12.Метеоризм симптомы. Бұл ішінің кебуі. Себептері: ішекте газ түзілу, ішектің қимыл-қозғалыс қызметінің бұзылуы, ішек қабырға арқылы газ сіңірілуінің төмендеуі. Метеоризм кезінде диета тағайындалады, тағам рационынан мына тағамдарды алып тастау керек: қырық қабат, жаңа піскен нан, картоп, ұннан жасалған тамақ өнімдері. Науқасқа карболеннің 0,5-1,0г күніне 3-4 рет береді, жерментті препараттардан – фестал, дигестал, мезим-форте, маалокстүймедақтарын беруге болады.
Айқын метеоризм кезінде газ шығаратын түтікті қолданады! 13.Асқазан-ішектен қан кету. Асқазан ішектен қан кетудің жасырын кезеңінде – ал қызыл түсті қан құсу және қан аралас нәжістің пайда болуы байқалады. Содан соң бас айналу, жалпы әлсіздік, терісінің бозаруы, пульсінің жиіленуі 100-140 рет минутына дейін, тыныс алуының жиіленуі, мұздай тердің шығуы, құлағына шудың естілуі, көз алдында шіркейлердің елестеуі, жүрек тұсындағы ауырсыну болуы мүмкін. Науқас өзіне не болғанын білмей, есін жоғалтуы мүмкін. Қан аралас нәжіс және көңілі айнып қан аралас құса бастайды.
Асқазан-ішектен қан кету кезінде алғашқы көмек. дәрігерді шақыру.
науқасты төсекке жатқызу және аяғын жоғары көтеру.
эпигастральді аймаққа мұзды мұйық қою.
пульсін санау және артериальді қысымын өлшеп қадағалау.
тамақ және су бермеу.
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 62 мин (70%)
Құсқан науқасқа көмек көрсету, асқазанды сүңгілі және сүңгісіз әдіспен жуу, науқасты тазарту, майлы және дәрілік клизмаларды қою.
12. Жаңа тақырыпты бекіту: 18 мин (20%)
Оқушылардың білім деңгейін тест және ситуациялық есептерді шешуіне байланысты бағалау.
ТЕСТТЕР: 1)Асқорыту жүйе қызметі бұзылысы кезіндегі клиникалық симптомдарға жатады:
асқазан тұсындағы ауырсыну, бүкіл денесінің сарғаюы, кекіру,лоқсу, сілекей ағу, іш өту және іш қату.
асқазан тұсындағы ауырсыну, кекіру, лоқсу, құсу, қыжылдау, дисфагия, асқазан-ішектен қан кету, іш өту және іш қату.
жүрек тұсындағы ауырсыну, бас ауру, бас айналу, АҚ-жоғарылауы, мұрын-ауыз үш бұрышының көгеруі, аяқ-қолдарының ісінуі.
кеуде қуысындағы ауырсыну, ентігу, мұрын-ауыз үш бұрышының көгеруі, жөтел, қақырық тастау, қан түкіру, өкпеден қан кету.
2)Сәйкестікті келтір:
асқазан тұсындағы ауырсыну
кекіру
лоқсу, көңілінің айнуы
құсу
қыжылдау
дисфагия
асқазан – ішектен қан кету
іш өту
іш қату
метеоризм
А)асқазан ойық жара ауруында жиі кездеседі, тұз қышқылының әсерінен гемоглобиннің тұз-қышқылды гематинге айналуынан болады.
Б)жұтынудың қиындауы.
В)рефлекторлы акт, кезеген нервтің тітіркенуінен болады.
Г)құсу орталығының қозуымен болатын күрделі-рефлекторлы акт б.т.
Д)жіті және созылмалы ішек инфекциясы кезінде болады.
Е)асқазан немесе өңеште жиналған ауаны шығару.
Ж)тамақтанып болған соң эпигастральді аймақта пайда болатын сезім;
З)асқазан сөлінің қышқылдығының көбеюінен және өңештің кілегей қабатының тітіркенуінен болады.
К)obstipatio-ішекте нәжістің ұзақ уақыт тұрып қалуы.
Л)ішек қабырғасы тонусының баяулауынан, ішектің қозғалту қызметінің бұзылуы және аэрофагия.
3)Асқорыту мүшесіне жатады:
ауыз қуысы, мұрын қуысы, жұтқыншақ, көмей, брох, өкпе.
ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, он екі елі ішек, аш және тоқ ішек, сигма тәрізді және тік ішек.
ауыз қуысы, мұрын қуысы, жұтқыншақ, көмей, өңеш, бронх, өкпе, асқазан, он екі елі ішек, аш және тоқ ішек, сигма тәрізді және тік ішек.
4)Асқорыту мүшесінің физиологиялық ерекшеліктерін сәйкестір:
ауыз қуысы
А-нәжісті сыртқа шығарады.
Б-су сіңіріледі, нәжіске айналады.
В-асқазанға түседі.
Г-ас қорытылады.
Д-асты бөлшектейді.
Е-дәрумендер және минералдар сіңіріледі.
Ж- жұту қызметін атқарады.
З-тістің көмегімен шайнау қызметін атқарады, ауыз қуысында альфа амилаза бөлінеді.
5)Асқорыту жүйе қызметі бұзылысы кезіндегі медбикелік процессті сәйкестір:
асқазан тұсындағы ауырсыну
асқазан-ішектен қан кету
дисфагия
кекіру
қыжылдау
лоқсу,көңілінің айнуы
құсу
метеоризм
ықылық қату
іш қату
А)тағамды жақсылап шайнау және аз мөлшерден жұту, карболенді қабылдау, тамақтанып болған соң жата салмай сәл жүру.
Б)минеральді сулар:Боржоми, Ессентуки, Асем-ай, Алекс, Бонаква; гидрокарбонат натрий шәй қасықтың ⅓ себелеп беру немесе алмагельді тәулігіне бір ас қасықтан 3-4 рет беру.
В)сұйық тағамдарды беру.
Г)науқасты тыныштандыру, ыңғайлы жатқызу, қысып тұрған киімін шешу, палатаға таза ауа кіргізу, бір-екі жұтым су беру; ұзақ ықылық қату кезінде ішке вале (1-2 ас қасық 0,5% новокаин ерітіндісі) қабылдау қажет.
Д)дәрігерге хабарлау, ауырсынудың себебін анықтағанша ауырсынуды басатын д-дәрмекті беруге және жылу процедураларын істеуге болмайды.
Е)науқасты тыныштандыру, мята тұндырмасынан 1-2 тамшыны салқын суға тамызып ішкізу, палатаға таза ауа кіргізу, науқасқа психикалық және физикалық тыныштық орнату, дәрігерге хабарлау, церукал таблеткасын беру.
Ж)диета тағайындалады, тағам рационынан алынатын өнімдер:капуста, ыстық нан, картоп, ұннан жасалған тағамдар және т.б. карболенді тәулігіне 0,5-1,0г 3-4 рет беру, тез және айқын метеоризм кезінде газ шығаратын түтік қою қажет.
З)тез арада дәрігерді шақыру, науқасты төсекке жатқызу және аяғын жоғары көтеру, эпигастральді аймаққа мұзды мұйық қою, АҚ және PS-қадағалау, су ішкізбеу және тамақтандырмау.
К)тазалау клизмасын жасау қажет, диета тағайындау қажет оның құрамына: кефир, қызылша, сәбіз, банан, капуста;
Л)науқасты тыныштандыру, фартук тағу, екі аяғының ортасына тазик қою, науқастың маңдайынан алақанмен ұстау, құсып болған соң аузын шайдыру, науқасты бір қырымен жатқызу.
6)Құсу орталығы қай жерде орналасқан, дұрыс жауабын көрсет:
гипофизде
7)Асқорыту жүйе қызметі бұзылысы кезіндегі науқастарға қандай диета тағайындалады:
№ 5
№ 10
№ 7
№ 15
№ 1
8)Құсудан кейінгі болуы мүмкін асқынулар:
кофе тұнбасы тәрізді немесе алқызыл түсті құсық кезінде науқасты тез арада жатқызу, эпигастральді аймаққа грелка қою, дәрігерге хабарлау.
кофе тұнбасы тәрізді немесе алқызыл түсті құсық кезінде науқасты тез арада жатқызу, эпигастральді аймаққа мұзды мұйық қою, дәрігерге хабарлау.
кофе тұнбасы тәрізді немесе алқызыл түсті құсық кезінде науқасты тез арада жүргізу, ыстық қою шәй беру, дәрігерге хабарлау.
9)Құсудан кейін медбике науқасқа беретін ұсынысы.
көп мөлшерде сұйықтық ішу, темекі тартпау, дәрі-дәрмек қабылдау, жағдайы нашарласа дәрігерді шақыру.
көңілінің айнуы және құсу басылғанша ауыр тағамдарды қабылдамау, көп мөлшерде сұйықтық ішу, темекі тартпау, дәрі-дәрмек қабылдамау, жағдайы нашарласа дәрігерді шақыру.
көңілінің айнуы және құсу басылғанша көп мөлшерде сұйықтық ішу, темекі тарту, дәрі-дәрмек қабылдау, жағдайы нашарласа дәрігерді шақыру.
10)Ықылық қату дегеніміз не?
А- жұтынудың қиындауы.
Б- құсу алдында болатын процесс
В- эпигастральді аймақта және төс артында күйдіруді сезіну
Г-диафрагманың рефлекторлы кенеттен ұстамалы жиырылуы, дыбысты және қатты демалумен байқалады.
Д- ішекте нәжістің ұзақ уақыт тұрып қалуы
11.«Мелена» melena-дегеніміз
А- қара түсті сұйық консистенциялы нәжістің бөлінуі
Б- құсу алдында болатын процесс
В- эпигастральді аймақта және төс артында күйдіруді сезіну
Г- кофе тұнбасы тәрізді құсық (қою қоңыр түсті).
Д- ішекте нәжістің ұзақ уақыт тұрып қалуы
12.Қанша уақыт өткеннен кейін іш қату деуге болады:
А- 40 сағат
Б- 48 сағат
В- 58 сағат
Г- 68 сағат
Д-78 сағат
13.Сәйкестір:
1өңеш
2он екі елі ішек
3аш ішек
4тоқ ішек
А- 150-430см яғни 3м
Б- 1,5м
В- 20-25см
Г- 25-30см
14.Асқазан тұсындағы ауырсыну сезімін сәйкестір:
1«ерте»
2«кеш»
3«түнде»
4«аш қарынға»
А- тамақтанып болған соң 0,5-1сағаттан кейін, ауырсыну 1,5-2 сағатқа созылады.
Б- түнде жатқанда ауырсыну мазалайды.
В- тамақтанып болған соң 6-7 сағаттан кейін және науқас қайта тамақтанғаннан кейін қояды.
Г- тамақтанып болған соң 1,5-2 сағаттан кейін.
15.Функциональді іш қату түрлерін көрсет, мынадан басқа :
алиментарлы