Клиникаға кіріспе


тәрбиелік: клизма жасағанда, науқас құсқанда көмек көрсету кезінде этика және деонтологиялық нормаларға тәрбиелеу. дамыту



бет45/61
Дата23.09.2023
өлшемі227,6 Kb.
#109897
түріСабақ
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   61
Байланысты:
КК-Методичка стом 2к прак-каз

тәрбиелік: клизма жасағанда, науқас құсқанда көмек көрсету кезінде этика және деонтологиялық нормаларға тәрбиелеу.

  • дамыту: бөлімшеде жұмыс істеу қабілеттілігін дамыту.

5. Оқыту әдісі: көрме, пікірталас, рольдік ойындар, аудиториялық.
6. Материалды – техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, буклеттер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.
б) оқыту орны: № 2, 3, 4, 5 бөлмелер.
7. Әдебиеттер:
Негізгі (Н)
1. Мейірбике ісінің негіздері. Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.
Қосымша (Қ)
1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.
8. Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин (12%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 28 мин (30%)
- Тыныс мүшелері анатомиясын
- Тыныс мүшелері физиологиясын
- Тыныс мүшелерінің жиі кездесетін сырқаттары
- Тыныс мүшелері зақымдарының белгілері
- Тыныстың патологиялық түрлері
-науқастың жағдайын кадағалау;
-АҚ кысымын өлшеу, пульсті есептеу;
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 54 мин (60%)
Жоспар:

  • Асқорыту жүйесінің анатомиясы

  • Топографиялық анатомиясы

  • Асқорыту жүйесінің физиологиялық ерекшелігі

  • Сілекей, асқазан сөлі және өттің түзілуі; бұлардың функциональді маңыздылығы

  • Ауыз қуысының, өңештің, асқазанның, ішектің, бауыр және өт жолдарының аурулары

  • Негізгі симптомдары: асқазан тұсындағы ауырсыну, тенезмдер.

  • Асқазан диспепсиясы: қыжылдау, дисфагия, кекіру, тәбетінің төмендеуі,көңілінің аунуы және құсу

  • Ішек диспепсиясы: іш өту, іш қату, метеоризм және үлкен дәретін ұстай алмауы

  • Асқорыту жүйесінен қан кету: «кофе тұнбасы тәрізді» құсу және «мелена» қан аралас нәжіс

  • Асқорыту жүйе аурулары кезінде медбикелік процессті ұйымдастыру

Ауырсыну диспепсиялық бұзылыстар (көңілінің айнуы, кекіру, қыжылдау, тәбетінің бұзылуы, аузынан жағымсыз иістің шығуы, іш қату, жиі іш өту, метеоризм), сарғаю – асқазан ішек жолдарының аурулары кезінде жиі кездесетін негізгі симптомдар болып табылады.
Асқазан ішек жолдарының аурулары кезінде медбике науқас ішегінің қызметін бақылайды. Бұл кезде үлкен дәретке отыруын, жиілігін, консистенциясын және түсіне көңіл аудару керек. Қан аралас нәжістің бөлінуі – асқазан ішектен қан кетудің бірден – бір белгісі болып табылады. Бұл жағдайда медбике тез арада дәрігерді шақыру, ол науқасты төсекке жатқызу керек. Асқазан ішек жолдарының ауруларын емдеу кезінде тамақтану тәртібін дұрыс сақтау үлкен маңызға ие. Дәрігер науқасқа белгілі бір өз ауруына сәйкес диетаны тағайындайды, ал медбике науқастың тағайындауларды орындауын қадағалайды.
Асқорыту мүше қызметінің бұзылыстары және ауруларымен ауыратын науқастарды күту және бақылау: лабораториялы және инструментальді диагностикалық тексеру әдісіне науқастарды дайындау, ішек қызметінің бұзылыстары, диспепсиялық бұзылыстар, асқазан тұсындағы ауырсыну кезінде науқасқа көмек көрсету бойынша арнайы әдістерді қолдану, жеке тазалығы, санитарлы-гигиеналық және тамақтану тәртібін сақтау бойынша жалпы шараларды қамтиды. Жеке гигиеналық ережелерді қатаң сақтау, палатаның тазалығы (палатаның есігін немесе терезесін ашып желдету, жүйелі ылғалды тазалықты үзбеу) бойынша жалпы шаралар және емдік сақтандыру тәртібінің талаптарына сәйкес науқастарды күтіп бақылайды. Ауыз қуысын күту бойынша ерекше көңіл бөлу керек. Асқорыту мүше ауруларының жиілігімен, асқорыту мүше ауруларымен және сондай-ақ ауыз қуысының жағдайының арасындағы байланысты ескере отырып дәрігерлер ауыз қуысын және тілді «асқазанның көз айнасы» деп атайды. Сондықтан асқорыту жүйе ауруларын емдеу және алдын-алу кезінде ауыз қуысының күтіміне ерекше көңіл бөледі. Асқазан-ішек ауруларына шалдығуларын ескерту мақсатында және ол аурулар анықталған кезде тіс және тіс жегісінің санациясының маңыздылығын, әр тамақты қабылдап болған соң ауыз қуысын шаю және тісін үнемі тазалау қажеттілігін науқасқа медбике түсіндіру керек. Диеталық тәртіпті сақтауын қадағалау және бұл диетаның маңыздылығын түсіндіру керек.
Ауыз қуысы (cavum oris)- асқорыту жүйесі ауыз қуысынан басталады. Ауыз қуысының кілегей қабаты және сілекей ағзаның маңызды – барьерлі қызметін атқарады. Ауыз қуысының негізгі қызметінің бірі – тамақты шайнау болып табылады. Ауыз қуысының функциональді бұзылыстары (шайнау қызметінің бұзылуы) асқорыту жүйе қызметіне кері әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет