Науқас А. Туберкулездің активті формасымен ауырады. Сіз оны парафинмен емдейсіз бе?
Қыздыру компрессін қою үшін қажетті заттарды дайында және орындау бойынша жалпы ережелері қандай?
Сүлікті қою үшін қажетті заттарды дайында және орындау бойынша жалпы ережелері қандай?
Сүлікті қойып болған соң оларды қалай аласыз?
Сүлікті қою кезінде медбикенің міндетіне не жатады?
13. Сабақты қорытындылау:4 мин (4%) оқытушымен кері байланыс, практикалық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады.
14. Үйге тапсырма беру:4 мин (4%)
5 – сабақ 8.2. Тақырыбы. Егу кабинетінің жұмысын ұйымдастыру.
2. Сағат саны: 180 мин (100%)
3. Сабақ түрі: практика
4. Сабақтың мақсаты:
оқыту: егу кабинетінің санитарлы-эпидемияға қарсы тәртібі. Егу кабинетінің құрылысы және ондағы мейірбикенің міндеттері.
тәрбиелік: егу кабинетінде санитарлы-эпидемияға қарсы тәртіпті үйрету.
дамыту: егу кабинетінде мейірбике қызметінің міндеттерін дамыту.
5. Оқыту әдісі:рольдік ойындар, пікірталас, аудиториялық.
6. Материалды – техникалық жабдықталуы: а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы, егу столы мен құрылғылары.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, буклеттер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.
б) оқыту орны: № 2, 3, 4, 5 бөлмелер.
7. Әдебиеттер: Негізгі (Н) Мейірбике ісінің негіздері. Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.
Қосымша (Қ) 1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.