновациялардың
барынша күрделі формасына қарай еріксіз ойысады.
Бұл
– барлық компанияларды түрлі формаларды қабылдай отырып,
бизнесті
жүргізу əдістерін қайта қарауға мəжбүрлейді. Бір компаниялар
үшін
баға қалыптастырудың жаңа саласын басып алу – аралас
сегменттерде
жаңа бизнесті əзірлеуде болса, ал басқалар үшін бұл –
өздері
жұмыс жасайтын салалардағы бағаны қалыптастырудың аралас
орталықтарын
табуды білдіреді. Бірақ қорытынды өзгеріссіз қалады.
Көшбасшылар
мен бизнес басшылары бұл дүмпу олардың бизнесінің
сұраныс
пен ұсыныс тараптарын бірдей қозғайтынын түсінуі керек. Өз
кезегінде
, бұл оларды өз операциялық бөлімшелерінің жорамалдарына
сыни
тұрғыда қарауға үйретіп, жұмыстың жаңа əдістерін табуға
иландыруы
керек. Басқа сөзбен айтқанда, олар үнемі инновациялық
ізденісте
болуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: