Клеман-Дезорм әдісімен ауа үшін адиабат


ТӘЖІРИБЕЛІК ҚОНДЫРҒЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ



бет2/4
Дата27.11.2023
өлшемі0,74 Mb.
#130190
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Ч-8 Адиабата каз (2)

2. ТӘЖІРИБЕЛІК ҚОНДЫРҒЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ
Өлшеу үлкен шыны баллоннан Б, компрессордан Н және су манометрден М тұратын қондырғыда (1 сур.) жасалады. Баллон К краны арқылы компрессормен, К0 краны арқылы атмосферамен жалғанған.
Ұсынылған Клеман-Дезорм әдісі (1819ж.) бір күйден екінші күйге өтетін екі тізбектелген процестермен, яғни адиабаталық және изохоралық процестермен жүретін газдың параметрлерін зерттеуге негізделген. Бұл процестер P-V диаграммасында 1-2 және 2-3 қисықтарына сәйкес ұсынылған. Егер баллонға ауаны толтырып және сыртқы ортамен жылулық тепе-теңдік орнағанша ұстасақ, онда алғашқы күйде газ P1, V1,T1 параметрлеріне ие болады. Бұл кезде баллондағы газдың температурасы сыртқы ортаның температурасына тең, ал қысымы Р1=Р0+Р атмосфералық қысымнан кішкене үлкен болады. K0 кранды ашқан кезде баллондағы ауа 2-ші күйге өтеді. Оның қысымы атмосфералық қысымға дейін P2=P0 төмендейді. Ауаның 1 күйдегі қалған массасы баллонның бір бөлік көлеміне ұлғая отырып, барлық V2 көлемді алады.


1 сурет.


2 сурет.



Бұл кезде баллонда қалған ауа температурасы төмендейді. Газдың тез ұлғаюы кезінде газдың баллон қабырғасы арқылы сыртқы ортамен жылу алмасуды ескермеуге болады. Онда 1-2 процесті адиабаталық деп есептейміз:
. (12)
К0 кранды жапқаннан кейін баллондағы адиабаталық ұлғайған салқын ауа тұрақты көлем V2=V3кезде (2 сур.) сыртқы ортаның температурасына T3=T1 дейін (2-3 процесс аралығында) қызады. Бұл кезде баллондағы қысым Р3=Р2+Р дейін артады.
Ауаның артық қысымдары Р' және Р'' U -формалы манометрдегі тығыздығы сұйықтың деңгейлерінің айырымы бойынша өлшенеді:
Р' = gH; P'' = gh, (13)
мұндағы H және h -1 және 3 күйлерге сәйкес манометрдің көрсетуі.
Онда:
.
Ауаның 1 және 3 күйлері изотермиялық процеске сәйкес келеді, сондықтан:
P1V1 = P3V3. (14)
(12) және (14) теңдеулерден көлемдердің қатынасын қысымдардың қатынасымен алмастырып, қысымдардың байланысын табамыз:

(13) өрнекті ескеріп Р1 және Р2 қысымдарды Р0 арқылы өрнектеп және логарифмдейміз:

Егер х<<1 болса, онда мына математикалық қатынастан ln(1+х)=х, мұндағы x=ρgH сол жақтағы теңдеуге тең шама, ал оң жақтағы теңдеу үшін сәйкесінше x=ρgh тең болады. Сонда:
.
Осыдан адиабаталық көрсеткіш γ есептейтін формуланы аламыз:
(15)
Сонымен, ауа үшін жылу сыйымдылықтарының қатынасын анықтау үшін (1-2-3) процестерін алу қажет және газдың 1 және 3 күйлеріне сәйкес манометрдің Н және һ көрсетулерін өлшеу керек. Бірақ бірқалыпты адиабаттық процесті алу қиын: егер газдың тез ұлғаюын жүргізсек, онда процесс бірқалыпты болмайды, өйткені газдың температурасы мен қысымы көлем бойынша теңесіп үлгермейді. Баяу адиабаталық процесті жүргізу үшін баллонның жылулық изоляциясы қажет. Берілген қондырғыда t уақытта жылу шығарылумен газ ұлғаяды. Сондықтан соңғы изохоралық қызуда газдың қысымы аздап көтеріледі, яғни өлшенетін һ'< һ адиабат көсеткішін есептеу үшін қажет. Уақыттың артуымен изотермиялық ұлғаю 1-3 газдың ұлғаюы кезіндегі һ' мәні төмендей отырып нөлге ұмтылады. Тәжірибелік жолмен төмендегі теңдеу анықталған:


3 сурет.

.
Бұл өрнекті логарифмдеп уақытқа тәуелді функцияны аламыз:
, (16)
мұндағы а ‒ қондырғы тұрақтысы; t ‒ процестің жүру уақыты.
(16) теңдеуі бойынша баллондағы ауаның соңғы артық қысымының уақытқа тәуелділігі 3 суретте көрсетілген. Берілген тәжірибе бойынша график тұрғызып, экстрополяция жолымен тәжірибелік түзуді t=0 дейін соза отырып lnһ мәні мен һ мәні анықталады. һ мәнін анықтау (15) формула бойынша адиабаттық көрсеткішті γэ есептеу үшін қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет