Клиникаға кіріспе



бет31/61
Дата23.09.2023
өлшемі227,6 Kb.
#109897
түріСабақ
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   61
8. Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин (12%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 28 мин (30%)
- Процедуралық кабинеттің құжаттамасын дұрыс толтыру:
- Процедуралық медбикенің функционалдық міндеттерін атқаруы:
- Процедуралық кабинеттегі ағымдағы және жалпы жиыстыруды жүргізу
- Процедуралық кабинетті жұмысқа даярлауы:
- Инъекция (егу) тағайындалған науқастардың кезектілігін құруы:
- Қызыл сызық ерехесін сақтау;
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 54 мин (60%)
Жоспар:

  • Шприцтер мен инелердің түрлері , жұмыс істеу

  • Ережелері

  • Инъекция өткізу кезіндегі асептика және

  • Антисептика ережелері

  • Инъекциядан кейінгі асқынулар

  • Қолданылған құралдарды тазарту

  • Медбикенің жеке қауіпсіздік барьерлерін

  • шприцтерді , инелерді қолдана білу

  • инъекция жасау кезінде асептика және антисептика ережесін сақтау

  • Тері ішіне инъекция жасауды

  • Тері астына инъекция жасауды

  • Бұлшық етке инъекция жасауды

  • Күре тамырға инъекция жасауды

  • Егулерді өткізуге медбикенің жұмыс орнын ,

  • құралдарды , медбике қолдарын және науқас

  • терісін дайындау

  • Қолданылған құралдарды тазарту

Инъекция дегеніміз дәрі- дәрмек заттарды тері ішіне , тері астына , бұлшық ет ішіне, сүйекке ,жұлын каналына шприцпен жіберу. Бұл тәсіл асептика ережелерін қатаң сақтауды талап етеді, себебі асептика ережесі бұзылған кезде организмге микробтар еніп, кейде өлім қаупін төндіргенге дейін асқынады. Сондықтан медбике аспаптарды зарарсыздауға дайындау ережелерін орындап, сырқаттың терісі мен қолдарын тазалап жууды , дәрілік заттарды парентеральді енгізу техникасын, ең бастысы асептика ережелерін сақтауы тиіс. Дәрілік заттарды парентеральді енгізу кезінде пайдаланатын аспаптар зарарсызданған , ал инъекция алдында медбике қолы мұқият жуылған болуы керек. Инъекцияны жасауға шприцтер және инелерді пайдаланады. Шприц- бір жақ ұшында ине кигізуге арналған конусы бар қуыс цилиндр; екінші ұшы поршень кигізу үшін ашық болады, поршень тұтқасы бар стерженьге отырғызылған. Кейде цилиндрге поршенді бекіту үшін алмалы – салмалы қақпағы болады. Поршенді тартқанда цилиндрге теріс қысым пайда болады, соның салдарынан ұштығы немесе қуыс ине арқылы ауа немесе сұйықтық сорылады да шприц толтырылады. Поршенді басқан кезде ауа немесе сұйықтық шприцтен шығады.
Шприц тығыз тұруы тиіс, яғни цилиндр мен поршеннің арасына ауада, сұйықта өтпеуі тиіс, әйтпесе ол пайдалануға жарамсыз болады . Поршень цилиндрдің ішкі кенерелеріне жанаса отырып еркін қимылдауы тиіс . Тығыз жабылғандығын тексеру үшін цилиндрдің конусын сол қолдың саусағымен қатты басып, оң қолмен поршенді цилиндрден итеріп шығарады.Егер шприц тығыз тұратын болса,онда поршен алғашқы қалпына қайта оралады .
« Рекорд » шприці бір жақ ұшында тығыз орнатылған тот баспайтын болаттан жасалған воронка бекітілген шыны цилиндрден тұрады, цилиндрдің екінші ұшында метал сақинасы бар.
Поршень қысқа метал цилиндр түрінде шыны цилиндрге дәл келтіріледі , бұл мұқият жабылу үшін жасалынады . Поршенге метал стержень бұрап енгізілген , онда жалпақ тұтқа бар.
Сыйымдылығы шамалы арнайы белгіленетін шприцтерде тарылтылған әрі ұзартылған цилиндр болады,оның арқасында өте қашықтан құйылады әрі неғұрлым дәл бөлімдерге , мысалы: 0,02 және 0,03мл бөлінген. Бұл қатты әсер ететін дәрі-дәрмектерді , инсулин , вакцинамен қан сарысуларды неғұрлым дәлірек енгізуге мүмкіндік береді. Медициналық практикада пластикалық заттарды енгізуге байланысты еліміздің өнеркәсібі сынбайтын шприцтер шығарады. Олардың артықшылығы беріктігімен жеңілділігі. Олар тез жуылып,жақсы зарарсызданады. Кемшілігі -олардың нашар мөлдірлігі.
Соңғы кезде бір рет қолдануға арналған шприцтер- тюбиктер кеңірек қолданылуда. Оларды пластмассадан жасап , фабрикалық жағдайда зарарсыздайды. Мұндай шприц әсіресе алғашқы жәрдем көрсетуге өте қолайлы. Шприц-тюбикті қолданғанда инесін жауып тұратын қалпағын айналдыра отырып , қалпақты шприц корпусына тірелгенше итереді, сөйтіп иненің мандренімен оның каналын жауып тұрған мембрананы теседі. Кері бағытта айналдыра отырып, қалпақты мамбренімен бірге шығарады да, инені жоғары көтере отырып, инеден ауаны шығарғанша корпус кенерелерін итереді. Инені сұққаннан кейін корпусты басыңқырап отырып , дәрі жібереді. Мұнда инеге қол тигізуге не ұстауға еш болмайды. Люэра шприцтері өте аз қолданылады.
Бұл шприцтің поршені мен цилиндрі шыныдан жасалған . Люэра шприцінің сыйымдылығы 1-20 мл. Шприцті қайнатса , жақсы зарарсызданады , алайда тығыз кигізілмейді.
Инъекцияға арналған инелер бір ұшы қиғаш кесіліп, ұшқырланған іші қуыс тар металл түтік. Иненің екінші ұшына муфта бекітілген , ол ауа кіргізбеу үшін шприц ұштығына тығыз кигізіліп жатуы тиіс. Инелер әдеттегі немесе таттанбайтын болаттан жасалады.
Түрлі инъекция үшін иненің алуан түрі болады:
1.веналық дәрі құюға арналған 0,3-тен 0,5 мм-ге дейін саңылауы бар ұзындығы 5-6 см инелер;
2.тері асты инъекциясына арналған 0,5-тен 1мм-ге дейін саңлауы бар ұзындығы 3-4 см инелер ;
3. бұлшық инъекцияға арналған 0,8-ден 1,5 мм-ге
дейін саңлауы бар , ұзындығы 8-10 см инелер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет