жасыратын орталықтандырылмаған жаңа төлем жүйелері пайда болуда .
1 Жауапкершілік жəне қорғаныс Мемлекет тарапынан монополиялық құқық беру (мысалы, такси қызметі , медициналық жүйе) жүйесі өзін-өзі баяғыда-ақ ақтаған болатын . өйткені тəуекелі жоғары кейбір мамандықтар тұтынушылардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғауды жоғары деңгейде қамтамасыз ету үшін тек лицензиясы бар мамандарға жүгінгендіктен бақылаудың да жоғары сатысын қажет етеді.
Мемлекет ұсынған бұл монополиялардың көпшілігі бүгінгі таңда адамдарға бір-бірімен тепе-тең дəрежеде əрекеттесуге мүмкіндік беретін технологиялық жетістіктер тарапынан дизруптивтік ықпалды бастан кешуде. Сондай-ақ өзара тең қатысушыларды үйлестіру мен олардың өзара ықпалдасуына септігін тигізетін аз уақыт бұрын ғана пайда болған жаңа делдалдар тарапынан да осындай ықпалды сезінуде.
Құпиялылық жəне қауіпсіздік Мəліметтер мен мəліметтерді қорғау құқықтары саласындағы интернеттің трансұлттық сипатына жəне экономиканың жаһандануына қарамастан, əлі де жүйесiздiк байқалады. Жеке бас
мəліметтерін алуға, өңдеуге жəне қайта сатуға қатысты ережелер Еуропада нақты бекітілген, бірақ əлі жетілдірілмеген,
юрисдикциялар тұтасымен жоқ. Мəліметтердің үлкен жиынтығы ірі онлайн-операторларға пайдаланушы туралы (айқын немесе