Клаус Шваб Төртінші индустриялық революция


Дамушы экономикаға ықпалы



Pdf көрінісі
бет20/109
Дата28.09.2022
өлшемі4,97 Mb.
#40701
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   109
Байланысты:
Төртінші индустриялық революция (Клаус Шваб)

Дамушы
экономикаға ықпалы
Мұның
бəрі дамушы елдерге аса тиімді екенін қаперде ұстаудың
маңызы
зор. Дамыған елдер экономикасының міндетті шартына
айналған
электрге, таза суға, тазалық нормалары мен басқа да еңбектің
негізгі
құралдарына қолы жетпей отырған жер беті тұрғындарының
біраз
бөлігіне индустриялық революцияның өткен кезеңдерінің өзі əлі
толық
жете қойған жоқ. Соған қарамастан, төртінші индустриялық
революция
сол деңгейдегі дамушы елдерді де шарпымай қоймайды.
Төртінші
индустриялық революцияның салдары қандай болатыны əлі
айқындалған
жоқ. Соңғы онжылдықта ішкі теңсіздіктің өсуіне
қарамастан
, елдер арасындағы сыртқы алшақтық азая түсті. Соңғы кезде
табыс
, дағды, инфраструктура, қаржы жəне басқа да салалардан


байқағанымыздай
, төртінші индустриялық революция жағдайында
экономикалар
арасындағы алшақтық күрт қысқаруы мүмкін бе?
Технологиялар
мен жедел өзгерістер секірмелі қозғалысты дамыту мен
жеделдетуге
пайдаланыла ма?
Мұндай
қиын сауалдарға, тіпті экономиканың ішкі мəселелері
шешілмей
жатқан күннің өзінде де мұқият мəн берген дұрыс. Бұл
моральдық
ұстаным ғана емес, бұл – геосаясат пен қауіпсіздік
мəселелерін
туғызатын, көші-қон толқындарынан пайда болатын
ғаламдық
тұрақсыздық қатерін азайтатын аса маңызды қағида.
Төртінші
индустриялық революция кезеңінде табыс көлемі төмен елдер
үшін
дамыған экономикадағы ғаламдық өндірістің маңызды бөлігінің
«қайтарылуы» (re-shoring) – өзекті сценарий болмақ. Егер арзан жұмыс
күш
iнiң қолжетімділігі бұдан əрі компанияның бəсекелестік қабілетін
танытпаса
, оның ақыры сондай жағдайға əкелуі əбден мүмкін.
Əлемдік
экономикаға қызмет етіп отырған тиімді өндірістік сектордың
капитал
жинауға, технологияларды беру мен табысты көбейтуге
мүмкіндік
жасау қабілеті енді ескірген сүрлеуге айналады. Бұл
жағдайда
көптеген елдер индустрияландырудың өзіндік моделі мен
стратегиясын
қайта қарауына тура келеді. Дамушы елдердің төртінші
индустриялық
революцияның мүмкіндіктерін қалай пайдаланатыны –
бүкіл
дүниежүзі үшін аса салмақты сауал. Бұл ретте қажетті
технологияларды
түсіну, оны жасау мен бейімдеу жолында зерттеулер
мен
идеяларды əзірлеудің маңызы зор. Мұндағы қауіп мынада: төртінші
индустриялық
революция ел арасында өктем күшке айналатын
«жеңімпаз бəріне ие болады» деген ұстанымды қалыптастырады. Бұл –
əлеуметтік
шиеленіс пен кикілжіңдері ушыққан, ішіне іріткі түсіп,
тұрақсыздық
қаупі етек алған əлемнің алғышарты. Оның үстіне, қазіргі
адамдар
əлеуметтік теңсіздік пен əлем елдерінің өмір сүру деңгейі
туралы
ақпаратқа жедел қанығып отыратыны белгілі. Егер мемлекеттік
жəне
жеке сектор көшбасшылары азаматтарын өздеріне артылған сенім
стратегиясын
халықтың əл-ауқатын жақсартуға жұмсап отырғанына
иландыра
алмаса, онда елдің барлық даму кезеңдеріне қауіп төндіретін
əлеуметтік
бей-берекетсіздік, жаппай қоныс аудару жəне əскери
экстремизм
тууы мүмкін. Азаматтардың өзін жəне отбасын қамтамасыз
ете
алатын, берекелі еңбекпен айналысамын деген берік сенімінің


болуы
– қай кезде де аса маңызды. Егер жұмыс күшіне деген сұраныс
мардымсыз
немесе кəсіптік дағдылары нарық талаптарына сəйкес
келмесе
, олардың басқа қандай амалдары қалады?
3.1.3. Еңбектің өзгеше сипаты
Жұмыс
күші мен компания арасында тұрақты ұзақ қарым-қатынастан
гөрі
, келісім құндылығы бағаланатын əлемнің үстемдік құратыны
осыдан
он бес жыл бұрын Дэниел Пинктің «Free Agent Nation»26 атты
кітабында
сипатталған еді. Технологиялық инновация бұл үрдісті
тіптен
жылдамдата түсті.
Бүгін
«сұранысты экономика» (on-demand economy) біздің
жұмысымызға
жəне қоғамдық құрылым мен қарым-қатынасымызға
етене
кірігіп, оны түбірімен өзгертуде. Жұмыс берушілер мəселені
шешу
үшін «адам – бұлтын» (human cloud) жиі пайдаланады. Кəсіптік
іс
-əрекет мүлтіксіз тапсырмалар мен нақты жобаларға бөлінеді, одан
кейін
əлемнің кез келген елінде орындауға мүмкіндік беретін
«Виртуалды бұлттарға» шығарылады. Бұл жаңа «Сұранысты
экономикада
» жұмыс істеушілер дəстүрлі түсініктегідей Қызметкерлер
емес
, нақты тапсырмаларды еркін орындаушыларға айналады. Бұл
идеяны
негіздеген – Нью-Иорк университетінің Стера Бизнес
мектебінің
профессоры Арун Сандарарян болатын. «The New York
Times» газетіндегі журналист Фархад Маньюдің бағанында: «Біз жұмыс
күші
өз табысын арттыру үшін қат-қабат тапсырмаларды орындайтын
əлемге
тап келуіміз кəдік: Сіз Uber-дің жүргізушісі, Instacart
тұтынушысы
, Airbnb қонақ үйінің қожайыны немесе «Taskrabbit»
жобасының
қатысушысының қатарынан табылуыңыз əбден мүмкін.7
Компания
үшін цифрлық экономиканың артықшылығы —
стартаптардың
қауырт өсуінде екендігі анық. Себебі, «адам бұлты
платформалары
» (human cloud platforms) қызметкерлерді жеке
кəсіпкер
деңгейіне көтереді, олар (бүгінде) ең төменгі жалақы
мөлшерін
төлеуге, табыс салығы мен əлеуметтік қамту талаптарын
орындауға
міндетті емес. Ұлыбританиядағы «MBA & Company»-дың
жетекшісі
Дэниел Каллаганның «Financial Times»тағы мақаласында
түсіндіргеніндей
: «Енді керегіңнің бəрін кез келген уақытта, қалаған


жеріңнен
алуға болады. Сіз басыбайлы қызметкер болмағандықтан,
бұдан
былай бос əурешіліктермен, жұмысқа орналасудың
машақаттарымен
ешқашан да бетпе-бет келмейсіз». 28
«Бұлтта» отырған адамдардың басты артықшылығы – олардың ғаламдық
виртуалды
желінің мүшесі ретінде қол жеткізетін бас еркіндігі (жұмыс
істеуге
немесе істемеуге деген) мен əбжіл де ұтқыр мүмкіншіліктері.
Кейбір
тəуелсіз жұмыскерлердің түйіндеуінше, бұл – еркіндіктің
керемет
үйлесімі ешқашан күйзелісті күй кешпей, жұмыстың жан
рахатын
көру. Дегенмен «адам бұлты» əлі де бесігінде жатқанмен,
қазірдің
өзінде жұмысты үнсіз (silent) офшорға шығаруға қатысты
(«үнсіз» дейтін себебі: «адам бұлты платформасы» еш жерде
тіркелмеген
жəне өз мəліметтерін ашуға міндетті емес) қомақты
мағлұматтар
жинақталған.
Бұл
, интернет желісіне қосылған жəне кəсіпқой маманға зəрулікті
жоюға
қабілетті, бейімделгіш, кез келген адамға тəуелсіздік пен жаңа
мүмкіндіктер
əкелетін жаңа еңбек революциясының басы ма? Жоқ,
реттеуге
келмейтін виртуалды азапты еңбектің тұңғиығына тартатын
аяусыз
əлемнің туындауына алып келе ме? Егер революцияның
нəтижесі
соңғы нұсқа болып шықса, тапсырыстан тапсырысқа дейін
ғана
күндерін əрең көріп отырған əлжуаздардан тұратын (precariat)
əлеуметтік
тап еңбек ету құқынан да, еңбек шартын жасау мүмкіндігі
мен
жұмыспен қамту кепілдігінен де түгел айырылып, əлеуметтік
толқулар
мен саяси тұрақсыздықтың қозғаушы күшіне айналмай ма?
Ақыр
соңында адамға арналған бұлттың дамуы жұмыс орындарын
автоматтандыру
процесін жеделдете ме?
Шешімін
күтіп тұрған мəселе – қазіргі жұмыс күшінің табиғаты мен
жұмыстың
өзгермелі сипатына сай келетін əлеуметтік еңбек
шарттарының
жаңа түрлерін əзірлеу. «Адам бұлтының» еңбекті
пайдаланудағы
ықтимал зардаптарын азайту қажет. Еңбек нарығының
өсу
өрісі мен келешекте жұмысшылардың қалауына, жұмыс істеуіне
кедергі
келтірмейтіндей қолайлы жағдай жасауымыз шарт. Біз осыған
қол
жеткізе алмасақ, төртінші индустриялық революция бізді Лондон
бизнес
мектебі басқармасының тəжірибе профессоры Линда
Граттонның
«The Shift: The Future of Work» кітабында жазғанындай,
«жоғары деңгейдегі фрагменттігімен, тұйықтығымен, тылсымдығымен


ерекшеленетін
»29 еңбек нарығы бүкіл қоғамды тұңғиық түкпіріне
тартып
алып кетуі мүмкін.
Бұл
кітапта да мен: «Таңдау еркі – біздің өзімізде» деп қайталаудан
жалықпаймын
. Ол біздің қабылдайтын саяси жəне ұйымдастыру
шешімдерімізге
толықтай тəуелді. Заңгерлер өздерінің билік өкілеттігін
қайта
нығайтқан кезде өте күрделі жүйенің бейімдеуші қуатына
шамадан
тыс салмақ түсіп, ол жарға соққан толқындай қайта серпіліс
жасауы
мүмкін екенін мұқият есте ұстағаны жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет