7. Бұлшықет атрофиясын балау және емдеу 8. Бұлшықет жыртылуы және созылуы
Бұлшыкеттердегі патологиялық процесстер зат алмасудың және
иннервацияның бұзылуынан, қабыну және қабынбаған түрде дамуы мүмкін
екенін есте сақтау керек.
Бұлшыкеттің қабынуын миозит деп атайды. Олар асептикалык және
инфекциялы, ал ағымы бойынша жіті және созылмалы болуы мүмкін.
Клиникалық белгілері - миозитте ауырсыну реакциясы, жергілікті
температураның көтерілуі, ал ревматикалық және инфекциялық
түрлерінде жалпы температураның көтерілуі болып табылады. Осының
барлығы ауырсыну реакциясымен жүреді. Созылмалы миозиттерде
ауырсыну онша байқалмайды, бірақ пальпация жасағанда зақымалған ұлпаның
локальді немесе диффузды тығызданғанын және жиырылуының төмендегенін
байқауға болады. Миопатоз кезінде жалпы және жергілікті температура
болмайды, ауырсыну бұлшыкет талшықтарының тез кыскаруынан пайда
болады.
Бұлшықеттердің ауруларымен теория жүзінде танысқаннан кейін,
жануардың симметриялық дене бөліктеріне пальпацияның салыстыру
әдісін колдана отырып, бұлшыкеттердегі патологиялық өзгерістерді
қалыпты бұлшықеттерден ажырата білуді үйрену керек. Патологиялық
бұлшыкеттерді пальпациялағанда ауырсынуды,
кедір-бұдырды,
тығыздануды, серпімділігінің өзгерістерін байкаймыз.
Cay
бұлшыкеттерде мұндай өзгерістер болмайды. Іріңді және ревматикалық
миозиттер катты ауырсыну және жалпы температураның көтерілуімен
сипатталады.
Ірінді миозиті бар жануарды тексеру. Біріншіден анамнез мәліметтерін
жинайды, содан кейін температура, пульс, тыныс алуын өлшейді, жануардың
жалпы жағдайын және патологиялық процесстің сипатын анықтайды. Ереже
бойынша жануардың тәбеті төмен, дене кызуы көтерілген, пульс және тыныс
алуы жиілегенін аныктайды, Егер процесс артқы бұлшықеттерде таралса, онда
жануар арен козғалады. Қабынған бұлшықет үлкейген, пальпациялағанда
ауырсынады, ыстық және тығыз болып келеді. Фасцияасты және теріасты
клетчаткасында диффузды кабынған домбығу байкалады. Саусақпен басқанда
баяу орнына келетін шұңқыр пайда болады.
Бұлшыкеттің ірінді кабынуы пальпациялағанда сыкырлайтын абсцесске айналуы мүмкін. Бұндай аумақты тескенде сұр түсті іріңді экссудат бөлінеді.
Диагностикалық мақсатта пункция жасайды. Тесу орынының жүнін
қияды, 0,5 %-ды аммиакпен сүртеді, мақта тампонымен кептіріп, 5 %-ды
формалиннің немесе йодтың спирттегі ерітіндісімен өңдейді. Алынған ірінді
экссудаттың сипатын анықтайды және микроскопиялық әдіспен қоздырғыштың
түрін ажыратады.
Дұрыс диагноз қою үшін іріңді миозиттің клиникалық белгілерін және
патологиялық процесстің өзгерістерін ескеру керек.
Миозитті қабыну өзгерістерінің сипатына қарай ажыратады.
Олар іріңді, паренхимотозды, фиброзды, интерстициальды және
оссифицирлеуші болады. Клиникалық белгілеріне қарай жіті және созылмалы,
этиологиясына қарай травматикалық, ревматикалық және инфекциялық түрлері
болады.
Паренхиматозды миозит бұлшықеттердің қажуынан, ұзақ уакыт қатты
салқындаудан, паралитикалық миогемоглобинуриядан дамиды. Зақымдалған
бұлшықеттер тығызданады, пальпациялағанда ауырсынады.
Интерстициальды миозит - созылмалы бұлшықет ревматизмінен пайда
болатын бұлшыкеттің созылмалы ауруы. Осы ауруда домбығумен және
бұлшықет талшықтарының шашылуымен сипатталатын дегенеративті
өзгерістер болады.
Фиброзды миозит бұлшық ет талшықтарының атрофиясынан кейін
бұлшыкеттердің дәнекер ұлпасымен өсіп кетуімен сипатталады. Осындай
процесс ботриомикоз, актиномикоз, трихинеллез кезінде және бұлшыкет
ұлпасына механикалык әсер еткенде пайда болады.
Сүйектелген миозит бұлшыкет арасында сүйек ұлпасының түзілуімен
сипатталады.Сүйек кездейсоқ немесе операциялық жарақат орнында дәнекер
ұлпадан дамиды. Бұлшықет ұлпасы оның түзілуіне қатыспайды.
Травматикалық және травматикалық емес сүйектлелген миозиттерді
ажыратады. Аурудың патогенезі және себептері толық зерттелмеген. Ауру
көбінесе симптомсыз өтеді. Аурудың симптомдары болып табылады
зақымдалған бұлшықет аумағының қатты консистенциясы және пальпация
жасағанда жануардың корғаныш реакциясының жоғалуы.
Күдікті жағдайларда рентгенологиялық зерттеулер жүргізеді.
Диагнозды анамнез мәліметтеріне, клиникалық белгілеріне және
патологиялық процессті ажыратып барып қояды.
Іріңді миозитті емдеу. Абсцесс немесе іріңді үлкен қылып кеседі. Пайда
болған куысты антисептикалық жылы ерітінділермен (калий перманганатымен
1:1000) шаяды, некрозға ұшыраған бұлшықет ұлпасын, фасцияны,
апоневроздарды кеседі; Ірінді экссудаттың еркін шығуына жағдай жасайды.
Іріңді инфекцияны болдырмау үшін бұлшықет ішіне 0,5-1 %-ды новокаин
ерітіндісіндегі антибиотиктерді, вена ішіне (ірі қара малға)стерильді
дайындалған норсульфазол ерітіндісін енгізеді. Кадыков бойынша камфорлы
сарысу (Camphorae tritae 4,0; Glucosi 60,0; Spiritus vini rect. 96 % - 300,0; Sol.
Natrii chloridi 0,85 % - 700,0; M. f. solutio) жақсы емдік әсер (жылқыларда)
береді. Оны жылкыларға вена ішіне 200-300 мл күніне екі рет енгізеді.
Плахотин бойынша камфорлы сарысу (Camphorae tritae 3,0 (4,0); Spiritus vini
rect. 96 % - 200,0 (300,0); Hexamethylentetramini 10,0 (16,0); Glucosi 100,0
(120,0); Calcii chloridi 20,0(25,0); Acidi ascorbinici 1,5 (2,0); Sol. Natrii chloridi
0,85 % -1000.0 (2000,0). М. f. solutio) жануарлардың септикалық ауруларында
жаксы нәтиже береді. Оны вена ішіне 500-1000 мл күніне бір рет қолданады.
Қазіргі дәрілерден бұлшықет ауруларын алдын-алуда Alezan гелін
пайдаланады (сур. 89, 90).