***ОТВЕТ*** Дезинтоксикациялық ем тағайындап, ЖАК дәрігерін және жедел жәрдем шақырады
17 жастағы бойжеткен, ауыр жағдайда ең жақын ОРА жеткізілді. Анамнезі анасының сөзіен жиналған.Ауырғанына 6 күн болған. Аймақтық дәрігер: Қазалша, ауыр түрі деген диагноз қойған. Қарағанда: есі - сопор, қарашықтары екі жақта да орташа, жарыққа реакциясы жоқ, клонико-тоникалық құрысулар байқалып, аузынан көбік шыққан. Бүкіл денесінде майда, дақты-папулезді бөртпе анықталады. Акроцианоз. Тынысы шулы, ТЖ-28рет минутына. Жүрек тондары бәсеңдеген. Пульсі ритмді, әлсіз минутына 110 рет АҚҚ– 110/70 мм с.б. Қандай асқыну дамыған
***ОТВЕТ*** Менингоэнцефалит
32 жастағы әйел Африка тұрғыны. Аудандық ауруханаға ес-түссіз ауыр жағдайда жеткізілді. Жеткізген адамның сөзіне қарағанда ауырғанына 3-4 күн болған. Ыстықтау, қалтырау, тершеңдік, бас ауыруы, іштің ауыру сезімі байқалып, аспирин, левомицетин қабылдаған. Объективті қарап тексергенде: гипертермия, ернінде герпесті бөртпелер, тері жабындылары сарғайған. Іші жұмсақ, ішектердің спазмы жоқ, бауыры және көкбауыры ұлғайған. ҚҚ – 60/40 мм с.б., зәрі кешеден бері болмаған.
Төменде көрсетілген препараттардың қайсысын тағайындау қате болады?
***ОТВЕТ*** Адреналин 0,5 физ.еріт. т/і
20 жастағы ер адам тыныс алудың қиындауына, ауа жетпеу сезіміне, қысылу, қатты жөтел, қиын бөлінетін қақырыққа, кеуде тұсындағы ауыру сезіміне, дене қызуының 380 С –қа көтерілуіне, ентігу шағымдарымен ауруханаға келіп түсті. Анамнезінен: ауырғанына 3 күн болған, ауру катаральді белгілермен басталған. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр, ортопноэ жағдайында, тынысы шулы. Мазасыз, акроцианоз, ентігу, тыныс алу жиілігі-32 рет минутына, өлімнен қорқу сезімі мазалайды. Аускультативті тыңдағанда өкпенің екі жағында да орташа және үлкен көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Перкуторлы өкпе дыбысының тұйықталған. ҚҚ 130/90мм сын.бағ.Тамыр соғысы минутына120 рет. Науқаста қандай асқыну дамыған болуы мүмкін?
***ОТВЕТ*** Вирусты пневмония. Өкпе ісінуі
18 жастағы қыз ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Қабылдау бөлімшесінің дәрігері Менингококкты инфекция, менингококцемия диагнозын қойған. Бөлімшеде пенициллинді тәулігіне 12 млн б/е, ыстық түсіруші препаратын енгізген. Бүгін науқастың жағдайы кенеттен нашарлап, психомоторлық қозу пайда болған, тыныс алу жиілігі - 25 рет мин., тамыр соғысы 130 с/мин, жіптәрізді, ҚҚ – 60/40 мм с.б., дене температурасы 36,20С. Таңертеңнен бері кіші дәретке шықпаған.Науқаста қандай асқыну дамыған болуы мүмкін?