Теңсіздік
алаң туғызатын жүйе ретінде
Төртінші
индустриялық революция ғаламат артықшылықтар
туғызғанмен
, дəл соған пара-пар күрделі мəселелерді де ала келеді.
Қоғамда
, əсіресе теңсіздіктің тым тереңдеп бара жатқаны қатты
алаңдаушылық
туғызуда. Қаулаған теңсіздік салдарынан пайда болған
мəселелерді
санамалап көрсету өте қиын түседі. Өйткені біздің басым
көпшілігіміз
əрі өндіруші, əрі тұтынушымыз. Демек, инновация мен
қарқынды
даму біздің өмірлік стандартымыз бен əл-ауқатымызға оң да,
теріс
те ықпал етеді.
Барлық
болжам бойынша, оларды енгізудегі басты артықшылық
тұтынушы
еншісіне тиеді. Төртінші индустриялық революцияның
арқасында
көптеген жаңа өнімдер мен қызметтер пайда болуда, олар
тұтынушы
ретіндегі біздің өмірімізді тегін жақсартады.
Таксиге
тапсырыс, рейстерді қарастыру, тауарлар сатып алу, төлемдер
жасау
, музыка тыңдау, фильмдер көру – осы мəселелердің барлығын
аулақта
оңаша отырып атқара беруге мүмкіндік туады. Мұндай
қызметті
пай
БОЛЫП
ЖАТҚАН
ӨЗГЕРІСТЕР
БОЛМЫСЫНЫҢ
ТЕРЕҢДІГІ
МЕН
КҮРДЕЛІЛІГІ
СОНШАЛЫҚТЫ
,
ƏЛЕМДІК
ТАРИХ
ҰЛЫ
МҮМКІНДІКТЕРГЕ
ТОЛЫ
СƏТТЕРІ
МЕН
ҚАУІП
-
ҚАТЕРІ
ҚАТ
-
ҚАБАТ
МҰНДАЙ
ДƏУІРДІ
БҰРЫН
-
СОҢДЫ
БАСЫНАН
КЕШІРГЕН
ЕМЕС
даланып
отырғандар үшін бұл үлкен технологиялық басымдық
екендігіне
күмəн жоқ. Интернет, смартфон, олардың мыңдаған
қосымшалары
біздің тіршілігімізді жеңілдетіп, тұтастай алғанда, оны
əлдеқайда
өнімді ете түсуде. Біз қазір оқуға, мəліметтер іздеу мен
қатысымға
пайдаланып жүрген планшет сияқты қарапайым құрылғы
осыдан
отыз жыл бұрын қолданған үстел үсті компьютерінің есептеу
қуатына
тең көрінеді. Ал оның ақпаратты сақтау бағасы қазіргі кезеңде
жоққа
тəн болып барады (1 ГБ-ты бір жылға сақтау құны қазір 0,03
АҚШ
долларына жетпейді. Осыдан жиырма жыл бұрын ол 10 мың
доллар
тұратын). Төртінші индустриялық революцияның нəтижесінде
туындаған
мəселелер, негізінен, еңбек пен өндіріс əлеміндегі
ұсынысқа
байланысты.
Соңғы
бірнеше жыл ішінде барынша дамыған елдердің басым бөлігі,
сонымен
қатар жедел дамып келе жатқан экономикалар Қытай сияқты
жалпы
ішкі өнімдегі жұмыс күшінің пайыздық үлесін мейлінше
қысқартты
. Бұл құлдыраудың жартысы инновациялық прогреске
итермелейтін
инвестициялық тауарларға салыстырмалы бағаның
төмендеуіне
байланысты (ол компанияларды еңбекті капиталға
ауыстыруға
итермелейді).
Нəтижесінде
, төртінші индустриялық революцияның ең табысты
тұтынушылары
, интеллектуалдық немесе физикалық капиталды
жеткізушілер
- өнертапқыштар, инвесторлар, акционерлер болады.
Оның
себебі – тек өз еңбегімен өмір сүретіндер мен капиталды
иеленушілер
арасындағы əлауқат деңгейі айырмашылығының күрт
өсуінде
. Сонымен қатар өз табыстарын ешқашан арттыра
алмайтынына
, балаларының да өздерінен жақсы өмір сүре
алмайтынына
көздері əбден жеткен көптеген қызметкерлердің іштей
күйзеліске
түсуінің де түпкі себебі осында.
Демек
, теңсіздіктің тереңдеуі мен əділетсіздікке деген алаңдаушылық
аса
өзекті мəселеге айналады. Біз оған үшінші тарауда арнайы
тоқталамыз
. Артықшылықтар мен құндылықтардың ат төбеліндей ғана
адамдардың
қолына шоғырлануы «Платформа эффекті» (platform
effect) аталып жүрген ұғымның арқасында шиеленісе түседі. Яғни
цифрлық
технологияға сүйенген ұйымдар өнім мен қызметтің алуан
түрін
қамтитын сатушылар мен тұтынушыларды бір желіге біріктіреді
де
, бəрін бір уысқа сыйғызудың арқасында табыстарын одан сайын
еселей
түседі. Платформа ықпалы (platform effect) сол сала
нарығында
басымдыққа ие бірнеше қуатты платформаның өзара
жинақталуына
алып келеді. Оның артықшылығы əсіресе тұтынушылар
үшін
айдан анық: əлдеқайда жоғары тұтынушылық құндылықтар,
жоғары
қолайлылық пен өзіндік құнның төмендігі. Дегенмен мұндай
жағдайда
белгілі дəрежеде əлеуметтік тəуекелдер туындайды.
Құндылықтар
мен биліктің аздаған адамдар қолына шоғырлануын
болдырмас
үшін ұжымдық инновацияның ашықтығы мен
мүмкіндіктерін
қамтамасыз ете отырып, цифрлық платформаның
(өндірістік платформаны қоса алғанда) басымдықтары мен
тəуекелдерін
теңгерудің əдісін табу керек.
Экономикалық
, əлеуметтік жəне саяси жүйені түгел қамтитын бұл
іргелі
өзгерістерді, тіпті қандай да бір жолмен əлемдегі жаһандану
үрдісінің
өзін кілт бұруға талпыныс жасаған күннің өзінде де, кері
қайтару
мүмкін емес. Салалар мен компаниялардың алдында енді
дизруптивтік
дүмпу бола ма, болмай ма деген сауал емес, ол қашан
жəне
қандай сипатта болады, салаларға немесе ұйымдарға қалай əсер
етеді
деген сауалдар тұр. Дизруптивтік дүмпудің ақиқаттығы мен
ықпал
-əсерінің қалай да болмай қоймайтыны оның алдындағы біздің
дəрменсіздігімізді
танытпайды. Біз төртінші индустриялық
революцияны
қауымдастықтың барлық мүшесінің жаңа
мүмкіндіктеріне
айналдыратын саяси таңдау жасау мен өзгерістерді
өткізудің
жалпы құндылықтар жүйесін қалыптастыруды қамтамасыз
етуіміз
керек.
|