9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.28 мин (30%)
Дәрілік заттардын негізгі топтары
Организмге дәрілердін түсу жолдары, олардын басылымдылғы және жетіспеушілігі
ЕПҰ емдеу бөлімшесінін дәріханадан дәрілік заттарды жаздырып алу ережелері
Жалпы талаптар, бөлісмшеде ұсынатын дәрілерді сактау
Наркотикалык,психотроптык және катты әсер ететін дәрілерді сақтау ережелері
Емдеу бөлімшелерінде наукастарға дәрілерді тарату ерекшеліктері және ережелері
Дәрігердің тағайындау кағазы
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 54 мин (60%)
Жоспар:
- Процедуралық кабинеттің құжаттамасын дұрыс толтыру:
- Процедуралық медбикенің функционалдық міндеттерін атқаруы:
- Процедуралық кабинеттегі ағымдағы және жалпы жиыстыруды жүргізу
- Процедуралық кабинетті жұмысқа даярлауы:
- Инъекция (егу) тағайындалған науқастардың кезектілігін құруы:
- Қызыл сызық ерехесін сақтау;
- Процедуралық медбикенің жұмыс орнындағы қауіпсізідігінің жалпы шараларын сақтау.
Процедуралық кабинет – стерильдік ережелерін сақтау қажет бірқатар медициналық процедураларды жүргізуге арналған арнайы бөлме. Процедуралық кабинетте қан алу үшін венепункция, инъекциялар, трансфузия, кейбір медициналық процедуралар жүргізіледі. Процедуралық кабинеттер стационар (аурухана, клиника) амбулаторида да болады. Процедуралық кабинетке ауданы 15м2 кем емес, жақсы жарықталған және желдетілетін,суық және ыстық сумен жабдықталған жарық бөлмені арнайды. Кабинеттің едені мен қабырғасы жинау үшін қолайлы болуы тиіс. Әр процедуралық кабинетте анық бөлмелеріне қарамастан ыстық және суық су ағатын рановина болуы тиіс. Реновинаны есікке жақын орналастырады. Процедуралық кабинетте науқастардың өтуіне рұқсат етілметін, кабинеттің стерильді аймағын шектейтін майлы болуымен салынған еденде «қызыл сызық» болады, онда пердесіз стерильді халаты, бас киімі жоқ мед жұмысшылардың өтуіне де рұқсат етілмейді. Процедуралық кабинетте күн сайын екі рет ылғалды жинау жұмыстың алдында және жұмыс күнінің соңында жүргізіледі, ал қажет болғанда, ағымдағы жиыстыруды жүргізеді. Аптасына бір рет процедуралық кабинеттің қабырғаларын, еденін құрал- жабдығын жуып, жалпы жинастырады.
Процедуралық кабинетті келесі жабдықтар болуы тиіс: шкаф немесе аспаптармен дәрі- дәрмектерді сақтауға арналған үстел; стерилизациялық препараттар (бикстер), парцинтез, плевральді пункция, т.б. жүргізуге даяр аспаптар жинағымен, шприцтермен, системалармен инелермен; аспаптар мен шприцтер үшін дизинфкциялдық қайнатушы: дистиллетор: үстелдік цептрифуга; бактерицидті там; ұзақ қоюлар үшін штативтер: таза прабиркалар үшін штативтер: қан тобын анықтауға арналған жиынтық; сары су, қан, дәрі- дәрмектерді сақтаутоңазытқышы; медициналық құжаттама үшін үстел; медициналық құжаттама қызметші киімін сақтау үш пластикалық алжапқыш; лас аспаптармен қолды тазалау үшін эмалданған таз немесе, күре тамырдың ішіне қою үшін орындық пен клиника мен қапталған кушетка; электротартқыш.
Процедуралық медбикенің жұсым күні процедуралық кабинетті қарап шығу мен ылғалды суртуде басталады. Процедуралық бике кезекші қызметкеркабинетті түн мезгілінде пайдаланған ба, жоқ па тексереді. Қолданылған және ластанған материалды ол 1 сағатқа дезинфектан ертінділердің, біріне салып қояды (3 % хлорамин, 1,5% кальци гипохлорид ертіндісі, 6 % сутегі тотығы, сосын тастайды, ал қолданылған медициналық аспаптарды, шприцтерді де дезинфектант ертінділердің бірінде жуып, дезинфекциялайды сосын 2% сабын-содалы ертіндімен (200 г. Сабын, 200г. Сода 10 л суға) бөлменің ылғалды жинауын жүргізеді. Осыдан кейін процедуралық бике стерильді хала киіп шашын бас киімінің астына жасырып қолын тазалайды. Аспаптар стерильдеуге қояды стерильді материалы бар бискстерді қояды. Сосын осы күні қан алуы, күре тамырдың ішіне қан құйылады, дәрі тамызғыш қою қажет науқастардық тізімін қарап, кезекке қояды. Алдымен биохимиялық зерттеулер үшін, қан алуды қажет болса қан тобын резус факторды анықтау керек. Осыдан кейін процедуралық бикс дәрігер тағайындаған күре тамырды егуді жүргізеді және күре тамырға дәрі тамызғышпен құюға дайындауды жүргізіп тек сосын ғана науқастарға дәрі тамызғыш қояды. Алдымен мүмкіндігінше ауыр науқастарға қызмет көрсетеді. Қажет болса процедуралық бикс медициналық аспаптарды торакоцентез немесе парацентез жүргізуге даярлайды. Осы медициналық манипулияцияларды жүргізуге дәрігерге көмектеседі және науқастың күйін қадағалайды. Процедуралық кабинеттің дәрі дәрмек қорын аға медбикеден толықтырады. Жұмыс күнінің соңында процедуралық кабинетті ылғалды тазалайды. Жұмыс біткенде процедуралық бикс бактерицидті шамды жағып есікті кілітпен жауып кетеді. Процедуралық кабинеттің кіліті бөлімнің кезекші медбикесінде сақталады. Процедуралық жұмыс кабинеттің тәртібі осындай. Процедуралық кабинетте келесі медициналық құжаттамалар болады;
1) Қан тобы мен резус факторды тіркедің бақылау журналы.
2) Қан плазма құюды тіркеу журналы.
3) Қан алмастырушылар мен ақуыздың преппараттар есебі журналы.
4) Биохимиялық зерттеулер үшін қан алу есебі журналы.
5) Күре тамырға құю есебі журналы.
6) Күре тамырға тамызып құю есебі журналы.
7) Вассерман реакциясына қан алуды тіркеу журналы.
8) Күре тамырға құю системасы мен инелерінің шприцтердің есебі журналы.
9) Анафилактикалық шокта дәрігерге дейінгі көмек көрсету мен процедуралық кабинетті санитарлық өңдеу бойынша нұсқаулар.
10) Улануларды қолданылатын уға қарсы дәрілер кестесі.
11) Процедуралық кабинеттің жалпы жинастыруын тіркеу жураналы.
12) Бактеризидті лампоның жұмысын тексеру журналы.
13) Тоңазытқыштағы температураның тексеру журналы.
Процедуралық медбикені неғұрлым тәжірибелі медбикелердің арасынан іріктеп алады, ол медициналық монипуляциялар техникасын жетік білуі және гигиена ережелерін қатаң сақтауы және қажетті денгейде процедуралық какбинеттің санитарлық тазалық күйін сақтап отыруы тиіс. Жұмыс орнындағы процедуралық медбикенің қауіпсіздігінің жалпы шаралары: