Клиникаға кіріспе



бет48/61
Дата23.09.2023
өлшемі227,6 Kb.
#109897
түріСабақ
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   61
Байланысты:
КК-Методичка стом 2к прак-каз

7.Көңілінің айнуы.
Көңілінің аунуы – іштің жоғарғы бөлігіндегі жағымсыз сезім, ауырлық сезімін сезіну, кейде адамның бет әлпеті бозарады, қатты терлейді, жүрегі тарсылдайды, сілекей ағады және де тыныс алу жиілігі баяулайды.
Көңілі айныған науқасты тыныштандыру, жалбыздың 1-2 тамшы тамызылған суды ішкізу керек. Көңілінің айнығанын басу үшін жалбызды және хлороформды судың 1-2 ас қасығын ішу, палатаға таза ауа кіргізу, науқастың көп сөйлемеуін сұрану және тыныштық орнату. Тоқтаусыз және қайталамалы құсық кезінде тез арада дәрігерді шақыру керек.
Ұсыныс: көңіл айну ұстамалары қиындаса тамақ қабылдамау, аз-аздан қайнаған су ішу және бұл сезім басылғанша немесе жағдайының жеңілденуіне әкелмейтін құсу кезінде жата тұру керек.
8.Құсу симптомы.
Құсу диафрагма, асқазан бұлшықеттерінің қатысуымен болатын күрделі рефлекторлы акт. Ауыз арқылы сыртқа асқазаннан құсық массасының шығуы нәтижесінен болады. Құсу - асқазан-ішек жолдарының, жұмсақ таңдай, жұтқыншақтың, тілдің кілегей қабатының тітіркенуі, улану, артериальді гипертензия және жүйке жүйесінің күрделі ауруларының белгісі болуы мүмкін.
Науқастың құсу себебін анықтайтын анализ кезінде неге көңіл бөлу керек?
Науқастан құсқан уақытын анықтау (азанда, тамақтанып болған соң, тамақтанғанына бірнеше сағат өткен соң), құсық массасының көлемі, түсі, иісі, консистенциясы, реакциясы, тамақ қалдықтарының сипаты, өттің, қанның және патологиялық қосылыстардың болуын және т.б. анықтау керек. Жиі және қайтымсыз құсық ауыр бұзылыстарға алып келеді: электролитті ығысуымен сусыздану, соңынан жүрек қан-тамыр және бүйрек қызметінің бұзылыстарымен байқалады.
Құсу кезінде алғашқы көмек.
Дайындау: науқасқа процедура барысын түсіндіру;
Қажетті заттар: клеенкелі алжапқыш, салфетка, жам, шелек, су және лоток.
Процедураны орындау:

  1. науқасты тыныштандыру, отырғызу, алжапқышты кигізу немесе алдына жайма төсеу, екі аяғының ортасына жам не шелек қою.

  2. маңдайын алақанмен ұстау арқылы науқастың басын ұстау.

  3. науқас құсып болған соң аузын шаю үшін су беру, бетін және қолын жуу, жатуына көмектесу.

  4. жамды алып шығу, қажет болса дәрігерге көрсету.

Науқастың жағдайы ауыр болса бір қырымен жатқызу;
Орындау:

  1. науқасты бір қырымен жатқызу, тыныс алу жолдарына құсық массасының түспеуі үшін басын бір жағына бұру; науқас үнемі бақыланады.

  2. науқас мойнын немесе көкірегін салфеткамен жабу.

  3. науқас аузының астына лоток қою.

  4. құсып не құстырып болған соң ауызын сумен немесе 2% натрий гидрокарбонат ерітіндісімен шаю.

  5. лотоктағы құсық массасын дәрігерге көрсету.

Болуы мүмкін асқыну: ал қызыл түсті немесе "кофе тұнбасы тәрізді" құсса науқасты тез арада жатқызу, асқазан тұсына мұзды мұйық қою және дәрігерге хабарлау.
Науқасқа ұсыныс:

  1. көңілінің айнуы және құсу тоқтағанша қатты тамақты қабылдауға болмайды.

  2. көп мөлшерде сұйықтық ішу.

  3. темекі тартпаңыз.

  4. дәрі-дәрмек қабылдамаңыз.

  5. өз-өзін бақылау және өміріне қауіп төнгенде дәрігерді шақыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет