Клиникалық диагностика


Жалпы зерттеу әдіс-тәсілдері



бет3/3
Дата06.01.2022
өлшемі30,85 Kb.
#14276
1   2   3
Жалпы зерттеу әдіс-тәсілдері

Клиникалық жалпы әдіс-тәсілдері.клиникалық жалпы әдіс-тәсілдеріне қарау әдісі (көру), пальпация (сипау), перкуссия (соғу), аускультация(тыңдау) және термометрия (дене қызуын өлшеу) тәсілдері жатады.

Қарау – ең қарапайым тәсіл. Қарауды жарық жерде жүргізеді. Малды қарап зерттеген кезде басынан аяғына дейін үстінен, артынан, жан-жақтан байқайды.

Пальпация – қолдың сезімі арқылы жүргізілетін тәсіл. Пальпация ішкі және сыртқы түрлерге бөлінеді. Сыртқы пальпация өзара үстіңгі және терең болып бөлінеді. Үстіңгі сыртқы пальпацияны алақанды тексерілетін жерге сипай басып дененің қызуын, ылғалдылығын, сезімталдығын және ауырсынуын анықтайды. Терең сыртқы пальпацияны бірге қосылған саусақтармен тексерілетін жерге перпендикулярлы қатты басып ағзалардың көлемін, пішінін, консистенциясын, үстіңгі беттің қасиетін, ауырсынуын т.б. зерттеуге болады. Ішкі пальпацияны тік ішек арқылы құрсақ қуысының ағзаларын зерттеген кезде іске асырады.

Перкуссия – малдың денесін соққылау кезіндегі пайда болатын дыбыстардың өзгеруін анықтайтын тәсіл. Перкуссия тәсілі екі түрге бөлінеді: тікелей және жәрдем арқылы. Тікелей перкуссияны саусақтың ұшымен тікелей малдың үстінен соққылап жасайды. Жәрдеммен жасалатын перкуссия дигитальді және инструментальді болады. Дигиталды перкуссия – бір қолдың саусағын малдың тексерілетін жеріне басып, екінші қолдың саусағымен оның үстінен соққылайды. Инструменталды перкуссияны жасаған кезде плессиметр деген аспапты малдың денесіне басып, үстінен перкуссиялық балғашықпен тоқылдатады.

Аускультация – дене мүшелерінің қозғалысынан пайда болатын дыбыстарды тыңдау. Тыңдау үшін арнайы стетоскоп, фонендоскоп, стетофонендоскоп құралдарын пайдаланады немесе малдың үстіне сүлгі жауып, тікелей құлақпен тыңдайды.

Термометрия(жылу, өлшеу) – ауру малды зерттеген кездегі қажетті әдіс. Кейбір ішкі ауруларда дене қызуының жоғарылауы немесе төмендеуі клиникалық белгілерінен бұрын байқалады. Жұқпалы ауруларды жаппай(бірі қалмастай) термометрияны ауырып қалған малды айқындап табу әдісі ретінде қолданады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет