Клиникалық зертханалық зерттеу әдістері пәнінен Іс-дағдылар стандарттары Мамандық



бет45/111
Дата20.06.2022
өлшемі0,61 Mb.
#37108
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   111
ҚАН КЕТУ ҰЗАҚТЫҒЫН АНЫҚТАУ


Мақсат: қан кету ұзақтығын анықтауын меңгеру және орындау
Зерттеу әдісі: Дюке сынамасы. Принципі: сыртқы шағын тамырлардан олардың тұтастылығын скарификатор арқылы бұзғаннан кейін қан кету ұзақтығын анықтайды.
Материалдық ресурстар:

  1. Сүзгі қағаз

  2. Скарификатор-инелер

  3. Секундомер

Басқа пайдаланатын материал:

  1. Медициналық қолғаптар

  2. Қорғаныс көзілдіріктер

  3. Фартук

  4. Стерильды құрғақ тампондар

  5. Тоқымалы емес материалдан жасалған спирт салфеткалары

  6. Зарарсыздандыру ерітінділері

  7. Қалдықтарға арналған ыдыс

  8. Талдау бланктері

  9. Талдаулар және олардың нәтижесін тіркеу журналы

Іс-қимыл алгоритмі:

  1. Аты жоқ саусақтың тырнақ фалангасын тазалаңыз

  2. 3 мм кем емес тереңдікке тесіңіз.

  3. Шапшаң секундомерды қосыңыз

  4. Жараға тимей әр бір 15 секунд ішінде сүзгі қағазбен өзі шыққан қан тамшысын сүртіңіз

  5. Қан шығуы тоқтағанда секундомерды тоқтатыңыз

  6. Талдау бланкін жазып беріңіз

  7. Талдауды нормамен салыстырып, бағалаңыз

Нормасы: 2 – 4 минут.

  1. Зерттеуді түсіндіріңіз

Қан кету уақыты айқын тромбоцитопениялар кезінде, Виллебрант ауруы, тромбогеморрагиялық синдромның ауыр түрлері, арта түскен гепаринотерапия кезінде ұзарады.


РЕТИКУЛОЦИТТЕРДІҢ САНЫН САНАУ


Мақсат: ретикулоциттерді санау үшін сүртінділерді өндеу және қанды алу әдістеменің ерекшеліктерін меңгеру
Зерттеу әдісі: микроскопиялық. Принципі: ретикулоциттердің түйіршікті-тор субстанциясын айқындайтын бояғыштармен суправитальды бояу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет