9.Ауырсыну симптомы. Асқорыту жүе ауруларында жиі кездеседі және тамақты қабылдау уақытына байланысты. Ауырсынуды бағалау кезінде: оның түрін, интенсивтілігін, локализациясын, иррадиациясын, ұзақтығын, кезектілігін, физикалық күш түсіргеніне, дефекация актына немесе тамақты қабылдауымен байланысын анықтау керек. Асқорыту жүйе аурулары кезінде ғана емес және де неврологиялық ауруларда, тыныс алу ауруларында (крупозды пневмония), жүрек қан-тамыр ауруларында (миокард инфарктісі) да асқазан тұсындағы ауырсыну сезімі болады. Бұл диагностикалық қателік жіберудің себебі болып табылады. Дәрігердің тағайындауынсыз науқасқа ауырсыну сезімін басатын дәрі-дәрмек беруге, грелка қоюға, компресс және клизма жасауға тиім салынады.
Ішек – аш және тоқ ішекке бөлінеді. Аш ішектің ұзындығы 160-430 см, ал тоқ ішектің ұзындығы 1,5м болып табылады. Ішек патологиясының негізгі симптомына ішектің бұзылыстары жатады.
10.Іш қату симптомы. Ішекте 48 сағаттан көп іштің ұзақ қатуын айтамыз. Перистальтиканың және ішек мускулатурасының әлсіреуінен пайда болады. Іш қату кезінде тазалау клизмасы арқылы, ал ұзақ және тұрақты іш қату кезінде ішекті сифонды клизма көмегімен тазалайды. Копростаз кезінде – нәжісті механикалық жолмен шығарады. Ұзақ және созылмалы іш қату кезінде науқасқа ұсынылады: диета, кефир, қара шөрік, қызылша, қырық қабат, сәбіз, банан және т.б. яғни ішек перистальтикасын жақсартатын тамақтарды қабылдау қажет.
11.Іш өту симптомы. Іш өту – нәжісінің сұйылуын айтамыз. Себебптері: ішектегі сіңірілу процессінің бұзылуы және ішектегі қабыну процестері және т.б. Іш өту кезінде науқасты төсекке жатқызу, бөксесінің астына резиналы астауша қою, үстін жылы етіп жабу және ыстық шәй беру қажет. әр дефекация актісінен кейін дәрет алдыру және құрғату, анальді тесік айналасына вазелин майын жағу. Терісінің қызаруы кезінде: синтомицин эмульсиясын жағу. Қабылдайтын тамағында ақуыз көп, дәруменге бай және жеңіл сіңірілетін болу керек. Ұзақ уақыт іш өткенде науқастың жүрек қан-тамыр жүйесін, пульсін және дене температурасын бақылау керек.