Майлы,гипертониялық,дәрілік клизма қою техникасы
Майлы клизманы қою
1.Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, оның келісімін аламын.
2.Кушеткаға клеенканы, оның үстінен жаялықты төсеймін. Науқасты кермемен қоршаймын.
3.Науқасты сол жақ қырына жатқызып, оң аяғы тізе буынынан бүгіліп, ішіне қарай келтірілуі керек.
Қолды тазартып,қолғапты киемін.
4.«Су» моншасында t – 380С дейін жылытылған 50-100 мл майлы ерітіндіні алмұрттәрізді баллоншаға немесе Жане шприціне сорып аламын.
5. Жел шығаратын түтіктің саңылаусыз домалақ, бітеу ұшына 20-30 см ұзындыққа вазелин майын жағамын.
6.Сол қолдың І және II саусақтарымен бөкселерді ажыратып, ал оң қолымен жел шығаратын түтікті абайлап айналмалы қозғалыспен анал тесігіне тік ішекке қарай жылжытып енгізіп, ең алғаш кіндік бағытына қарай 3-4см, сосын омыртқа жотасына қатарластыра отырып 20-30 см тереңдікке енгіземін.
7.Майлы ерітіндіні алмұрт тәрізді баллоншаға немесе Жане шприціне сорып алып, енгізер алдында оның ауасын шығарып, жел шығаратын түтіктің бос ұшына жалғастырып, ақырын тік ішекке енгіземін.
8.Жел шығаратын түтіктің сыртқы ұшына қысқышты салып немесе қолмен қысамын.
9.Жел шығаратын түтіктен алмұрт тәрізді баллоншаны жазылдырмай немесе Жане шприцін шығарып аламын.
10.Жане шприціне немесе алмұрт тәрізді баллоншаға ауа сорып алып, қайтадан оны жел шығаратын түтікке жалғастырып, түтікте қалған майлы ерітіндіні тік ішекке қарай үрлеп (итеріп) жіберемін.
11.Жел шығаратын түтікті шығарып алып және алмұрт тәрізді баллоншаның ұштығын зарарсыздандыру ерітіндісіне саламын.
12.Анал тесік аймағының терісін салфеткамен сүртемін.
13.Науқасқа ынғайлы жағдай жасап, терең демалуын сұраймын. 10-12 сағат ішінде деңе жағдайын өзгертуін сұраймын.
14.Қолғапты шешіп, қолды жуып кептіремін.
Гипертониялық клизма қою
1.Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, оның келісімін аламын.
2.Кушетка үстіне клеенканы салып, оның үстінен жаялықты төсеймін, науқасты кермемен қоршаймын.
3.Қолды тазартып. Қолғапты киемін.
4.«Су» моншасында 380С дейін жылытылған 50-100 мл тұзды ерітіндіні алмұрт тәрізді баллоншаға немесе Жане шприціне сорып аламын.
5.Жел шығаратын түтіктің саңылаусыз ұшына вазелин майын 20-30 см ұзындығына жағамын.
6.ауқасты сол жақ қырымен жатқызып, оның оң аяғын тізе буынынан бугілулі кішкене ішіне қарай келтірулі болуы керек.
7.Сол қолдың І және ІІ саусақтарымен бөксені ажыратып, ал оң қолмен абайлап жеңіл айналмалы қозғалыспен жел шығаратын түтікті анус тесігіне енгізіп,оны тік ішекке қарай жылжытып, алдымен 3-4 см кіндік бағытына қарай, сосын омыртқа жотасына қатарластыра отырып 20-30 см тереңдікке енгіземін.
8.Алмұрт тәрізді баллоншадан немесе Жане шприцінен алдын ала ауаны шығарып, жел шығаратын түтіктің сыртқы ұшына жалғап, жаймен тұзды ерітіндіні енгіземін.
9.Жел шығаратын түтіктің сыртқы ұшына қысқышты саламыз немесе оны қолмен қысамын.
10.Алмұрт тәрізді баллоншаны жазылдырмай немесе Жане шприцін жел шығаратын түтіктен шығарып аламын.
11.Түтіктен дәрілік ерітіндіні шығару үшін, бір мезетте сол қолмен түтікті сыйпалап қысып оң қолыңызбен жел шығаратын түтікті шығарамын.
12.Аналь тесігі аймағын тазартамын.
13.Науқасты арқасына бұрылып жатуын сұраймын. Науқастың хал-жағдайын сұраймын.
14.Ұштықты,жел шығаратын түтікті зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа саламын.
15.Қолғапты шешемін.
16.Қолғапты, салфеткаларды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге саламын.
17.Қолды,жуып кептіремін.
Ер,әйел адамға катетр қою техникасы
Әйел адамға катетр қою
1.Науқаспен өзара сенімді қарым-қатынасты орнатамын.
2.Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін аламын.
3.Науқасты кермемен оңашалаймын.
4.Науқасты арқасына жатқызамын: тізесінен бүгілген екі аяғын жан-жаққа аздап қана ажыратамын.
5.Бөксе астына клеенканы, оның үстінен жаялықты төсеймін. Судноны беремін.
6.Гигиеналық деңгейде қолды тазартамын, оларды 70% спиртте суландырылған мақта шариктерімен өңдеймін, тырнақ пластинкаларын 1% спирттелген йод ерітіндісімен тазартамын. Қолғапты киемін.
7.Науқастың жыныс мүшелерін жууға арналған құрал-жабдықтарды дайындаймын (стандартты қара: халі ауыр әйелдердің жыныс мүшесін жуу іс-әрекетін) жүргіземін.
8.Катетерлеуге қажетті құрал-жабдықтарды дайындаймын.
9.Залалсыздандырылған қолғапты киемін.
10.Сол қолдың І және ІІ саусақтарымен үлкен және кіші жыныс еріндерін ажыратамын, зәр шығаратын түтіктің сыртқы тесігін ашамын.
11.Фурацилин ерітіндісіне суландырылған дәке салфеткасын пинцетпен алып, оң қолыма ұстаймын.
12.Несеп шығатын тесікті антисептикалық ерітіндімен тазалаймын, кіші жыныс еріндерінің арасын жоғарыдан төмен қарай қимыл жасап жуамын.
13.Дәке салфеткасын ауыстырып, фурацилин ерітіндісімен суландырылған дәке салфеткасын несеп шығатын каналдың тесігіне 1 минуттай басып ұстаймын.
14.Қолданылған дәке салфеткаларын қауіпсіз жоюға арналған контейнерге, пинцетті зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа саламын. Пинцетті ауыстырамын.
15.Оң қолдағы пинцетпен жұмсақ резеңке катетердің тұмсық (домалақ бітеу) ұшынан 7-8 см қашықтықта қаламсап сияқты қылып ұстаймын.
16.Катетердің сыртқы ұшын алақан үстінен айналдырып алып, оң қолдың ІV-ші, V-ші саусақтарының арасына қысып ұстаймын.
17.Катетердің тұйық жағына залалсыздандырылған вазелин майын «құю» әдісімен құямын.
18.Сол қолмен жыныс еріндерін ажыратып, оң қолмен абайлап катетерді несеп шығатын каналға 4-6 см ұзындыққа несеп шыққанша енгіземін.
19.Катетердің бос ұшын зәр жинайтын ыдысқа саламын.
20.Пинцетті зарарсыздандыру ерітіндісіне саламын.
21.Зәр бөлінуі аяқталғаннан бұрын катетерді шығарамын, сол қасағаның үстінен іштің алдыңғы бетін қолмен басамын. Катетерден шығарғаннан соң зәр ағымы зәр шығаратын каналды жуамын (несеп жолын табиғи жолмен шайып өтеді).
22.Зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа катетерді саламын.
23.Қолғапты шешемін. Қолғапты, сүрткілерді мақта шариктерін қауіпсіз жоюға арналған контейнерге саламын.
24.Қолды жуып, кептіремін.
25.Науқасқа физикалық және психикалық тыныштықты қамтамасыз етемін.
Ер адамға катетр қою
1.Науқаспен өзара сенімді қарым-қатынасты орнатамын.
2.Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін аламын.
3.Науқасты кермемен оңашалаймын.
4.Науқасты арқасымен жатқызамын: тізесінен бүгілген екі аяғын жан-жаққа аздап қана ажыратамын.
5. Науқастың бөксе астына клеенканы, оның үстінен жаялықты төсеймін. Судноны беремін (стандартты қара).
6.Қолды тазартамын, оларды 70% спиртте суландырылған мақта шариктерімен өңдеймін, тырнақ пластинкаларын 1% спирттелген йод ерітіндісімен тазартып. Қолғапты киемін.
7.Науқасты жуындыруға арналған құрал-жабдықтарды дайындаймын(стандартты қара), жуу іс-әрекетін жүргіземін. Науқастың оң жағынан тұрып, сол қолға залалсыздандырылған сүрткіні (салфетканы) алып, онымен жыныс мүшесі басынан төмен ораймын.
8.Сол қолдың 3-4 саусақтары арасына жыныс мүшесін алып, сәл басын қысып, 1-2 саусақтармен сәл артық терісін ысырамын.
9.Оң қолдағы қыстырылған пинцетпен дәке тампоныналып, фурацилин ерітіндісіне суландырамын. Тампондарды ауыстыра отырып, жыныс мүшесінің басын жоғарыдан төмен зәр бөліну каналынан шетке қарай тазартамын.
10.Бірнеше тамшы залалсыздандырылған вазелин майын ашық сыртқы зәр шығару каналының тесігіне құйамын.
11.Пинцетті ауыстырамын.
12.Оң қолда қысылған залалды пинцетпен катетердің тұмсығынан 5-7 см қашықтықта алып, катетердің шетін қолдың үстінен орап 4-5 саусақтар арасына қысамын.
13.Лотоктың үстінде катетерге 15-20 см ұзындықта залалсыздандырылған вазелин майын құйамын.
14.Сол қолмен 1-2 саусақтармен жыныс мүшесінің басын жібермей ұстап, пинцетпен катетерді алғашқы 4-5 см-де енгіземін.
15.Пинцетпен катетерді тағы басынан 3-5 см ұстап, зәр шығаратын каналға 19-20 см ұзындықта ақырын енгіземін.
16.Сол қолмен жыныс мүшесін бір мезгілде түсіремін.
17.Катетердің қалған шетін зәрді жинайтын ыдысқа саламын.
18.Зәр бөліну ағымы тоқтағаннан соң оң қолға салынған пинцетпен (керісінше реттілікпен) катетерді абайлап шығарамын.
19.Қолмен қасаға үстінен іштің алдыңғы қабырғасын басамын.
20.Катетерді зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа саламын.
21.Қолғапты шешемін. Қолғапты және сүртінділерді қауіпсіз жоюға арналған контейнерге саламын.
22.Қолды жуып, кептіремін.
23.Науқасқа физикалық және психикалық тыныштықты қамтамасыз етемін.