Клиникалық зертханалық зерттеу әдістері пәнінен Іс-дағдылар стандарттары Мамандық



бет38/111
Дата20.06.2022
өлшемі0,61 Mb.
#37108
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   111
Байланысты:
стандарттар

Материалдық ресурстар:

  1. Скарификатор-инелер

  2. Заттық әйнек

  3. Сүртінділерді тарту үшін тегістеу шыны

Басқа пайдаланатын материал:

  1. Медициналық қолғаптар

  2. Қорғаныс көзілдіріктер

  3. Фартук

  4. Стерильды құрғақ тампондар

  5. Тоқымалы емес материалдан жасалған спирт салфеткалары

  6. Зарарсыздандыру ерітінділері

  7. Қалдықтарға арналған ыдыс

  8. Шыны бойынша қарындаш

  9. Графит қарындашы

Іс-қимыл алгоритмі:

  1. Таза майы алынған заттық әйнекті дайындаңыз

  2. Тесуден кейін стерильды мақта тампонымен бірінші тамшыны алып тастаңыз

  3. Дайындалған заттық әйнекпен әйнек жиегінен 1-1,5 см қашықтықта келесі тамшының күмбезіне тиіңіз

  4. Заттық әйнекті үстелге тамшысымен жоғарыға қойыңыз, тамшының көлемі 2-3 мм. болу керек.

  5. Қан тамшысы үстінде және оң жағынан болу үшін бір жағынан 1 саусақ және басқа жағынан 2 және 3 саусақ арасына сол қолға заттық әйнекті алыңыз

  6. Тегістеу шыныны 450 бұрышпен тамшы алдында орнатыңыз, оны он қолдың 1-ші және 2-ші саусағымен ұстап, саусақ ұштары тегістеу шынының ұзын қырларына тию үшін

  7. Шыныны оңға қарай қан тамшысына тигеніне дейін жылжытыңыз, шынылар арасында қанның таралуына жету үшін

  8. Шынылар арасында барлық қанды таратыңыз

  9. Тегістеу шыныны сол жаққа тез, абайлап және баспай, қан тамшысы біткеніне дейін жылжытыңыз

  10. Дайындаған сүртіндіні ауада кептіріңіз, одан кейін оның сыртында сүртінді басына жақынырақ графит қарындашпен науқастың тегін жазыңыз

Ескерту:
Дұрыс жасалған сүртіндінің бір қалыпты жуандығы, сарғылттау түсі бар , бір нәрсе арқылы көрінеді және жиегінде қылшағымен аяқталған. Сүртінді ¾ аса емес және заттық әйнек ұзындығының ½ кем емес орның алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет