***ОТВЕТ*** Антибактериалды ем
48 жастағы ер адам облыстық ауруханаға оң жақ мойын аймағында ісінудің пайда болуына, дене қызуының 38С дейін көтерілуіне шағымданып келген. Бір апта бұрын өлген түлкінің терісін сойған. Оң жақ мойынның лимфа түйіндері 2х2 см дейін ұлғайған, аздап ауру сезімді, қозғалады, терісі өзгермеген. Гемограммада: лейкоциттері – 16х109/л, т/я нейтроф.-4%, с/я нейтроф – 78%, лимф. – 22%, мон.6%.Антибактериалды емдеуді қандай дәріден бастаған жөн?
***ОТВЕТ*** Стрептомицин
36 жастағы ер адам емхана дәрігеріне оң жақ қабырға астындағы ауру сезіміне, жүрек айнуына, терінің қышуына және дене температурасының жоғарлауына шағымданады. Ауырғанына бір апта болған. Тері және шырышты қабаттары сарғыштанған. Кеуде аймағында папулезді дақтар байқалады. Іші жұмсақ, оң қабырға астында сезімталдық анықталады, бауыр 1,5 см-ге ұлғайған, көкбауыр көлемі қалыпты. “Ертіс” өзенінен аулаған сазан балығынан дайындалған “Хе” салатын тамаққа қолданған. Жалпы қан анализінде: Лейк.-9.2×109/л, т/я нейтр.-5%, с/я нейтр.-55%, эоз.-15%, лимф.-22%, мон.-3%, ЭТЖ-23мм/сағ.
Зәр анализі: өт пигменттеріне «оң». Қанның биохимиялық анализі: АЛТ-0,9 ммоль/л, жалпы билирубин-35,6 ммоль/л, тікелей билирубин-18,4 ммоль/л, тікелей емес билирубин-17,2 ммоль/л. Қай лабораторлық зерттеу әдісі диагнозды дәледейді?
***ОТВЕТ*** Нәжісті микроскопиялық зерттеу
47 жастағы әйел адам, Павлодар қаласының тұрғыны, 2 күн бұрын оң жақ қабырға астындағы ауыру сезімі ұстамасының пайда болуына байланысты учаскелік дәрігерді шақырған. Бауыр аймағындағы ауыру сезімі, жүрек айнуы, 2 рет құсу, дене температурасының жоғарылауы, терісіндегі қышыну сезімі мазалаған. Анамнезінде – созылмалы холецистит. Ауруын қуырылған сазанды тағамға қолдануымен байланыстырады. Тері мен шырышты қабаттары аздап сарғыштанған. Іші жұмсақ, өт қабы аймағынданда ауырсыну байқалады. ЖҚА: Лейк.-10,5×109/л, т/я нейтр.-5%, с/я нейтр.-45%, эоз.-24%, лимф.-20%, мон.-6%, ЭТЖ-26 мм/сағ. Қанның биохимиялық анализі: АЛТ-0,9 ммоль/л, билирубин жалпы - 38,9 ммоль/л, тікелей билирубин - 18,9 ммоль/л, тікелей емес билирубин - 20 ммоль/л. Нәжісті микроскопиялық зерттеу әдісімен мысық қос езуінің (кошачья двуустка) жұмыртқалары табылған. Қандай дәрі ЕҢ тиімді?
***ОТВЕТ*** Празиквантел
48 жастағы аңшы аймақтық дәрігерге қаралған. 2 ай бойы жүрек пен ұйқы безі аймақтарындағы арқасына иррадиацияланатын тұрақты ауру сезімі мазалаған. Ентігуге, кеуде торшасындағы ауыру сезіміне, қақырық пен жөтелге шағымданады. Кейде қақырықта қан жолақтарын байқаған. Жалпы қан анализінде: лейк.-9,2×109/л, т/я нейтр.-6%, с/я нейтр.-44%, эоз.-18%, лимф.-28%, мон.-4%, ЭТЖ-28 мм/сағ. Рентгеногаммада˗ оң жақ өкпенің төменгі бөлігіндегі домалақ пішінді көленке көрінеді. Отау жасалғаннан кейін қандай дәрі тағайындаған тиімді?
***ОТВЕТ*** Немазол
35 жастағы әйел адам ауруханаға иерсиниозға күдіктеліп жатқызылды. Лабораторлық зерттеу жүргізілген. Жалпы қан анализі: лейк.5,9×109/л, т/я-4%, с/я-46, эоз.-1%, лимф.-42%, мон-7%, ЭТЖ-12 мм/сағ. Иерсиниозыдқ антигенмен ТЕГАР (РПГА) 1:200. Нәжістің бактериологиялық анализі: Yersinia enterocolitica. ЕҢ тиімді этиотропты дәрі:
Достарыңызбен бөлісу: |