экономикалық
жəне əлеуметтік құрылымдарға ауысу кезеңін бастан
өткізіп
жатқанына назар аудару керек.
3.3.1.
Үкіметтер
Биліктегі
төртінші индустриялық революцияның ықпалын бағалау
барысында
адамның басына ең алдымен келетіні – цифрлық
технологияны
пайдалану басқаруды жеңілдетеді деген түсінік. Веб-
технологияны
пəрменді жəне инновациялық түрде пайдалану
электронды
басқаруды нығайту үдерістерінен бастап, үкімет пен оның
азаматтары
арасындағы қарымқатынастағы айқындықты,
жауапкершілікті
жəне қызықтырып əкетуге дейінгі жалпы нəтижені
жақсарту
үшін мемлекеттік əкімшілікке өз құрылымдары мен
функцияларын
жаңғырту жағдайында көмектесуі мүмкін.
Үкімет
осы индустрия əсерімен биліктің ішінара мемлекеттен
мемлекеттік
емес субъектілерге, сондай-ақ ұйымдасқан мекемелерден
мейлінше
еркін құрылымдарға өте бастауына жағдай жасап, бейімделуі
тиіс
. Жаңа технологиялар мен əлеуметтік топтар жəне олардың өзара
қарым
-қатынасы тіпті бірнеше жыл бұрын адамның ойына да келмеген
тəсілдермен
əр азаматтың түрлі жағдайларға əсер етуіне мүмкіндік
береді
.
Бұл
өзгеріс үкіметті айналып өткен жоқ. Керісінше, оның көзге
көрінбейтін
күшi осы тұста сезілді. Мойзес Наим бұны: «ХХІ ғасырда
билікке
ие болу оңай, бірақ оны пайдалану қиын, ал жоғалту – тіптен
оңай
», 4! -деп тұжырымдаған болатын. Қазіргі таңда ел басқарудың
бұрынғыға
қарағанда қиындап кеткеніне еш күмəн жоқ. Саяси
бағдарларды
айқындап отыратын жекелеген тұлғаларды айтпағанда,
қажетті
өзгерістерді жүзеге асыру барған сайын күрделене түсуде.
Олардың
өкілдіктерін өкіметтің трансұлттық, аймақтық жəне
жергілікті
, тіпті жеке бастық сипатқа ие бəсекелес орталықтары тежеп
отырады
. Бүгінгі таңда микроөкімет құрылымдарының мемлекеттік
үкімет
тəрізді макробилік құрылымдарын тежей алатын ықпалы бар.
Цифрлық
ғасыр мемлекеттік құрылымдарды қорғау үшін
пайдаланылатын
көптеген тетікті əлсіретті де, үкіметтің іс-қимылы
бұрынғыдан
едəуір босаңсып қалды. Яғни, халықтың ақпараттық сауаты
артып
, өз талап-тілектері де күшейе түсуде. Алып мемлекетке қарсы
болады
. Нормативтік-құқықтық актілерді жасауда, қайта қарауда жəне
орындауға
келгенде үкімет өз тəсілін өзгертуге мəжбүр. Нақты мəселені
зерттеп
білу үшін, содан кейін қажетті шешімді немесе тиісті
нормативтік
базаны дайындау үшін «бұрынғы заманда» (old wоrld)
шешім
қабылдаушы тұлғалардың уақыты жеткілікті болатын. Барлық
үдерістер
қатаң, жоғарыдан төмен (top-down) құрылып, бір сызықтық
жəне
механикалық сипат алатын. Көптеген себептерге байланысты
«енді олай болуы мүмкін емес».
Төртінші
индустриялық революция қарқын ала бастаған уақытта
құқықтық
-заңнамалық актілерді жасайтын құрылымдар алдында бұрын
болма
Достарыңызбен бөлісу: