Клаус Шваб Төртінші индустриялық революция



Pdf көрінісі
бет29/109
Дата28.09.2022
өлшемі4,97 Mb.
#40701
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   109
Байланысты:
Төртінші индустриялық революция (Клаус Шваб)

ТЕХНОЛОГИЯЛАР
АЗАМАТТАРҒА ӨЗ ПІКІРЛЕРІН БІЛДІРУДІҢ ЖАҢА
ТƏСІЛДЕРІН
БЕРЕ ОТЫРЫПКҮШ-ЖІГЕРЛЕРІН ҮЙЛЕСТІРЕДІ,
МЕМЛЕКЕТТІК
ҚАДАҒАЛАУДЫ АЙНАЛЫП ӨТУГЕ БОЛАТЫН
МҮМКІНДІКТЕР
ТАУЫП БЕРЕ АЛАДЫ
ған
зор ауқымдағы теңдессіз мəселелер туындайды. Саяси, заң
шығарушы
жəне реттеуші органдар оқиғалардың тосыннан болатынын,
сөйтіп
технологиялық өзгерістер қарқынына өздерінің ілесе алмай
жатқанын
жəне олардың салдарлық мəн-мағынасына өздерінің сай емес
екенін
сезінеді. Жаңалықтардың тəулік бойғы қарқыны
көшбасшылардан
дереу түсініктемелер беруді немесе шұғыл шешімдер
қабылдауды
талап етіп, оларға деген қоғам қысымы арта бермек. Соның
салдарынан
көшбасшылардың нақты мəселеге орай асықпай
ойлануына
, принципті болуына жəне əр қадамын мұқият есептеуіне
мұршалары
болмайды. Екі жүзге жуық тəуелсіз мемлекет, мыңдаған
мəдениет
пен тілдерді біріктіретін əлемдік жүйеде елеулі үдерістерге
бақылау
жасауды жоғалтып алу қаупі туындауда.


Осындай
жағдайда саясаткерлер мен реттеуші органдар инновацияны
дамыту
үшін істі күрделендірмей, тұтынушылар мен қоғамның
мүдделерін
қорғай отырып, технологиялық шешімдерді қалай
қолдайтынын
білгені жөн. Бұның жауабы – басқарудың ілкімді
əдіснамасында
жатыр. (С қыстырмасын қараңыз: дизруптивтік
ықпал
дəуіріндегі икемді басқару ұстанымдары).
Қазіргі
таңда өзіміз бақылап отырған технологиялық жетістіктердің
көпшілігі
қолданыстағы нормативтік базада тиісінше есепке
алынбаған
. Сондықтан келісімдерді бұзып та жіберуі мүмкін. Икемді
түрде
басқару дегеніміз – реттеуші органдар үшін шапшаң өзгеріп
тұратын
жаңа ортада осындай ішкі қайта құрудың есебінен өздерінің
реттеу
нысандарын жақсы түсінуге мүмкіндік беретін тұрақты
бейімделудің
жолын табуға деген қажеттілік. Бұл үшін үкімет пен
реттеуші
органдар жаһандық, аймақтық жəне салалық жаңғыруларға
тиісінше
назар аудара отырып, бизнеспен жəне азаматтық қоғаммен
тығыз
əріптестік орнатуы тиіс.
Икемді
түрде басқару ұғымы – нормативтік бей-берекеттікті немесе
саясаткерлер
тарапынан əсіре тынымсыз белсенділікті талап ету деген
сөз
емес. Заң шығарушы құрылымының екі бірдей қолайсыз нұсқасын
– бір жағынан ескірген, бірақ тұрақты немесе екінші жағынан –
заманауи
, бірақ тұрақсыз нұсқасының біреуін таңдауға мəжбүрміз
десек
, қателескен болар едік. Төртінші индустриялық революция
дəуірінде
қабылданатын ше
шімдердің
ауқымдылығы немесе оларды қабылдаудың шапшаңдығы
ғана
емес, мейлінше тұрақты заңнамалық құрылымдарды əзірлеуге
мүмкіндік
беретін нормативтік жəне заң шығарушы экожүйе құрудың
да
қажеттігі артады. Бұл тəсіл қабылдауға тура келетін маңызды
шешімдерді
қорытатын, тыныштық орнататын қосымша тұйық
кеңістік
жасау арқылы нығаюы мүмкін. Бұл мəселенің күрделілігі –
қазіргіге
қарағанда инновациялар үшін мейлінше ауқымды кеңістік
құру
қажеттігінде. Болашақты алдын ала болжап білу үшін асықпай
ойластыратын
шаруаны мүмкіндігінше өнімді ете білу керек.
Осы
айтылғандарды жинақтай келіп, менің жасайтын қорытындым
мынадай
: негізгі мемлекеттік функциялар, əлеуметтік коммуникация


мен
жеке ақпарат цифрлық платформаға көшіріліп жатқан əлемде
бизнеспен
жəне азаматтық қоғаммен əріптестік орнатушы үкімет -
заңдарды
, əділдікті, бəсекеге қабілеттікті, зияткерлік меншікті,
қауіпсіздік
пен сенімділікті сақтауды қолдайтын ережелерді, балансты
жəне
тепе-теңдік ұстанымдарын орнатуы тиіс.
Бүгінгі
таңда мəселені шешудің екі концептуалдық тəсілі бар. Біріншісі
– ашық түрде тыйым салынбағанның барлығына да рұқсат. Екінші
тəсіл
- ашық түрде рұқсат етілмегеннің барлығына тыйым салынады.
Үкіметтер
осы екі тəсілді де біріктіре білгені жөн. Олар əріптестікті
жəне
бейімделуді үйренуі, сонымен бірге барлық шешімнің негізінде
адам
мүддесі болуын қамтамасыз етуі тиіс. Бұл қазіргі үкіметтер үшін
өте
күрделі мəселе, төртінші индустриялық революция дəуірінде ол
тіпті
өткірлене түсуде. Билік инновацияның гүлденуі үшін жағдай
жасай
білуі, бірақ тəуекелдi мүмкіндігінше азайтуы тиіс.
Бұған
қол жеткізу үшін үкіметтер азаматтарды саясат саласына тиімді
түрде
тарта білуі жəне жаңа жағдайға сай оқып, бейімделуге мүмкіндік
беретін
тəжірибелер жүргізуі керек. Бұл екі міндет – үкіметтерден де,
азаматтардан
да əртүрлі көзқарастармен санаса дамудың қажеттілігін
мейлінше
ашық формада мойындауды талап етеді. Мақсатқа жету
жолында
сəтсіздіктер мен шалыс қадамдардың болатынын ескере
отырып
, өз рөлдерін, бірбірімен ықпалдасу қабілеттерін жаңа, биік
деңгейге
көтеру қажеттігі туады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет