Клиникалық зертханалық зерттеу әдістері пәнінен Іс-дағдылар стандарттары Мамандық


Ескерту: Гемоглобинцианидтың стандартты ерітіндісі бойынша кестені және калибрлеу таблицаны жасауға болады. ЭРИТРОЦИТТЕРДІ САНАУ



бет33/111
Дата20.06.2022
өлшемі0,61 Mb.
#37108
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   111
Ескерту: Гемоглобинцианидтың стандартты ерітіндісі бойынша кестені және калибрлеу таблицаны жасауға болады.

ЭРИТРОЦИТТЕРДІ САНАУ


Мақсат: перифериялық қанда эритроциттерді сандық санау дағдыларын меңгеру және анықтау (екі әдіс)
I. Зерттеу әдісі: Горяев камерасында микроскопиялық. Принципі: есептеу тордың белгілі квадраттар көлемінде микроскоппен эритроциттерді санау және квадраттар көлеміне және қанды ерітуіне байланысты қанның 1 мкл. қайта санау.
Материалдық ресурстар:

  1. Микроскоп

  2. Горяев камерасы

  3. 0,02 мл-ге Сали тамшуырлары

  4. Панченков капиллярлары

  5. Скарификатор-инелер

  6. Резеңке баллончиктер

  7. Сағат әйнегі немесе ұясымен заттық әйнек

  8. Шыны таяқшасы

  9. Химиялық сынауықтар

Реактивтер:

  1. 0.9% хлорид натрий ерітіндісі

  2. 3%, 3,5% хлорид натрий ерітіндісі

Басқа пайдаланатын материал:

  1. Медициналық қолғаптар

  2. Қорғаныс көзілдіріктер

  3. Фартук

  4. Стерильды құрғақ тампондар

  5. Тоқымалы емес материалдан жасалған спирт салфеткалары

  6. Зарарсыздандыру ерітінділері

  7. Қалдықтарға арналған ыдыс

  8. Шыны бойынша қарындаш

  9. Талдау бланктері

  10. Талдаулар және олардың нәтижесін тіркеу журналы



Іс-қимыл алгоритмі:

  1. Таза құрғақ сынауыққа еріту сұйықтықтың 4 мл. құйыңыз

  2. Ұяға қанды алыңыз

  3. Ұядан капиллярлы қанның 0,02 м. алыңыз, тамшуырдың жиегін құрғақ тампонмен сүртіңіз

  4. Еріту сұйықтығы бар сынауықтың түбіне қанды үрлеңіз және жақсылап тамшуырды үш рет сұйықтың жоғары қабатына малыңыз. Араластырыңыз

  5. Есеп камераны дайындап, оны толтырыңыз

  6. Камерада торды іздеңіз, бірінші жоғарғы сол үлкен квадратты орнатыңыз (16 кіші квадраттарға бөлінген )

  7. Диагональ бойынша 16 кіші квадраттарға бөлінген 5 үлкен квадратта санауды жасаңыз түсірілген конденсор, 8,10 объективі; 15,10 окуляры кезінде

  8. Квадрат ішінде орналасқан және белгілі желілерде орналасқан – сол және оң эритроциттерді санаңыз, желілердегі бар эритроциттерді екі рет санамау үшін

  9. 1 мкл эритроциттердің санын есептеңіз қанды ерітуге (200), саналған кіші квадраттар санына (80) және бір кіші квадраттың көлеміне (1/4000) байланысты , осыдан 1 мкл. эритроциттер саны тең:

, онда
а – 5 үлкен квадратта саналған эритроциттер саны
Н.р. 5 үлкен квадратта 390 эритроцит. 1мкл-да
эритроциттер саны құрайды: 390×10 000= 3 900 000
10.Эритроциттер құрамын 1л.-да есептеңіз , бұл үшін эритроциттер санын миллионда 3,9 1012 көбейтеңіз , нақтырақ 1 л-да эритроциттер = 3,91012
11. Талдау бланкін жазып беріңіз
12.Талдауды нормамен салыстырып, бағалаңыз
Нормасы: әйелдерде – 3, 7 – 4,7·1012л.; ерлерде – 4.0 – 5,1·1012л.
13.Зерттеуді түсіндіріңіз
Эритроциттер құрамының төмендеуі анемияның зертханалық критерийлерінің бірі болып табылады.
Қанда эритроциттердің арта түсуі– эритроцитоз – көп себептерден бола алады. Маңызды эритроцитоз эритремияның зертханалық белгілерінің ішінен ең маңыздысы болып табылады.
Екінші қайтара эритроцитоз әр түрлі ауруларға тән бола алады: өкпенің созылмалы бітелу ауруы, жүректің туа біткен кемістігі, алғашқы өкпе гипертензия, гипернефроидты обыр, гепатома.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет