Озық
робототехника
Күні
кешеге дейін роботтарды пайдалану қатаң қалыпқа бағынатын
міндеттерге
байланысты жекелеген салалармен ғана шектеліп келген
еді
. Мəселен, автомобиль жасауда. Бүгінде роботтарды пайдалану жер
өңдеуден
бастап, сырқат адамды бағып-қағуға дейінгі барлық салалар
мен
міндеттерді түгелге жуық қамтиды. Робототехниканың жедел
дамуының
арқасында адам мен машиналардың тығыз қарым-қатынасы
көп
ұзамай əдепкі жағдайға айналады деп ойлаймын. Оның үстіне,
бүгінгі
күні конструктивтік жəне функционалдық дизайны күрделі
биологиялық
құрылым негізінде (биомими-крия үдерісін дамыту,
былайша
айтқанда, табиғи үлгілер мен стратегияларға ұқсату)
жасалатын
технологиялық прогресс роботтардың бейімділігі мен
икемділігін
арттыра түсуде.
Сенсорлар
(sensors) саласындағы жетістіктер роботтарды үй
шаруашылығындағы
тірліктен бастап, аса ауқымды міндеттер атқаруға
тарта
отырып, олардың қоршаған ортаны жақсы қабылдау мен оған əсер
ету
қабілетін арттыра түседі. Егер бұрындары роботтар жеке
құрылғылар
үшін бағдарламаланса, енді олар «бұлт (cloud)
технологиялары
» арқылы басқа жүйедегi роботтарға қосыла отырып,
ақпаратты
оқшауланған желіде ала алады. Роботтардың келесі ұрпағы –
адамдар
мен машиналардың арасындағы қарым-қатынасты күшейту
жағына
қарай ойыса дамиды. Үшінші тарауда біз осы үрдістің ең басты
деген
екі нысанының өзара қарым-қатынасындағы этикалық жəне
психологиялық
мəселелерін қарастыратын боламыз.
Жаңа
материалдар
Қазіргі
кезеңде осыдан бірнеше жыл бұрын өздерінің елесін де
байқатпаған
қасиетке ие жаңа материалдар нарыққа толассыз түсуде.
Тұтастай
алғанда, олар жеңіл, берік, екінші рет өңдеуге жарамды,
бейімделгіш
болып келеді. Бұрынғы пішініне қайтып келетін жады бар
металдар
, қысымды энергияға айналдыратын керамика мен кристалдар
жəне
тағы да басқа өзін-өзі қалпына келтіретін немесе өзін-өзі тазалай
алатын
ақылды материалдардың алуан түрі жаңаша қолданысқа еніп
жатыр
.
Төртінші
инновациялық революцияның көптеген жағдайында жаңа
материалдардың
пайда болуының нəтижелерін, даму жəне қолданылу
өрісін
болжап отырудың өзі мүмкін бола бермейді. Мысал ретінде,
беріктігі
құрыштан екі жүз есе асып түсетін, ал жіңішкелігі адам
шашынан
миллион есе жіңішке, жылу мен энергияның тиімді өткізгіші
бола
алатын графен сияқты наноматериалды алып көрейік.* Графен
баға
жөнінен бəсекеге қабілетті болған кезде (қазір граммен
есептегенде
, ол – жер бетіндегі ең қымбат материал: оны əрбір
микрометр
көлеміндегі нысаны мың АҚШ долларынан жоғары) өндіріс
пен
инфрақұрылым саласында маңызды серпіліс туғызатын болады. Ол
əлдеқандай
бір нақты тауарға тəуелді елдер экономикасын да түбірімен
өзгерте
алады.
Басқа
да жаңа материалдар жаһандық тəуекелдерді азайтуда маңызды
рөл
атқаруы мүмкін. Мысалы, термореактивті пластмасса саласындағы
инновациялық
шешімдер, бұрындары қайта өңдеуге жарамсыз деп
саналған
, бірақ бүгінде ұтқыр телефондар мен монтаждық платалардан
бастап
, азроғарыштық салалардың қосалқы бөлшектеріне дейін кең
қолданысқа
ие болып отырған əлденеше мəрте қолданбалы материалдар
өндірісін
қамтамасыз ете алады. Термореактивті полимерлердің қайта
өңдеуге
жарамды полигексагидротриазин (ПГТ) деп аталатын жаңа
класын
жасау циркулярлы экономиканы (circular economy)
қалыптастырудағы
маңызды қадам саналады, ол өз табиғатында дизайн
бойынша
қалпына келтіру мен ресурстарға қажеттілік пен өсімді
ажырату
жолымен жұмыс істейді.*
2.1.2. Цифрлық
Төртінші
индустриялық революция тудырған физикалық жəне цифрлық
ақиқат
арасындағы басты көпірдің бірі – интернет бұйымдар (ИБ)
немесе
«барлық бұйымдардың интернеті». Ең қарапайым түрде, ол
заттардың
арасындағы (өнімдермен, қызметтермен, орындармен жəне
басқалармен
) жəне адамдармен арадағы өзара байланысты
технологиялар
мен түрлі платформалар арқылы қамтамасыз ететін
қарым
-қатынас ретінде анықталады.
Сенсорлармен
басқа да толып жатқан құралдар, физикалық əлемнің
виртуалды
желілермен байланыстары таң қаларлық қарқынмен дамуда.
Үйлерге
, киімдерге, аксессуарларға, қалаларға, көліктерге,
энергожелілерге
, сондай-ақ өндірістік процестерге ықшам да арзан
жəне
ақылды сенсорлар толассыз орналастырылуда. Қазір Интернет
желісіне
қосылған телефондарды, планшет пен компьютерлерді
қосқанда
, бүкіл дүниежүзі бойынша миллиардтаған құрылғы бар.
Олардың
ұзын саны жуықтағы бірнеше жылдың ішінде əлденеше есе
өседі
. Кейбір есептерге қарағанда, бірнеше миллиардтан триллионға
дейін
жетеді. Ол, сөз жоқ, активтерге мониторинг пен оңтайландыруға
мүмкіндік
туғыза отырып, кəсіпорындар қызметінің ең төменгі
деңгейіне
дейін жеткізушілер тізбегінің басқару тəсілін түбегейлі
өзгертуге
алып келеді. Бұл үдеріс өндірістің барлық салаларында,
өнеркəсіп
пен инфраструктурадан бастап, денсаулық сақтауға дейін
тасымалдаушылық
қызмет көрсететін болады.
Мысалы
, ИБ-ның қосымшасы ретінде кең таралған оқшауланған
мониторингті
қарастырып көрейік. Кез келген қапшық, тұғыр немесе
контейнер
компанияларға тасымал тізбегі арқылы оның жылжуын,
ахуалын
, қолданылу тəсілін жəне тағы басқаларды бақылап отыратын
сенсорлармен
, радиобелгі бергішпен, радиожиілікті жылтылдақ-
анықтағышпен
(RFID) жабдықталуы мүмкін.
Осылайша
тұтынушылар тұрақты түрде (шынайы уақыт өлшемімен)
тапсырыс
берген заты мен құжатын жіті қадағалап отыра алады.
Жеткізудің
ұзын да күрделі тізбектерін басқарушы компаниялардың
жұмысы
үшін бұл – түбегейлі өзгеріс. Жақын келешекте мониторингтің
мұндай
жүйесі адамдар қозғалысын қадағалауға да қолданылады.
Цифрлық
революция жекелеген адамдар мен кəсіпорындар арасындағы
қарым
-қатынас пен серіктестік тəсілдерін түбірінен өзгертетін мүлде
жаңа
талпыныстар туғызады. Мысалы, «жалпылама мағлұматтар
базасы
» деген атау белгiлi blockchain – өз аясындағы компьютерлер
желісіндегі
келісімшартты тіркеуден өткізіп, растағанға дейін
ұжымдық
түрде бекітетін қауіпсіз хаттама. Blockchain-ге (блок-
тізбекке
) тиянақ болған технология бірбірін танымайтын адамдар
қарым
-қатынасына (бір-біріне сенім білдіруге негіз жоқ адамдарға)
бейтарап
орталық органды, яғни кастодиан-банкті немесе орталық
регистрді
айналып өтіп, өзара сенімділікке жол ашады. Шын мəнінде,
blockchain – өз алдына бағдарламаланған, криптографиялық тұрғыдан
қорғалған
жəне кез келген адам тексере бермейтін немесе əлдебір жеке
қолданушының
бақылауына көне қоймайтын сенімді сақтау қоймасы.
Бүгінгі
күні blockchain-дағы ең танымал қосымша – Bitcoin. Бірақ
алдағы
жылдары технологиялардың дамуы осыған ұқсас көптеген
қосымшаларды
жасауға мүмкіндік ашады. Қазіргі таңда blockchain
технологиясы
, мəселен, Bitcoin цифрлық валютадағы қаржылық
мəмілелерді
ғана тіркейтін болса, ал келешекте ол алуан түрлі
құжаттарды
– туу мен өлу туралы куəліктерді, меншік құқығын, неке
туралы
куəлікті, білім туралы дипломдарды, сақтандыру талаптарын,
медициналық
құжаттарды, сайлауға қатысу жөніндегі мағлұматтарды –
былайша
айтқанда, код қойылған кез келген құжатты тіркеуші қызметін
атқаратын
болады. Кейбір елдер мен мекемелер қазірдің өзінде
blосkhain-нің қарыштап дамуына көз тіге бастады. Мысалы, Гондурас
үкіметі
бұл технологияны жерге меншік құқығын басқару үшін
пайдаланады
, ал Мэн аралы оны компанияларды тіркеуге қолдану үшін
тест
өткізіп жатыр.
Кең
келешек тұрғысынан алғанда, технологиялық платформалар
сұранысты
экономиканы (on-demand economy) (басқаша – айырбас
экономикасы
(sharingeconomy) деген атпен де танымал) қамтамасыз
етеді
. Смартфонның көмегімен қарапайым қолданылатын бұл
платформалар
адамдарды, активтер мен мағлұматтарды біріктіріп,
тауарлар
мен қызметтерді пайдаланудың мүлде жаңа тəсілдерін
қалыптастырады
. Олар компаниялар мен физикалық тұлғалардың
кəсіптік
жəне жеке кеңістіктерін өзгерте отырып, баға
қалыптастыруындағы
кедергілерін азайтады.
Uber моделі осындай технологиялық платформалардың бұла күшін
жүзеге
асырады. Мұндай платформаға табан тіреген бизнес кір жуудан
сатып
алуға дейінгі тапсырмаларды орындаудан көлікті автотұраққа
қоюға
дейінгі əрқилы жаңа қызмет түрлерін ұсынады. Сөйтіп өте жедел
қарқынмен
тарайды жəне осылайша үйкүшіктер мен ұзақ сапарға
жиналған
адамдарға да қолайлы мүмкіндіктер туғызады. Мұндай
бизнестің
мынадай бір ортақ ерекшелігі бар: осы платформалар
сұраныс
пен ұсынысты қолжетімді (арзан) негізде біріктіре отырып,
тұтынушыларға
сан алуан тауарлар ұсынады. Тараптар арасында кері
байланыстар
орнатып, бір-біріне деген өзара сенімнің негізін қалайды.
Бұл
аз қолданылатын активтерді, былайша айтқанда, өздерін ешқашан
жеткізушілер
қатарында санамайтын адамдарға тиесілі тауарлар мен
қызметтерді
тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді (мысалы,
автокөліктегі
бос орын, пəтердегі бос жатын орын, бөлшек сауда мен
өндірушілер
арасындағы коммерциялық қарым-қатынастар, жеткізу,
жөндеу
немесе əкімшілік тапсырмаларды орындау қызметтерін
ұсынудағы
уақыт пен кəсіптік дағдылар). Сұранысты экономика
мынадай
аса іргелі сауалды көлденең тартады: платформа мен базалық
активтің
қайсысын иеленген пайдалырақ? БАҚ стратегиясы жөніндегі
маман
Том Гудвин TechCrunch-те 2015 жылдың наурызында
жарияланған
мақаласында былай деп жазды: «Əлемдегі ең ірі такси
компаниясы
Uber көлік құралдарының меншік иесі емес. Əлемдегі ең
танымал
медиа иесі Facebook мазмұнды (content) өзі жасамайды.
Əлемдегі
ең құнды бөлшек сауда сатушысы (retailer) Alibaba тауар
қорына
ие емес. Дүниежүзі бойынша ең ірі тұрғын орын қызметін
ұсынатын
Airbnb компаниясы жылжымайтын мүлік иесі болған емес».
Цифрлық
платформа физикалық тұлға мен заңды тұлғалар арасында
активтер
мен қызмет көрсетулерді пайдалану кезінде мəмілелерге
келтіретін
кедергілерді, келісімдер мен факторларды ұзартуға кететін
шығындарды
анағұрлым қысқартты.
Əрбір
мəміле енді барлық тараптарға тиімді экономикалық пайданы
қарастыратын
, өте шағын құрамдас бөліктерге жіліктеледі. Одан басқа,
цифрлық
платформаны пайдаланған кезде өндірістің əрбір қосымша
өнімге
, тауарға немесе қызметке деген шектік өзіндік құны нөлге тең
болады
. Мұның нəтижесі бизнес пен қоғамға айта қаларлықтай
ауыртпалық
түсіреді. Оны біз үшінші тарауда қарастырамыз.
2.1.3. Биологиялық
Биологиялық
саладағы инновация, əсіресе генетикада жаныңды
баурайды
. Соңғы жылдары генетикалық дəйектеудің (sequencing)
бағасын
арзандату мен оңайлатуда, ал күні кеше ғана гендердің
белсенділігін
арттыруда немесе түзетуде қарышты қадамдар жасалды.
Адам
геномы (Human Genome) жобасы осыдан он жыл бұрын жүзеге
асырылған
, оның құны 2,7 млрд АҚШ доллары болды. Қазір геномды
дəйектеуді
бірнеше сағаттың ішінде, баржоғы 1000 доллар көлемінде
жүзеге
асыруға болады. Компьютерленген есептеу қуатының өсуіне
байланысты
ғалымдар алдын ала байқап көру мен қателікке ұрыну
қаупінен
сақтану əдістерінен бас тартты. Енді оларда нақты гендік
нұсқалардың
қандай өзгешеліктер мен ауруларды анықтай алатынын
тестен
өткізу мүмкіндігі бар.
Келесі
қадам – синтетикалық биология. Ол ДНК жазбасы арқылы
организмді
реттеу мүмкіндігіне қол жеткізеді. Бұл орайда туындайтын
іргелі
этикалық мəселелерді есепке алмағанда, мұндай технологиялық
даму
тек медицина саласына ғана емес, ауылшаруашылығына жəне
биоотын
өндірісіне өркенді жəне тікелей əсер етеді.
Жүрек
пен рак аурулары тəрізді көптеген дауасы табылмай отырған
медицина
мəселелерінің түп тамыры генетикада жатыр. Сол себепті де,
жекелеген
генетикалық құрамды анықтау мүмкіндігі тиімді жəне арзан
тəсіл
(регламентті диагностикада секвенаторды пайдаланған кезде) ден
Достарыңызбен бөлісу: |