ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, буклеттер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.
б) оқыту орны: № 2, 3, 4, 5 бөлмелер.
7. Әдебиеттер: Негізгі (Н) Мейірбике ісінің негіздері. Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.
Қосымша (Қ) 1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.
8. Ұйымдастыру кезеңі:10 мин (12%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру:28 мин (30%)
тамыр соғуды. Тамыр соғуын анықтау орындары мен әдістерін
тамыр соғуының сипаттамасы: арғығы, жиілігі, толықтығы, күші, биіктігі, жылдамдығы
тамыр соғуының өзгеруіне әсер етуші факторлар
тасыр соғуының дене қызуы мен қысымына тәуелділігі
Компрес және сүлікті қою үшін қажетті заттарды дайындау және орындау кезінде қолданған құралдарды өңдеу
Терінің анатомиялық құрылысы
Жүйке рецепторларының қызметі және құрылысы
- Ішкі мүшелерге теріден рефлекторлы реакцияның принциптері
- Компрестің түрлері, қою үшін қажетті заттар және орындау әдісі
- Процедураны орындау кезінде жеке қауіпсіздік шаралары және болуы мүмкін асқынулар
- Гирудотерапия туралы түсінік
- Медициналық сүліктерді қолдану, көрсетілімі және кері көрсетілімі
- Болуы мүмкін асқынулар және олардың алдын-алу
- Қолданған сүліктерді жою
Медбикелік деонтология- медициналық этиканың бір бөлігі болып табылады. Медициналық қызметкерлердің қоғам және науқас алдындағы парызы туралы ілім.
Этика- мораль, адамгершілік және оның таптық мәні туралы ғылым. Этика мен мораль – қоғамдағы адамдардың мінез-құлқын, олардың бір-біріне және қоғамдық құндылыққа деген қарым-қатынасын реттейтін ережелерге қажеттілігінен туған қоғамдық сананың формасы болып табылады. Оған медициналық қызметкердің жұмысына тән ерекшеліктер мен қоғамдағы жағдайына тән мінез құлық нормаларын реттейтін принциптер жиынтығы жатады. Ол медициналық қызметкердің науқастармен, оның туысқандарымен өзара қарым-қатынастарын, тән мен адамгершілік тазалығын қарастырады.
Қазіргі мораль адамдардың бір-біріне деген кішіпейілділікті, қарапайымдылықты, шындық пен адалдықты, принциптік пен табандылықты, еңбекті сүюді, ата-аналармен, балалармен, жолдастарымен, достарымен және т.б. өзара қамқорлықпен сыйластық қарым-қатынас жасауды талап етеді. Оған гуманизм, әділеттілік, ортақ игілік, жақсылық, адалдық туралы игі түсінік жатады және ол ұйымшылдылықпен ынтымақтастық рухындағы мінез-құлықтың жоғары адамгершілік нормаларын қалыптастырады.
Физиотерапиялық процедуралар қан айналым жүйесіне әсер етеді. Тері жүйке талшықтарына өте бай, сондықтан ішкі мүшелерге тері арқылы рефлекторлы реакция принципі бойынша қан айналымға әсер етуге болады. Жылы арқылы жүйке рецепторларын тітіркендірген кезде қан тамырлар кеңееді, ал суықпен аз уақыт әсер еткенде тарылады.
Физиотерапия (грекше physis-табиғат, therapeia-емдеу, синоним: физикалық терапия, физикальді терапия, физиатрия) емдік және алдын-алу мақсатында қолданылатын жасанды және табиғи физикалық факторлардың физиологиялық және емдік әсерін зерттейтін медицинаның белгілі бір аймағы болып табылады. Физикалық әдістермен емдеу жиынтығы және бұл практикада кеңінен қолданылады.
Көрсетілімі:перифериялық, региональді және орталық қан айналымды жақсартады, ауырсынуды басады, тіндердің трофикасын жақсартады, нейрогуморальді регуляцияны және бұзылған иммунды процесстерді қалыптастырады.
Қарсы көрсетілімі: лихорадка жағдайы, қабыну процессінің өршуі, ағзаның жүдеуі, жұқпалы аурулардың жіті сатысы, активті туберкулез процессі, қатерлі ісіктер және оларға күмәндану, қанның жүйелі аурулары, қансырау және қан кетуге бейім кездер, қан айналым жетіспеушілігінің ІІ дәрежесімен өтетін жүрек қан-тамыр аурулары, ірі қан тамырлардың және аортаның аневризмасы, орталық жүйке жүйесінің аурулары; ЕП-мекемеде, емханада, ауруханада және физиотерапиялық процедура бөлмелерінде физикалық факторлардың емдік және алдын-алу мақсатында қолдану, қажеттілігіне байланысты аурухананың палаталарында және науқастың үйінде де жасауға болады. Физиотерапиялық бөлмелер ауруханада орналасады және кем дегенде 50 орынды болу қажет. штатында 10 дәрігері бар емханаларда да арнайы физиотерапиялық бөлмелер болады.
Алдын-алу шаралары: бала бақшада, өндірістік жұмыстарда, демалыс үйлерінде және санаторияда жүргізіледі. Ірі ауруханаларда және емханаларда физиотерапия бөлімін дәрігер-физиотерапевт басқарады.