Клаус Шваб Төртінші индустриялық революция



Pdf көрінісі
бет8/109
Дата28.09.2022
өлшемі4,97 Mb.
#40701
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   109
Байланысты:
Төртінші индустриялық революция (Клаус Шваб)

ЗЕРТТЕУШІЛЕР
ӨЗІН-ӨЗІ ӨЗГЕРТУГЕҚОРШАҒАН ОРТАНЫ,
СОНЫҢ
ІШІНДЕТЕМПЕРАТУРА МЕН ЫЛҒАЛДЫЛЫҚТЫ ДА
СЕЗІНУГЕ
ҚАБІЛЕТТІ ӨНІМДЕРДІҢ ЖАҢА ТОЛҚЫНЫН
ТУҒЫЗАТЫН
4D БАСЫП ШЫҒАРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫМЕН ҚАЗІРДІҢ
ӨЗІНДЕ
АЙНАЛЫСЫП ЖАТЫР


саулық
сақтаудың жеке-даралық жəне тиімді жүйесіне көшуіне
революциялық
бетбұрыс жасайды. Қатерлі ісіктің генетикалық
құрамын
білу дəрігерлерге рак ауруларын емдеу тəсілдері жөнінде оң
шешім
қабылдауға көмектеседі.
Біздің
маркерлер мен аурулардың генетикалық байланыстары жөніндегі
біліміміз
жеткіліксіз болғанмен, мағлұматтар көлемінің барынша арта
түсуі
емдеудің тиімділігін арттыруға қажетті жеке-дара (precision)
медицина
мен мақсатты терапияның дамуын қамтамасыз етеді.
Қазірдің
өзінде аса қуатты IBM Watson компьютерлік жүйесі бірнеше
минут
ішінде ауру мен емдеу тарихын салыстыру, сканерлеу мен
генетикалық
мағлұматтарды қазіргі медициналық білімнің толық
көрсеткіші
аясында талдау арқылы рак ауруын емдеудің өзіндік
бағдарламасын
ұсына алады."
Биологиялық
инженерияның мүмкіндіктері генетикалық
модификациялық
өсімдіктер немесе жануарлар, сондай-ақ ересек
организмдер
, соның ішінде адам клеткасын да жасауды қамтамасыз ету
арқылы
, клеткалардың барлық типтік түрлеріне қатысты қолданылады.
Бұл
сексенінші жылдардағы тəжірибеде гендік инженериядан жоғары
дəлдігімен
, тиімділігімен жəне қарапайымдылығымен түбірінен
өзгешеленді
. Қазіргі ғылымның жоғарғы қарқынмен дамып жатқаны
сондай
, прогрестің жолында техникалық кедергілерден гөрі заңдылық,
нормативтік
, этикалық шектеулер көп ұшырасады. Биологиялық
инженерияны
əлеуетті қолданудың тізімі тіптен шексіз. Оның қатары
жануарларды
жергілікті жер жағдайына бейімделген, үнемді диетада
өсіру
үшін модификациялау мүмкіндігінен бастап, қытымыр ауа райына
немесе
қуаңшылыққа төзімді азық-түлік өнімдерін шығаруға дейінгі
мол
тізімді қамтиды.
Гендік
инженерия саласындағы зерттеулердің даму деңгейіне
байланысты
(мысалы, ген мен терапияны редакциялау саласында
CRISPR/Cas9 əдісін əзірлеу) жеткізу жəне өзіндік ерекшеліктердегі
кері
тарту факторлары жойылады. Мұндай жағдайда бізге этикалық
көзқарас
тұрғысынан қарағандаҒы ең ауыр сауалдарға жауап табу
қажеттігі
туындайды. Атап айтқанда: гендік редакциялау медициналық
зерттеулер
мен ем-дом жасау шараларына қалай революция жасайды?
Негізінде
, өсімдіктер мен жануарларды дəрідəрмек өндіру жəне


емдеудің
басқа жолдары үшін инженерия жолымен өсіруге болады. Ал
гемофилиямен
ауыратын адамдарда жетіспейтін, қанның ұюын
жақсартатын
қасиеті бар сүт беретін сиырды дүниеге əкелетін күн де
алыс
емес. Зерттеушілер адамға көшіріп отырғызатын ағзаларды өсіру
мақсатында
шошқа геномын («ксено-трансплантация» деп аталатын
бұл
ғылыми жаңалықты адам денесі қабылдамай қоюы немесе
жануарлардан
ауру жұқтырып алу қаупі болғандықтан, бұрын
қарастыру
мүмкін болмаған) жасауға кірісіп те кетті.
Жоғарыда
айтылған əртүрлі технологиялар кіріге келіп бір-бірін
толықтырып
отырады деген тұжырымға сəйкес, 3D өндірісі тірі
талшықтарды
жасау үшін оларды қалпына келтіру жəне жандандыру
(бұл тəжірибе «био3D басып шығару» деп аталады) мақсатында гендік
құбылыстармен
жақындаса түседі. Мұндай технология тері, сүйек,
жүрек
пен бұлшық ет талшықтарын жасауға қазірдің өзінде
пайдаланылып
жатыр. Күндердің күнінде көшіріп орналастыруға
ағзалар
жасау үшін бауыр қатпарларының клеткалық 3D басып
шығарулары
қолданылатын болады.
Біз
қанымыздың белсенділігі мен құрамының деңгейін бақылайтын,
сондай
-ақ осы факторлардың бақуаттылығымызға, ахуалымызға,
психикалық
саулығымызға, жұмыс пен үйдегі тірлігімізге қаншалықты
əсерлілігін
қадағалайтын құрылғыларды енгізу мен пайдаланудың жаңа
тəсілдерін
жасап жатырмыз. Біздің ми қызметі жөніндегі біліміміз
үздіксіз
жетіліп келеді, сонымен қатар, нейротехнология саласындағы
тамаша
зерттеулерді де көріп отырмыз. Ол мына фактіден анық
байқалады
: соңғы бірнеше жылдың жүзінде əлемде аса көлемді
демеушілікке
ие болған екі ғылыми бағдарламаның екеуі де мидың
қызметін
зерттеуге арналған.
Менің
ойымша, əлеуметтік нормалар мен соған сəйкес нормативтік
актілер
əзірлеуге байланысты ең қиын мəселе дəл осы биология
саласында
туындамақ. Біздің алдымызда: мұның адамға қаншалықты
маңызы
бар, өзіміздің ағзамыз туралы қандай мағлұматтар мен
денсаулық
жағдайымыз туралы ақпараттарды біле алмақпыз немесе
олар
қашан белгілі болмақ жəне болашақ ұрпақтың генетикалық
кодының
өзгеруіне байланысты сіз бен біз үшін қандай құқықтар мен
міндеттер
туындайды деген мүлде тосын сұрақтар тұрады.


Гендік
модификация мəселесіне қайта оралсақ, өмірге бейімделгіш
эмбрионнан
алынған адам геномымен жеке-дара манипуляцияны
жеңілдету
фактісі келешекте нақты бір қасиетке ие немесе белгілі
ауруға
төзімді етіп жобаланған сəбилердің дүниеге келуін меңзейді.
Болашақта
осындай жағдайлар болуы мүмкін-ау деген ойлар
төңірегінде
пікірталастардың бүгінде өрши түсуі тегіннен-тегін емес.
Мəселен
, 2015 жылдың желтоқсанында АҚШ-тың Ұлттық ғылым
академиясы
мен Ұлттық медицина академиясының, Қытай Ғылым
академиясының
жəне Ұлыбританияның Корольдық академиясының
қатысуымен
«Адам генін қайта саралау» жөнінде халықаралық саммит
өткізілді
. Қызу талқылауларға қарамастан, гендік технологияның соңғы
жетістіктерінің
ақиқаты мен салдары табалдырығымызға келіп
тұрғанына
қарамастан, біз оны қолға алуға əлі дайын емеспіз. Ол біздің
алдымызға
қойып отырған медициналық, этикалық жəне
психологиялық
мəселелер көкейкесті маңызға ие жəне ол оңтайлы
шешімді
, ең жоқ дегенде, мұқият зерттеуді талап етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет