Клиникалық практика күнделігі Клиникалық практика атауы «Пациенттің қауіпсіздігіне клиникалық мейіргерлік күтім»



бет13/15
Дата23.10.2023
өлшемі94,82 Kb.
#120794
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
дневник бакалавра кл практики (1)

4







10.12.21

ФГДС-ке зерттеу әдістеріне науқасты дайындау.МРТ . КТ.УДЗ зерттеу әдістеріне науқасты дайндау
1. Науқасқа алда болатын зерттеудің мақсатын, барысын және мағынасын түсіндіріп, оның келісімін аламын.
2.Науқасқа психологиялық дайындықты жүргіземін.
3.Науқасқа зерттеу таңертең ашқарынға өткізілетінін хабарлаймын. Тамақ, су ішуіне, дәрілік препараттарды қабылдауына тыйым саламын, темекі шегуге, тісті тазалауға болмайды.
4.Науқасты зерттеу қарсаңында кешке қарай сағат 18-ден кешіктірмей кешкі жеңіл тамақпен қамтамасыз етемін, кешкі тамақтан кейін науқас суды, тамақты ішпеуі керек.
5.Зерттеу алдында науқас алмалы-салмалы тіс протездерін шешіп тастауын қадағалаймын.
6.Эндоскопия жасаған уақытта сөйлеуге және түкірігін жұтуға болмайтынын науқасқа ескертемін (науқас сілекейін сүлгіге немесе салфеткаға түкіріп отырады).
7.Науқасты сүлгісімен, ауру тарихымен, жолдамасымен белгіленген сағатта эндоскопиялық кабинетіне ертіп апарамын.
8.Зерттеуден кейін науқасты палатаға ерітіп апарып және одан жұту акті толық қайта қалпына келгенше 1-1,5 сағаттай тамақ қабылдамауын сұраймын. Темекі шегуге болмайды.
МРТ,КТ,УДЗ зерттеу әдістеріне науқасты дайындау
1.Науқасқа зерттеу мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның рұқсатын аламын.
2.Дайындау ережесін бұзыуының.
3.Зерттеу ашқарында жүргізілетінін науқасқа ескертіп қойамын.
4.Зерттеуге дейін 2-3 күн бұрын тамақтану рационынан жел (газ) жинауды болдырмайтын тамақтарды қабылдамайтынын науқасқа түсіндіремін (көкөністер, жеміс-жидектер, сүт тағамдары, қара нан, бұршақ тағамдар, жеміс сөктер), таблеткалы іш айдайтын дәрілер.
5.Науқас зерттеу қарсаңында дәрігердің тағайындауы бойынша іш кебуді болдырмайтын дәрілерді қабылдайды.
6.8-12 сағат зерттеуге дейін науқас тамақ қабылдауды тоқтатуы керек.
7.Зерттеу қарсаңыңда кеште тазарту клизмасын қойамын.
8.Зерттеу алдында темекі шегуге болмайды.
9.Науқас ультрадыбыстық зерттеуге барғанда өзімен бірге сүлгіні және ақ жайманы алады.
10.УДЗ кабинетіне науқасты ауру тарихымен ілестіріп апарамын.
11.Зерттеуден кейін науқасты палатаға апарамын.
Кіші жамбас мүшелерін ультрадыбыстық зерттеуге (қуықты, қуық асты безі, жатыр қосалқылары):
-науқастың дайындығы іш перде қуысы мүшелерінің УДЗ сияқты жүргізіледі;
-науқасқа зерттеуге 2-3 сағат қалғанға дейін 1,5 л сұйықтықты (қайнаған су) ішуі қажет екенін ескертіп қоямын;
-науқастан зерттеуге дейін кіші дәретке (толық қуық) отырмауын сұраймын.
Колоноскопия зерттеу әдістеріне науқасты дайындау
1.Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оны жасауға оның келісімін аламын.
2.Науқасқа психологиялық дайындықты жүргіземін.
3.Дайындық ережесінің бұзылуы салдары туралы ескертемін (зерттеу нәтижесі дұрыс шықпайды).
4.Науқасқа зерттеу таңертең ашқарынға өткізілетінін хабарлаймын.
5.Зерттеуге дейін 2-3 күн бұрын іш кебудің алдын алу үшін шлаксыз диета тағайындаймын.
6.Фортранс препаратының ерітіндісі зерттеуге дейін тағайындалады. 1 пакеттен аз қолдану қажет (1 литр ерітінді) 15-20 кг дене салмағына.
7Дайындау кезеңі Зерттеу алдындағы күн Зерттейтін күн
1 кезеңді дайындау 1300 – соңғы тамақты қабылдау
1500 – 1900 – 4 литрфортранс ерітіндісін қабылдау Күннің бірінші жартысында зерттеу жүргізіледі
2 кезеңді дайындау 1500 - соңғы тамақ қабылдау
1700 – 1900 - 2 литр фортранс ерітіндісін қабылдау 700 - 9 00 - 2 литр фортранс ерітіндісін қабылдау. Күннің екінші жартысында зерттеу жүргізіледі.
8.Белгіленген сағатқа науқасты эндоскопиялық кабинетке ертіп апарамын (ауру тарихымен).
9.Зерттеуден кейін науқасты палатасына дейін шығарып саламын. Бақылау мен тыныштықты қаматамасыз етемін.
Бронхоскопия зерттеу әдістеріне науқасты дайындау
1.Науқасқа зерттеудің мақсаты мен барысын, зерттеу жасаған уакыттағы тәртіп ережесін түсіндіріп, оның келісімін аламын.
2.Науқасқа психикалық дайындықты жүргіземін.
3.Науқасқа зерттеу таңертең ашқарынға өткізілетінін хабарлаймын. Ол зерттеу алдында таңертең тамақты, суды қабылдамауы, темекі шекпеуі керек.
4.Зерттеудің алдында науқас алмалы-салмалы тіс протездерін шешіп тастауын қадағалаймын.
5.Тура зерттеуді жасар алдында науқастан қуығын және ішегін босатуын сұраймы.
6.Дәрігердің тағайындауы бойынша зерттеудің алдында кешке қарай және таңертең жансыздандыруды жасаудан 1-1,5 сағат бұрын транквилизаторлармен (элениум, диазепам) премедикацияны жүргіземін.
7.Қарауға 15-45 минут қалғанда дәрігердің тағайындауы бойынша премедикацияны (наркозға дайындауды) жүргіземін.
8.Науқасты сүлгісімен, ауру тарихымен және жолдамасымен эндоскопиялық кабинетіне тағайындалған уақытта ертіп апарамын.
9.Науқасты палатаға ертіп апарып, жасалған зерттеуден кейін екі сағат бойы тамақ ішуіне, темекі шегуіне болмайтынын ескертемін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет